Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ХХ Ғ.Б. Коfамдык жаfдай, саяси-әлеуметтiк мәселелер

Автор:   •  Декабрь 11, 2021  •  Реферат  •  2,756 Слов (12 Страниц)  •  596 Просмотры

Страница 1 из 12

1-модуль. ХХ Ғ.Б. ҚОҒАМДЫҚ ЖАҒДАЙ, САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР

1.1 Кіріспе. Оқу-ағарту ісі. Баспасөз ісі. Көркем әдебиетінің дамуы. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі 1900-1940 жылдар аралығындағы мерзімді қамтиды. Бұл кезең жалпы қазақ әдебиеті тарихындағы ең бір жемісті де түрлі ізденістер мен қайшылықтарға толы кезең болып табылады. Сондықтан да қазақ әдебиеті тарихын оқытудың күрделі мәселелері осы тұсқа жинақталған. Мұның басты үш себебі бар.Біріншіден, жазба әдебиеттің мейлінше өркен жайған дәуірі, екіншіден, әр түрлі әдеби ағымдар мен бағыттардың айқындалған кезеңі, үшіншіден, әдеби жанрлардың әр саласында әдеби-көркемдік ізденістердің белең алған тұсы.  Сондықтан да, осы 1900-1940 жылдар аралығындағы әдеби – көркем шығармалар мен көрнекті ақын – жазушылардың шығармашылығын жан-жақты қарастыру әдебиетімізде бар дәстүрлердің  дамуы мен жаңашылдықтың негіздерін тануға, кейінгі әдебиеттің өркендеуінің жетістіктерін айқындауға, бұрынғы- кейінгі әдебиеттің жетістіктерін терең зерделеуге мүмкіндік туғызады. 1900-1940 жылдар әдебиетінің шартты түрде іштей екі кезеңге бөлуге болады: 1900-1920 жылдар Кеңес дәуіріне дейінгі қазақ әдебиеті, 1920-1940 жылдар Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі. ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттің келелі мәселелеріне арналған зерттеулер 1932 жылғы С. Мұқановтың «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» еңбегінен бері үзбей жүргізіліп келеді. Бұл дәуірді зерттеуге ерекше еңбек етілген: Б. Кенжебаев, Ы. Дүйсенбаев, Ә. Дербісалин, С.Қирабаев,Т.Кәкішев,Р.Нұрғалиев, З.Ғ.Бисенғалиев сынды ғалымдар.

        Россиядағы түрлі демократиялық қоғамдық- әлеуметтік өзгерістер, олардың қазақ даласында көрініс табуы. Европадағы, Россиядағы ілгерішіл ой-идеялардың Қазақ Зиялылары арасында өріс алуы ХІХ ғасырдан бастау алған ағартушылық-демократтық идеялардың (Ш. Уәлиханов, Абай, Ы. Алтынсарин) ХХ ғвсырдағы қазақ сахарасына кеңінен қанат жаюы. Отаршылдыққа қарсы күрес идеясының қазақ зиялыларының  басты ұстанымына айналуы, қазақ зиялыларының әр түрлі саяси топтарының пайда болуы. Олардың арасындағы ой-идея бірлігі мен алшақтықтары. Бірнші империалистік соғыс және қазақ даласындағы 1916 жылғы уақиғалар. Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі, оған қатысты қазақ зиялыларының көзқарастары. Қазақ зиялыларының Қазан төңкерісіне дейінгі идеялық-саяси көзқарастарындағы басты міндеттер. Олардың мәнділігі мен маңыздылығы. ХХ ғ.б. Қазақстандағы оқу-ағарту мәселелері. Орыс – қазақ мектептерімен қатар мұсылманша оқытудың дұрыс жолға қойыла бастауы. Бұрынғы «қадымша» оқудан «жадидше» оқуға бетбұрыстың белең алуы. «Жадид» әдісінің жетістіктері. Қазақ жастарын оқыту, мектеп мәселелері жөніндегі А. Байтұрсынов ой-пікірлері. Оның жаңа әдіс «төте оқу» жөніндегі ғылыми –педагокикалық ой –түйіндері.Қазақ алфавитінің өзіндік  жүйесін жасауы. ХХ ғ.б. кітап басу ісінің жандануы. Жаңашыл сипаттағы, замананың өзекті мәселелерін арқау еткен өміршең туындылардың жарық көруі. Кітаптар, баспалар, шығарушылар мен авторларға мінездемелер. Әдеби тілдің қалыптасуы барысындағы ой-пікірлер тартыс. Тіл шұбарлануына қарсы күрес. ХХ ғ.б. қазақ әдебиетінің дамуына әсер еткен орыс, Европа әдебиеті классиктерірің (Пушкин, Крылов, Лермонтов, Толстой, Байрон, Гете, т.б.) шығармаларының қазақ тіліне аударылуы, таратылуы. Аудармалардағы жетістіктер мен кемшіліктердің қысқаша сипаттамасы. Шығыс әдебиетінің (араб, парсы т.б.) қазақ әдебитіне әсері. Қиссашыл ақындардың (А. Сабалұлы, Ж. Шайхысламұлы, Ш. Жәңгіров, т.б.) әдебиетке қосқан үлесі. 1909 жылы Петербургта, Уфада басылып шыққан Абай, Ахмет, Міржақып жинақтарының қазақ әдебиеті өзгеше өріс ашуының мәні мен маңызы.

        ХХ ғ.б. қазақ әдебиеті дамуының екі кезеңге бөлінуінің себептері. Әр кезеңнің өзіндік сипаты. Кеңес дәуіріндегі әдебиет дамуының алғашқы кезеңі. Бұл дәуірдегі әдеби шығармашылықтың өзгеше үрдісте дамуы. Жаңа жанрлардың пайда болуы, өркендеуі. Алғашқы табыстар. Қазақстан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы. Қазақ ақын-жазушыларының Орынбор, Ташкент сияқты орталық қалаларға топтасуы. Олардың арасындағы саяси-әлеуметтік көзқарастарының қайшылықтары. «Сарыарқа», «Абай», «Ақжол», «Шолпан», т.б. басылымдардағы әдеби ой-пікірлер көрінісі. Ұлт азаттығын жырлау жолының күрделенуі, өмірді саяси идеологиядан тыс алып суреттеудің қиындығы. С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев шығармаларындағы дәуір шындығын шыншылдықпен суреттеудегі ізденістер. Жиырмасыншы жылдардың бас кезінде ана тілінде мектеп ашу, газет-журналдар шығару, ұлт әдебиетінің өркендету мәселелеріне көңіл бөлінуі. Жиырмасыншы жылдардың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі ізденістер көрінісі. Қазақ әдебиетінің дамуының екі айрық жолға түсуі. Жалпы поэзидағы саяси лирикпның басым болып келуі. Тарихи поэмалар, олардың түрлері, көркемдік-идеялық ерекшеліктері. Көркем прозаның әдебиетіміздің бір үлкен саласы ретінде қалыптасып, бұрынғыдан да сралана түсуі. Драматургия жанрының қалыптасып, дамуы. Драманың жанрлық тұрғыдан баюы. Трагедия, комедия үлгілері. Қазақстандағы саяси-идеологиялық  күрестердің әдебиетке шешуші ықпал жасауы. 1925 жылдан бастап «Жаңа мектеп» (қазіргі «Қазақстан мектебі» ), «Әйел теңдігі» (қазіргі «Қазақстан әйелдері»), 1928 жылдан «Жаңа әдебиет» (кейінгі «Әдебиет майданы», «Әдебиет және искусство», «Жұлдыз») журналдарының шыға бастауы. Оларда әдебиеттің даму жолдары, тарихы, теориясы мен сыны жайындағы мақалалар жариялануы. Әдебиет сынының өріс ала бастауы. Қазақ әдебиетін таптық-идеялық тұрғыдан нығайту жолындағы саяси насихаттың күшеюі. ВКП(б)-ның 1925 жылғы «Партияның көркем әдебиет саласындағы саясаты» қаулысының ұлт әдебиеті мен мәдениетінің дамуына тигізген кесірі. Ұлт қайраткерлерінің қудалануының зардаптары. Жиырмасыншы жылдың аяғы мен отызыншы жылдың аяғындағы саяси репрессияның ұлттық әдебиеттің  өркендеуіне  тигізген кері әсері. Социалистік реализм әдістерінің қазақ әдебиетіндегі алғашқы көріністері. Жиырмасыншы жылдардың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі  кейіпкерлер, олардың әлеуметтік сипаты. Бұл жылдардағы шығармалардың идеялық мазмұны мен көркемдік бітімі. Халық ауыз әдебиеті дәстүрлермен байланыс. Жаңа ізденістер. Жиырмасыншы жылдардың алғашқы жартысында қазақ әдебиетіне Ш. Иманбаева, И. Байзақов, А. Тоқмағамбетов, Ж. Сыздықов, Ғ. Малдыбаев, С. Нұржанов сияқты ақын-жазушыладың шығармашылығы. Жамбыл, Нұрпейіс, Кенен, Қайып, Нартай сияқты халық ақындарының жырлары. Халықпоэзиясындағы көркемдік-идеялық ізденістер оның кәсіби қаламгерлерге әсері. ХХ ғасырдағы Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңінің қорытындысы.

...

Скачать:   txt (40.6 Kb)   pdf (118.9 Kb)   docx (17.4 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club