Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

5 ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары

Автор:   •  Сентябрь 28, 2021  •  Реферат  •  2,223 Слов (9 Страниц)  •  1,403 Просмотры

Страница 1 из 9

5 ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік

реформалардың қайшылықтары мен зардаптары

1 Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның әлеуметтікэкономикалық және саяси-қоғамдық жағдай (1946-1965 жж)

2 Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі Хрущевтің реформасы,

оның тиянақсыздығы. Тың игерудің экологиялық және әлеуметтікдемографиялық зардаптары

3 Саяси және рухани «тоқырау». Қазақстанда әлеуметтік экономикалық

жағдай және дағдарыстың тереңдеуі (1965-1985 жж)

Дәрістің мақсаты: Соғыстан кейінгі Қазақстанның әл-ауқаты,

қоғамдық жағдайына талдау жасап, әскери-казармалық басқару жүйенің

ерекшелігін зерделеу. «Жеке басқа табынушылық» пен «жылымық»

жылдарындағы қоғамдық – саяси өзгерістердің Қазақстандағы қасіретін

ашып, ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы экономикалық реформалардың

сәтсіздігі, халық шаруашылық құлдырау жағдайларына талдау жасау.

Дәрістің мазмұны: Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы әміршіләкімшіл сипаттағы басқару мен «кеңестік цензураның» өршуі, оның

зардаптары қаралып, Н.С. Хрущев «жылымығы» тұсындағы реформалардың

сипаты қарастырылады. 1960 жылдардың ортасында басталып, аяқсыз

қалған реформалар соңы тоқырау жылдарына ұласқаны баяндалады.

1. Соғыстан кейінгі Қазақстанның халық шаруашылығындағы негізгі

проблемалар бүлінген шаруашылықты қалпына келтіру болды. Кеңестік

басшылар, соғыстан кейінгі жылдары тәжірибеден өткен қатаң орталыққа

бағындырылған социалистік экономиканы басқарудың әдісін негізге алып,

оның идеологиялық сипатын күшейте түсті. Басты бағыттары ауыр өнеркәсіп

ішінде әскери өнеркәсіптік кешенді дамыту; одақтық республикалар

экономикасын орталықтан басқаруды күшейту; еңбеккерлерге еңбек етудің

барынша мәжбүрлеу әдістерін қолдану.

Соғыстан кейінгі алғашқы 1946 жыл – кеңестік ауыл шаруашылығы

үшін тосыннан болған қуаңшылықтың салдарынан апатты жағдайда болды.

Оған соғыстың ауыр зардаптары келіп қосылып, Молдавия, Украина,

Ресейдің орталық бөлігіндегі қаратопырақты аудандарында, Төменгі

Поволжьеде және т.б. аудандарда аштық орын алды. Осыған байланысты

Қазақстан, астықты өлке болмаса да, сол жылғы жиналған астықтың 56%

мемлекетке тапсыруға мәжбүр болды. 1950 жылы, 1946 жылмен

салыстырғанда Қазақстандағы егістік көлемі 1 млн 173 000 га. артты. Бірақ

астық өндіру сапасының төмендігінен, 1953 жылы жоспарланған 8 млрд пұт

орнына 5,6 млрд пұт қана астық жиналды. Қалай болғанда да бұлар ашығып

жатқан аудандарға жөнелтілуі керек еді. Алайда, идеологиялық доктрина

жетегіндегі билік басындағылар ел тағдырынан айналып өтіп, әрең жиналған

астықты «халықтық-демократиялық дамушы мемлекеттерге көмек» ретінде

шығыс еуропа елдеріне жөнелтті. Осылайша астық тиелген он мыңдаған

вагондар аштықтан қырылып жатқан украин, молдаван селоларына соқпай,

Болгария, Румыния, Венгрия, ГДР сияқты социалистік жүйені құрастыра

бастаған шығыс Еуропа елдеріне жіберілді.

Соғыстан кейінгі Республиканың мал шаруашылығы да мәз емес еді.

Мәселен, тез өсетін қой малының өзі 1928 жылғы санынан төмендеді. Осыған

қарамастан,

...

Скачать:   txt (32.4 Kb)   pdf (72.1 Kb)   docx (23.3 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club