ХХ ғасырдың басындағы дәстүрлі қазақ шаруалышығының өзгеріске ұшырауы
Автор: Ayan2021 • Ноябрь 7, 2021 • Реферат • 4,339 Слов (18 Страниц) • 687 Просмотры
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырып: ХХ ғасырдың басындағы дәстүрлі қазақ шаруалышығының өзгеріске ұшырауы.
Мамандығы: Электроэнергетика
Орындаған: Балтабай Аян Тобы: ЭЭк 21-14
(Аты-жөні)
Тексерген: Берлібаев Бақдаулет, тарих пәнінің аға оқытушысы.
(Аты-жөні, атағы, қызметі)
_____________ ______________ «_____» ______________2021__ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2021
Кіріспе. ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқы дәстүрлі шаруашылығының күйреуі. ХХ ғасырдың басында қазақ даласында өмір сүру жағдайы айтарлықтай күрделене түсті. Қазақстан Ресей экономикасы үшін шикізат базасы мен өнімін өткізу нарығы және отаршылдық саясат жүргізу аймағына айналды.
Өлкенің экономикасы бастапқыда Ресей империясының, кейіннен оның заңды мұрагері болып табылатын кеңестік биліктің мүддесіне сай құрылды. Қазақ зиялыларының көрнекті өкілі Ахмет Байтұрсынұлы сол кезеңдегі өлкенің шаруашылық отарлануының салдары мен қазақ ауылдары қасіретінің ауқымын сипаттай келе, «Қазақ ұлты өмір сүруінің өзі проблемаға айналды», – деп жазды.
1907 жылы Ресей империясының II Мемлекеттік Думасында қазақ депутаттары жер мәселесінің түбегейлі және әділетті шешімі үшін белсенді түрде әрекет етті. Орал облысының депутаты Б. Қаратаев: «Қырғыздарды (қазақтарды) өздері мекендеген жақсы жерлерінен ғана емес, тұрғын үйлерінен, жылы ұяларынан қуып жатыр», – дегенді айтып, араша түсті.
Ол кезеңде Қазақстан Ресей империясының негізгі малшаруашылық аймағының бірі болды. Отаршылдық биліктің жүгенсіздігі салдарынан жергілікті тұрғындардың шұрайлы жерлері тартып алынып, туған жерлерінен қуылды. Олардың қыстақтары мен шаруашылық құрылыстарын да иемденді. Жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі қатты сезілді. 1917 жылы далалықтар 45 млн десятина шұрайлы жерлерінен айырылды. 1920–1921 жылдары жұттың орын алуына байланысты шаруалардың мал басын аман сақтап қалу мақсатында көктеу мен жайлауға көшу мүмкіндігі де шектелді. Мал басының саны күрт азайды, жергілікті тұрғындардың өмір сүру жағдайы ауыр деңгейге жетті. Оңтүстік облыс аймағының суармалы және шұрайлы жер телімдерінің айтарлықтай бөлігі казактар мен қоныстанушы шаруалардың иелігінде болды. Қоныстанушы шаруалардың қазақ жайылымдарын еркін иемденуі дәстүрлі шаруашылық жүйесін күйретіп қана қоймай, жергілікті тұрғындардың басым бөлігінің кедейленуіне әкелді. Тартып алынған жерлерді қайтадан қарапайым қазақтарға жалға беріп, оған қоса жергілікті тұрғындардан түрлі алым-салықтар жинау дағдыға айналды. Ауқатты орыс шаруалары қарапайым халықты ашық тонап, мал айдайтын өткелдер мен жолдарды пайдаланғаны үшін де қосымша ақы төлеуді талап етті.
Негізгі бөлім.1917 жылдың шілде айында Орынбор қаласында өткен бірінші жалпықазақ съезінде өңірдің барлық облыстарынан жиналған өкілдер қазақ ауылының экономикалық жағдайына қатысты жинақталған мәселелерді шешуге тырысты. Мысалы, осы съездің қаулысында «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша олардың жері ешкімге берілмесін» деген талап көрсетілген. Бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді, яғни дворяндық, монастырлық, гарнизондық, демалыс орындары т.б. кері қайтару талап етілді.
1917 жылдың қараша айында «Қазақ» газетінің беттерінде жарияланған «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасында дала тұрғындарын шұғыл жерге орналастыру мәселесі көтерілді: «Жер үлесі алдымен жергілікті халыққа бөлінетін болады; қырғыздар (қазақтар) тұрғылықты орнынан жер үлесін алып, жайғаспайынша, қоныс аударушы шаруалар көшіп келмеуі тиіс». Жерді сатып алу – сату шарасының жүргізілуі барысында қазақтардың өз жерінен айырылыпқалу қаупі туындағандықтан, «Алаш» партиясының бағдарламасында жердің сатылуына қатаң түрде тыйым салу мәселесі көтерілді. Өлкедегі өнеркәсіп пен сауданың жағдайы. ХХ ғасырда Қазақстан Ресей империясының құрамдас бөлігіне айналды. Өлке экономикасы жалпыресейлік шаруашылық жүйесіне тартылып, түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Қазақстанның пайдалы қазбаларының бай кен орындарына отаршыл патшалық биліктің ие болуы өлке экономикасының шикізаттық бағытта дамуын белгіледі. Қазақстан өлкесі Ресей өнеркәсібінің шикізат базасына айналды. Қазақстан аумағынан табиғи байлықтарды көптеп тасып әкету үшін барлық жағдай жасалды.
...