Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тұтықпа тiл кемшiлiгiн түзетуде логопедиялык жұмыстын манызы

Автор:   •  Октябрь 6, 2022  •  Статья  •  1,120 Слов (5 Страниц)  •  256 Просмотры

Страница 1 из 5

ӘОЖ 37.048

ТҰТЫҚПА ТІЛ КЕМШІЛІГІН ТҮЗЕТУДЕ ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҢЫЗЫ

Бекмұрат Айдос Тамдыбекұлы

Болашақ университететінің

Педагогика, дефектология кафедрасының

оқытушысы, п.ғ.м.

Қызылорда қаласы

Өсер Шұғыла Нұркенқызы

Болашақ университетінің

Дефектология мамандығының

3 курс студенті

Қызылорда қаласы

Түйіндеме: Тұтықпа балаларда жиі кездесетін, күрделі және ұзақ уақыт коррекция жүргізілетін сөйлеу бұзылыстарының бірі болып табылады. Ол күрделі симптомокомплекспен және көптеген жағдайларда түзетудің жоғары емес тиімділігімен сипатталады. Сөйлеудің неғұрлым белсенді қалыптасу кезеңінде (2-6 жас) пайда бола отырып, баланың коммуникативтік мүмкіндіктерін шектейді, тұлғаның қалыптасуын бұрмалайды, әлеуметтік бейімделуді қиындатады. Мақалада тұтықпаның жөнінде ақпарат бере отырып, оны түзету кезінде логопедиялық жұмыстың маңыздылығы жөнінде жан-жақты талқыланған.

Тірек сөздер: Тұтықпа, тұтықпаның этиологиясы, логопедиялық жұмыс, түзету

Summary: stuttering is one of the most common speech disorders in children, in which complex and long-term correction is performed. It is characterized by a symptom complex and, in many cases, low efficiency of сorrection. Appearing at the stage of more active speech formation (2-6 years), it limits the child's communicative capabilities, distorts the formation of personality and complicates social adaptation. The article discusses in detail the importance of speech therapy work in its correction, providing information about the blockage.

Keywords: Stuttering, etiology of stuttering, speech therapy, correction

Тұтықпа тіл кемшілігі адам баласының сөйлеу қабілеті дамыған заманнан бері белгілі. Және тұтықпа әлемдегі кең таралған сөйлеу бұзылыстарының біріне жатады. Әдетте тұтықпа ерте балалық шақта пайда болады және уақытылы дер кезінде қажетті көмек болмаған сәтте ұзақ жылдар бойы жардап шегуі мүмкін пайда болады. Тұтықпа сөйлеудің ритмикасы мен бірқалыпты сөйлей білу қабілетінің бұзылуы, яғни, сөйлеу барысында кенеттен кідіріс жасуы я болмаса сөз не буында ұзартып айтудан және де жекелеген дыбыстар мен буындарды қайтадан қайталануымен байқалады. Мұндай сөйлеу кезіндегі тоқтаулар мен қайталаулар сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің құрысуынан, дыбыстың бұзылуымен, дыбыс шығару жолының өзгеруімен: дыбыстың биіктігі мен күшімен және сөйлеу темпінің бұзылысымен пайда болады. Бұдан басқа, сөзді жетгізу әдісі, мимиканың, артикуляцияның өзгерістерінен де болады.

Тұтығып ойың толық жетгізе алмау тұрақты түрде немесе кенеттен пайда болып, уақытша ғана болады, әсіресе, жиі тұтығу ең жауапты сәттер мен "қиын" жағдайларда байқалады.

Тұтықпаның ең анық белгісі – ауызша сөйлеу кезінде сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тыртысуы. Сөйлеу аппаратының тыртысу тек сөйлеу барасында немесе сөйлей бастағанда көрінеді [1, 70б.]. Тыртысу маңызды болатын екі жағдайда көрсетіледі: клоникалық және тоникалық, сонымен қатар, кейбір сәттерде біріккен түрге де ие болады.

Тұтықпаның көріністері бойынша оны біркелкі бұзылулар деуге келмейді. Ол тек сөйлеу функциясына қатысты деп ойлау қате тұжырымдар. Тұтықпа көріністерінде тұтығушылардың жүйке жүйесінің бұзылуы, физиологиялық жағдайы, жалпы және сөйлеу моторикасының халы, сөйлеу формасы, психологиялық даралығының мән беріледі.

                  [pic 1]

         1-сурет. Тұтықпаның адамның организмімен қатынасы

Жинақтай келе, тұтықпаны түзету барысында толығымен тұтығушының сөзіне ғана емес, оның жеке тұлғалық қасиеті мен жалпы, сөйлеу моторикасына, жүйке жүйесінің халіне және жалпы денсаулығына да толық қанды оң нәтижелі әсер ету керек. Тұтығушының организміне, сөйлеу қабілетіне және тұлғалық даралығына жекелей жан-жақты әр түрлі жолдармен тиянақты жұмыстар арқылы емдеуді тұтықпаны жоюды кешенді медициналық -педагогикалық тәсіл деп аталады.

...

Скачать:   txt (15.3 Kb)   pdf (170.5 Kb)   docx (87 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club