Криминалистикалык одорология және онын кылмыстарды ашу мен тершеудегi манызы
Автор: amangulova1997 • Декабрь 10, 2018 • Доклад • 1,659 Слов (7 Страниц) • 2,179 Просмотры
КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ОДОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЛМЫСТАРДЫ АШУ МЕН ТЕРГЕУДЕГІ МАҢЫЗЫ
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жылдары ішінде криминалистиканы жете дамытып келеді. Яғни, бҥгінгі біздің зерттеп отырған тақырыбымыз крималистикалық одорология және оның қылмыстарды ашу мен тергеудегі маңызы болып табылады. Криминалистика ғылымынан мәлім, криминалистикалық одорология – адамның қалдырылған иісін зерттейтін және қандай да бір иіс шығаратын заттармен қалдырылғанын зерттейтін, қалдырылған иіс іздерін алу мен сақтауды құрайды және осы иіс іздерін кейінгісінде қылмыстық сот ісін жүргуде пайдаланылатын криминалистиканың ерекше әдісі болып табылады.
Криминалистикалық одорологияны иістерді алу, анализ жасау мен тіркеуге байланысты келесідей тҥрлерге бөлеміз: кинологиялық және құрал-жабдықтық (аспапты) ольфактроникалық (латынша-olfactus- иіс) болып бөлінеді. Кинологиялық одорологияда иісі бар заттарды іздейтін арнайы жануарлар танылады. Құрал-жабдықтық (аспапты) ольфактроникалық одорологияда арнайы физика-химиялық арнайы құрал жабдықтар, яғни адамнан бөлініп шыққан арнайы иістерді зерттеу болып табылады. Криминалистикалық одорология көп жылдар бойы ғалымдардың зерттеу объектісі болып табылды. Ежелден мәлім, жан-жануарлар арнайы құрал-жабдықтардан, арнайы, иістерді зерттейтін құрал-саймандарға қарағанда иіс сезу қабілеттері өте мықты, өте сезімтал болып табылады. Осы жан-жануарларға қарап адамзат қазіргі таңда аранайы иісті зерттейтін құрал-жабдықтар (аспаптар) жасап шығарады. Яғни, иттің иіскеу қабілеті қандай мықты болса, сондай мінездемелік жақтарын алып, криминалистикалық аспаптар жасап шығарылуда. Мысал ретінде айтатын болсақ, жан-жануарларды қазіргі таңда, бағалы заттардың жабылған жерлерін іздеуде, газ құбырлары бұзылған кезде-бұзылған жерді табу кезінде атқаратын рөлдері өте маңызды және табу деңгейі 94-98%-ды құрайды. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасында криминалистикалық одорологияның басты мәселесі, ол – арнайы одорологиялық аспаптардың, техникалардың жетіспеушілігінде болып табылады. Яғни, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің, криминалист-мамандардың арнайы сараптама мен тексеріс жҥргізген кезде қызметінің біршама ауырлығы. Мысалы, Америка Құрама Штаттарының әділет министірлігінің жанында құрылған, федералдық тергеу бюросының криминалист-мамандары, сарапшылары қазіргі таңда әлемнің ең мықты криминалист-мамандар қатарында, тіпті арнайы құрал жабдықтарын зерттеп, жасап шығаратын арнайы зертханалары бар. Отандық криминалистикалық одорологияның маңызды мәселелерінің бірі осы болып табылуда. Қазіргі кезде, техника саласында қызмет атқаратын маман-профессорлар құрамы аз. Сондықтан да, Отандық криминалистика саласында жұмыс атқаратын құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қызметі ауыртпаушылықтарға ұшырауда. Криминалистикалық одорологияның тағы да бір маңызды мәселерінің бірі – ол, әлемдік деңгейдегі, халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істейтін асапаптармен жҧмыс атқаратын кадрлар санының жетіспеушілігі. Яғни, барлығымызға мәлім – мұндай заман талабына сай техникамен жұмыс атқаратын кадрларды дайындау үшін аранайы оқу курстары керек болып табылады, осы аталып отырған техникалар шетел мемлекеттерінде жасап шығарылғандықтан шетел оқытушылырының дәріс беріп, үйретуі қажет. Бұл жердегі шешім – ол, шетел мемлекеттерінен ғалым – профессорларды шақырып, біздің криминалист – мамандарға арнайы білім беруі арқылы көрініс табуы керек деген ойдамыз. Ұлыбритания королдігінде маман-криминалисттерді, құқық қорғау қызметкерлерін міндетті тҥрде заңда көзделген мерзімдерде арнайы криминалистикалық ғылыми-зерттеуші институттарда білім беріп, қазіргі заманда шығып жатқан ғылыми-техникалық құралдармен жұмыс істеуді үйретіп, тәжірибесін молықтырып отырады. Ең алғашында қылмыспен күрес жҥргізу үшін иттерді қолдануды 1896 жылы австриялық криминалист Ганс Гросс ұсынған болатын, яғни Гильдесгеймде полициялық қызметті жҥзеге асыратын арнайы үйретілген 12 ит болды. Иттің иіскеу қабілеттілігі адаммен салыстарғанда 800000 есе ӛткір болып табылады.
...