Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қ. А. Яссауидiн енбегiнiн манызы

Автор:   •  Декабрь 16, 2021  •  Реферат  •  429 Слов (2 Страниц)  •  238 Просмотры

Страница 1 из 2

                                Қ.А.ЯССАУИДІҢ  ЕҢБЕГІНІҢ  МАҢЫЗЫ.

Қожа Ахмет Яссауи сынды Ұлы тұлғаның түркі халықтары тарихы мен мәдениетіндегі орны ерекше. Бірақ-та оның есімі түркі халықтарының жадынан ерекше орын алады деген сұраққа әлі ешкім жартымды жауап бере алған жоқ. Неге? Себебі Қожа Ахмет дәуірінен кейінгі 800 жыл халық жадындағы көптеген мәліметтерді шайып кетті. Ал, жазба деректер болса, жоқ. Тек, “Диуани Хикмет” қана қалған.
«Диуани хикмет» еңбегі және оның мазмұн-мағынасы, түркі халықтарына соның ішінде қазақ халқына оның ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты тұстары туралы көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің бүгінге дейін жинақталған деректер бар.
Ақын өз кітабын қыпшақ даласы мен Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен түрлі хадис, тәфсирлердің күрделі қағидаларын жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік береді. «Диуани хикмет» – көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды болып келеді.
 Бұл кітап түркі тілдес халықтардың ХІІ ғасырдан сақталған әдеби жәдігерліктерінің бірі саналады. Бұл өлеңдер жинағының алғашқы түпнұсқасы өкінішке орай  сақталмаған. Ең ескі нұсқасы ХV ғасырдың орта кезінде араб емлесімен көшірілген болатын.
«
Даналық кітабы» Қазан (1887 және 1901ж.), Стамбул (1901 ж.), Ташкент (1902 және 1911 жж.) баспаларынан бірнеше рет жеке-жеке кітап болып басылып шығады. Ахмет Яссауи өлеңдер жинағының ең толық нұсқасы Қазан басылымы болып табылады. Мұнда 149 хикмет берілген. Соның 109 хикметі Яссауидің өзінікі екені нақты. Қалғандары шәкірттері тарапынан жазылып, жинаққа еніп кеткен жыр жолдары болса керек.
Белгілі орыс ғалымдары А. Н. Самойлович, Е. Э. Бертельс, А.К. Боровков, Г.Ф. Благова, т.б. Ахмет Яссауи жырларын зерттей келіп, кезінде оны жоғары бағалады, әрі ақынның өзінен кейінгі сөз зергерлеріне тигізген әсері зор болғанын ерекше атап көрсеткен. Ахмет Яссауи поэзиясын зерттеу ісіне Э.Р. Рустамов, Н.М.Малаев, В.И.Зохидов сияқты өзбек ғалымдары да едәуір үлес қосқан. «Диуани хикметті» қазақ тіліне аударма жасағандар М. Жармұхамедұлы, М. Шафиги, Е. Дүйсенбайұлы, С. Дәуітұлы.
«Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш деуге болады. Қожа Ахмет Йасауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі – мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Даналық кітабы» адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады.

...

Скачать:   txt (5.9 Kb)   pdf (94.7 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club