Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның көшпелілік мәдениеті-қазақ халқының мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретінде

Автор:   •  Сентябрь 6, 2020  •  Эссе  •  468 Слов (2 Страниц)  •  5,435 Просмотры

Страница 1 из 2

Эссе

Қазақстанның көшпелілік мәдениеті-қазақ халқының мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретінде

        Көшпелі қазақ халқының тарихы сонау кезеңдерде жатыр. Көшпенлілік өмір бірден пайда болмады. Оның астарында ұзақ уақыттарға созылған революция жатыр.Соның барысында көшпелі өмір туралы алғашқы кезеңдерде отырықшы  Тарихтың атасы болып саналатын Б.з.д V ғ. өмір сүрген  Геродот ертедегі көшпелі скиф халықтарының  өмірін мадақтап жазған болатын. Көшпелілердің табиғат аясымен байланыса өрбіген өмірін басқа да антика дәуірінің ойшылдары,философтары, орта ғасырдың ойшылдары да  сараптаған еді. Оларға көшпелі халықтардың өмірі таза, қулық-сұмдықтан, отырықшы-қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен мүлдем жат болып көрінді.

    Көшпелілердің рухани  мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік іс-әрекетінің, тұрмыс-жағдайының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір Батыс елінің зерттеушілері Рацель, Гумплювич, Торнвальд, Тойнби деген ғалымдар: «Көшпелі халықтарды өз беттерінше мәдени құндылықтарды жасауға қабілетсіз, олар тек өздері басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Оларға отырықшы халықтардың мәдениеті өгей мәдениет болып қала береді»,-дейді.  Ал шын мәнінде бұл-мүлдем қате пікір. Негізінде көшпелі халықтар өз тұрмыс-әрекеті мен жағдайына лайықты мәдениеттерді қалыптастырып отырған.  Бұл материалдық мәдениет олардың көшіп-қонып жүрулеріне ыңғайланып жасалынған. Біз көшпелі мәдениет үлгілеріне –жиналмалы, жығып-тігуі оңай әрі жеңіл күйіз үйді, ер-тұрман,ат әбзелдерін және де теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа  да өзге тұрмыстық заттарды жатқызамыз. Көшпелі халықтардың рухани мәдениеті тіптен бай. Олар айналысатын  мал шаруашылығы-егіншілікке қарағанда бұқара халықтың барлығы қамтыла бермейтін, қамтылғанның өзінде бұл шаруашылықпен айналысатын халықтың бос уақыты мол болатын шаруашылық түрі. Әрі көшпелі халық отырықшы халыққа қарағанда табиғатқа тым жақын. Олардың табиғатқа негізделген дүниетаным,ақындылық, қиялшылдық, нақтылай келгенде шығармашылықпен ойлау жүйесі керемет дамыған. Бұл дегеніміз «Отырықшы халықта бұл жүйе қалыптаспады » деген ойда болмауымыз керек. Тек бұл мәдениетке жетелер қасиеттердің пайда болуына, жүзеге асып, отырықшыларға жетуіне көшпелі өмір обьективті түрде негіз бола отырып жағдай туғызды.

...

Скачать:   txt (6.7 Kb)   pdf (59.7 Kb)   docx (8.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club