Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақтың соры болған - Семей ядролық полигоны

Автор:   •  Декабрь 1, 2021  •  Доклад  •  540 Слов (3 Страниц)  •  307 Просмотры

Страница 1 из 3

Қазақтың соры болған – Семей ядролық полигоны

Қазақ елінің тәуелсіздік алғанына міне биыл 30 жыл толып отыр. Бұл Қазақ елінің ең басты қуанышы. Сонымен қатар елімізге көптеген ауыртпашылықтар түсірген, маңдай термен келген жерімізді құртқан және ластаған, қаншама адамды жылатқан, мүгедек қылған ұмытылмас оқиғаның да аяқталғанына 30 жыл. Бұл қасіретті оқиға әрине – Семей ядролық полигоны.  

Семей полигоны – ядролық жарылыстарды сынақтан өткізу үшін арналған арнайы сынақ алаңы. Полигонды КСРО Қорғаныс министірлігі және Атом өнеркәсібі министірлігінің бұйрығымен Қазақ жерінде 1946 жылы 14 қарашадан бастап салына бастады. Сынақ алаңы Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды және Павлодар облыстарының біріккен жерінде салынды, 18500 шаршы шақырым аумақты алды. Полигонда жалпы 456 ядролық сынақ жүргізілді. 116 атмосфералық және 340 жерасты жарылыстары болды. Маңызды жарылыстарды айтып өтетін болсақ: Семей полигонында ең алғашқы жарылыс 1949 жылы 29 тамызда таңның салқын самалымен сағат 7:00-де Абай және Абыралы ауданында кенеттен ешкімге ескертілместен үлкен, ауыр жарылыс болды. Жарылыстың қуаттылығы – 22 килотонна. Атом бомбасы – «РДС-1» деп аталды. Игорь Курчатов кенеттен басталған сынақтан бастап 1955 жылға дейінгі сынақтарға жетекшілік етті.

      1951 жылдың 18 қазанында ядролық авиабомбаны тастау арқылы алғашқы сынақ жүргізілді. 1953 жылы 12 тамызда КСРО бойынша ең қуатты жерүсті ядролық жарылыс жасалды. Бұл сынақта сутек бомбасы алғаш сыналды. Жарылысың тротилдік эквиваленті – 400 килотонна. 1953 жылы 23 тамызда қуаты 28 килотонна болатын тактикалық атом бомбасы алғаш рет сынақтан өткізілді. 1955 жылдың 22 қарашасында қуаты 1600 килотонна болатын екі сатылы термоядролық әуе жарылысы болды. Жетекшілері – Андрей Сахаров және Юрий Харитон. 1965 жылдың 15 қаңтарында Шаған және Ащысу өзендерінің қосылған жерінде жасанды су қоймасын жасау үшін арнайы өнеркәсіптік жарылыс өтті. 1989 жылы 19 қазанда Семей ядролық сынақ полигонында көптен күткен соңғы жарылыс орын алды.

...

Скачать:   txt (6.8 Kb)   pdf (67.6 Kb)   docx (8.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club