Яссауи мұрасының түркі елінде насихатталуы
Автор: 87479901781 • Март 24, 2023 • Эссе • 673 Слов (3 Страниц) • 367 Просмотры
№10 жалпы орта мектеп
10 «Ә» сынып оқушысы
Маулен Айзере
Яссауи мұрасының түркі елінде насихатталуы
Қожа Ахмет Яссауи түркі еліне ортақ тұлға. Сопылық ілімнің негізін қалаушы, ислам дінімен ұштасқан «Аллаға деген махаббат» туралы философиялық білімді тұжырымдаушы. Яссауи әлемдік жауһарлардың бірі.
Яссауи мұралары өте көп. Ұстаз мұралары халық арасында кеңінен таралды және түркі халықтарының дүниетанымы негізінде қалыптасты. Сол мұрасы – «Диуани хикмет».
«Диуани хикмет» (Ақыл кітабы) – Қожа Ахмет Яссауидің сопылық идеясын жыр еткен эпикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы. Қожа Ахмет Яссауи «Диуани хикмет» кітабын Орталық Азия түркілері мен қыпшақ даласы кезінде түсінікті шағатай тілінде жазған. Бұл кітаптың құндылығы мен берер білімі өте терең мағыналы. Бұл кітаптың мазмұнына терең бойлайтын оқырмандарына араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен түрлі хадис, тәпсірлердің күрделі қағидаларын жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді. Бұл кітаптан адам іздеген сұрақтарына жауап ала алады. Шешілмеген түйіннің шешімін таба алар. Ал басқа кітапты оқыса жүрегіне неліктен құштарлық оянбайды? Сонда бұл кітаптың басқа кітаптардан ерекшелігі неде? Жай ғана мұқабасында да ма деген сияқты ойлар маза бермейді.
Мен санамдағы бұл сұрақтардың шешімін «Диуани хикмет» кітабынан таптым. Барлық жүректің сырлары осы асыл мұрада екен. Мен осылай көп ойлана келе, үлкен бір өміріме сабақ болар түйін түйдім. Ол мынадай еді. «Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш. Қ.А.Яссауи әрбір адамның қадір қасиетін, өмірде орын алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындғы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе керісінше болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген тұжырым жасайды.
...