Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақтар Ресейден

Автор:   •  Сентябрь 20, 2021  •  Реферат  •  391 Слов (2 Страниц)  •  314 Просмотры

Страница 1 из 2

    Саламатсыздар ма , әділқазылар, қарсылас топ, тайм кипер, қонақтар! Мен Алаш тобының 1-спикері

    Біз Алаш тобы қазақ халқының Ресей империясының құрамына кіруінің пайдасы көзқарасымен келіспейміз. Біздің оған келесідей аргументтеріміз бар,

1-дәлел: Қазақтар Ресейден көмек сұраған кезде, Ресей үкіметі қазақ халқын ел деп санамайды , яғни қазақтардан келген хаттарға , елшілерге ештеңе демейді, нақты айтқанда қазақтарға мүлдем назар аудармайды.

Оларға назар аудармаған елдің көңілін аудару үшін Әбілқайыр Ресейге өзінің елшілерін аттандырып, бодан болғымыз келеді деп хат жібертеді. Қазақтың жеріне көз тігіп отырған Ресей  әрине тез арада жауап қатады.Және сол бойда Әбілқайыр өзінің жанындағы 29 старшындармен Ырғыз бен Тобыл аралығында ант қабылдағанын бәріміз білеміз.

   Негізінен Ресеймен қарым-қатынас орнатқаннан кейін  Әбілқайырдың мақсаты қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жеріне шабуылдауын тоқтату; Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу ; Жайықтың төменгі ағысы, Есіл,Ертіс ,Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау еді. Және ең маңыздысы жоңғарларға  қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату болатын. Бағана айтып кеткенімдей олар қазақтарды елеген жоқ,содан Ресейге бодан болу тығырықтан шығарар жол деп тапты да,  бодан болу арқылы Әбілқайыр мақсаттарымды жүзеге асырамын деп ойлады.

  Бірақ осы мақсатпен кірген қазақтың үміті ақталды ма? Ақталған жоқ ,оған дәлелім  Ресей қазақтардың аз ғана бөлігін құрамына алғанымен, тез арада бекіністер салып бастап, жай жайлап жерлерін тартып ала бастады.Бұны сол кезде ел Ресейдің жерді тартып алу саясаты екенін білген жоқ. Ел басына жау шапқан кезде қазақ жерін жоңғарлардан босататын күш тек қазақтардың өздері болатынын 1734 жылдан Орта жүздің ханы болған Әбілмәмбет те, ықпалды сұлтан Абылай да түсінді.  

2-дәлел.

Қалмақтардың  ханы Аюкенің  Ресей алдында  беделі өсе түсті.Өйткені ол I Петрдің тапсырмасымен Ресейдің оңтүстік-шығыс шептерін көршілес көшпелі халықтардың шапқыншылығынан қорғайтын ресми тұлғаға айналды. Сөзімді нақтыласам Ресей қалмақтардың қазақтарды және сол секілді көрші тайпаларды жаулауы кезінде оларға әскери көмек көрсетті. Ресейдің Қазақтарға осы шапқыншылық кезінде көмек көрсетуі сөз жүзінде ғана еді, іс жүзінде мүлде өзге істер жасады. Ресей қалмақтарға соғысқа қажет такттерді , қару-жарақтарды  сатты, ол соғыс кезіндеәсіресе  ат үстіне  күрескен  қазақтарды жеңуге таптырмас құрал еді.  I Петр өзі айтқан ’’ Барлық Азия үшін Орда-кілт пен қақпа , сондықтан Орда Ресейге тәуелді болуы керек” деген сөзін іске асыру жолына түсті. Сол себепті де қазақтарға жау секілді қарап, көмектеспек ойлары да болмады. Сонымен қоса Қазақтармен етене жақын башқұртардың өзін айдап салып отырды.  Бұны барлығы көксеген жерді алудағы мақсат еді.

...

Скачать:   txt (5 Kb)   pdf (68.6 Kb)   docx (8.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club