Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түркі ойшылдары мен ғалымдары еңбектернің Қазақстанда зерттелінуі

Автор:   •  Март 13, 2019  •  Реферат  •  1,736 Слов (7 Страниц)  •  1,237 Просмотры

Страница 1 из 7

Абылай хан атындағы Халыаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

                                  СӨЖ

Тақырыбы: Түркі ойшылдары мен ғалымдары еңбектернің Қазақстанда   зерттелінуі.                          

(Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясссауи, Ж.Баласағүни, М.Қашқари,     М.Х.Дулати.)

     

                                                                        Орындаған:Сәндібекқызы Әсем

                                                                                    Тексерген:Жузтаева Б.Н

Алматы

2019

Жоспар:

1. Кіріспе.

2. Ұлы даналардың өмірбаяны.

3. Ойшыл ғұламалардың еңбектері.

4. Түрік ойшылдары мен ғылымдарының еңбектерінің зерттелуі.

5. Қорытынды.


                                          КІРІСПЕ

Ғалымдар Қайта өрлеу дәуірін Ренессанс деп атайды, өйткені бұл кезеңде антикалық дәстүрлер қайта жаңғырып, ғылым мен мәдениетте, әдебиетте өрлеу, өркендеу байқалды. Ренессанстың алғашқы ғалымдары мен жазушылары,философтар түркі ойшылдары еді. Еліміздің сан-ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге ортағасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиетті парыздары болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырын рухани мұралар көптеп саналады. Қазақ халқының осы өзіндік дүниетанымдық, сана-сенімдік көз қарастары түрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген ұлы ойшылдар мен жыршы-жыраулардың, ағартушы-қоғам қайраткерлерінің шығармашылық еңбектерінде көрініс алады. Ортағасырлық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары- Әбу Насыр Әл-Фараби, Жүсіп Баласағүни, Қожа Ахмет Яссауи, Махмұд Қашқари, Қадырғали Жалайыри,Мұхаммед Хайдар Дулати қазақ жерін әлемге мәшһүр етті. Егер, Әбу Насыр Әл-Фараби қоғам дамуының, әлеуметттік өмірдің, этикалық қасиеттердің көптеген мәселелеріне тоқталып, «мәртебелі мемлекеттің болуы, ондағы халықтың бақытты, алаңсыз өмір-сүруі ел басшысына байланысты,... жан-жақты білімі бар, әділ, инабатты,мейірімді, жақсылыққа жаны құмар, жамандықтан жаны жиренетін, жұртымен санаса білетін адам ел басқарса, халықтың қадір-қасиеті артады, хал жағдайы жақсы болып, көсегесі көгереді», деп ой түйіндесе, Жүсіп Баласағұнның қазіргі ұрпаққа жеткен «Құтты білік» шығармасында қарапайым халықтан бастап түрлі дәрежедегі әлеуметтік топтардың, түрлі кәсіп иелерінің, мінез-құлық нормаларының, қоғамда орын алатындардың қандай болу керектігіне тоқталады. Бұл дастаны – саяси және ғибрат, өсиет, ақыл ретінде имандылыққа үндейтін, тәлім тәрбие берерлік дидактикалық, тағылымдық туынды. Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік рухында, тәлім тәрбиелік, ғибраттық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде жазылған педагогикалық, психологиялық, философиялық тұрғыдағы көркем туынды. Түркі ғалымдарының дамуға қосқан үлесі өте көп. Ең алдымен, ортағасырлық түркі ойшылдары мен ғалымдарының өмірбаянына көз жүгіртейік.

                           

                                     Ұлы даналардың өмірбаяны.

Әбу Насыр әл-Фараби- шығыстың ғұлама ойшылы. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Ол- ғұлама ғалым, данышпан, ойшыл, аса білімді тарихи тұлға. Көне заманда Сырдарияның Оңтүстік жағалауында, бүгінгі Оңтүстік Қазақстан облысының жерінде түркілердің Отырар деген қаласы болған. Арабтар оны Фараб деп атаған. Міне, осы қалада 870 жылы Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келген. Әйгілі тарихшы Махмұд Қашқари өзінің еңбектерінде Фараб қаласы «Қарашоқы» деп келтірді.

...

Скачать:   txt (20.6 Kb)   pdf (225.3 Kb)   docx (15.3 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club