Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алаш кайраткерлерiнiн 1920-1930 жылдардаfы коfамдык-саяси кызметi

Автор:   •  Март 24, 2022  •  Статья  •  1,984 Слов (8 Страниц)  •  167 Просмотры

Страница 1 из 8

                                                           Нұрғали Несіпбай Бекболатұлы,

Әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық Университетінің 4 курс студенті.

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ 1920-1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ

Алаш зиялылары ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында, оқу-ағарту,  қоғамдық-саяси істерде қайраткерлік қызмет атқарғандығы белгілі. Жалпы, Алаш қайраткерлерінің қоғамдық-саяси рөліне қатысты, тәуелсіздік алған жылдардан кейін бірқатар еңбектер жарық көрген болатын. Қазіргі таңда, ұлт көсемдерінің азаттық күресі және оның беймәлім тұстарын тарихи тұрғыдан талдап, оған шынайы баға беру, алаш иядеясын халыққа насихаттау кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Алаш идеясы бойынша, түрлі салада қызмет еткен қайраткерлердің санына қатысты әлі де нақты деректер жоқ. Соңғы жылдардағы зерттеулер нәтижесінде, алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлердің саны жылдан-жылға артып келеді. Мысалы, 2009 жылы жарық көрген «Алаш. Алашорда. Энциклопедиясында» 275 тұлғаның өмір-баяны берілсе [1, 533-536 бб.], 2012 жылғы Алашорда фотоальбомындағы М. Қойгелді пен Б. Мүрсәлім құрастырған тізімде 350 тұлғаның аты-жөні көрсетілген [2, 274-277 бб.]. Ал, Е. Тілешұлы мен Д. Қамзабек құрастырған «Алаш қозғалысы. Энциклопедиялық анықтамалықта», Алаш қозғалысына қатысушы қайраткерлердің саны 940-қа жеткен [3, 439-506 б.] Алаш қайраткерлері, 1921-1922 – 1931-1933 жылдардағы аштық кезінде, көпшілігіне жала жабылып, жер аударылып, ату жазасына кесіліп жатты. Дегенмен, осы кезеңдегі тоталитарлық езгіге қарамастан, ұлт көсемдері қызметін жалғастырып, коммунистік үкіметке қарсы сауатты түрде саяси күресе білді. Сонымен қатар, қазақ жеріндегі оқу-ағарту ісін жалғастырумен болды.

Қазақстан жерінде 1918-1921 жылдардағы азамат соғысы, азық-түлік отрядтары, т.б. себептерден,  1921-1922 жылдары аштық  болды. Бұл ашаршылық, әсіресе Қазақстанның далалық аймақтарында жүрді. 1921 жылы ашаршылық кезінде «Қазақ тілі» газетіндегі Алаш қайраткерлері  айрықша қызмет еткен болатын. Осы уақытта алаш ардақтыларының бірі М. Тұрғанбайұлының  «Қазақ тілі» газетіне 1921 жылғы 12 қыркүйектегі санында   «Ашаршылықпен күресу» мақаласы жарияланған еді. М. Тұрғанбаұлы «Губернияның халқы комиссияның жарлықтарын орындауға заң алдында, азабын біздің қазақ халқы жиірек көрген, көріп те тұрады. 1917-18 жылдары Сырдария, Жетісуда болған аштық осы жылғы Ақтөбеде, Қостанай, Орал, Бөкей губернияларында басына келіп отырған. Аштық қазақ елінің есінен қалмайтын үлкен апаттардан саналады. Осы күндегі ашығып отырған қазақ губерниялары да жалпы Россияның аштарға көмек беретін кіндік комиссия есебіне кіріп отыр. Совет үкіметі адам баласын алаламай жалпы қарайды. Тұқымына тартып кетуді ойламайды. Қазақ елі жалпы ағымға, үлкен көліне сүйеніп іс қылмаса, өз беттерімен үлкен жұмысты басқарып жүре береді деуге болмайды. Бұл сөздің шындығын әр орында тәжірибемен сынап біліп жүрміз. Ендігі ашаршылықтан аман қалған тұрған қазақтың міндеті-аямай жәрдемдерін беру, азаматтары комиссияның қызметіне кіріп, аштан қырылып жатқан бауырларына көмектерін көрсету» - деп көрсетілген  [4,  261 б.].  Сонымен қатар, алаштың көрнекті қайраткерлерінің бірі Ж. Аймауытұлының елді жайлаған аштық тақырыбында «Зорлық қайтсе тиылады», «Ашаршылықтан құтқару», «Бірыңғай шаруа салығы» деген мақалалары жарияланған. Жүсіпбек Аймауытұлының «Ашаршылықтан құтқару лажы»  атты мақаласы «Қазақ тілі» газетінің 1922 жылғы 9 наурыз күнгі санында жарық көрген [4,  262 б.]. Аталған «Қазақ тілі» газеті М.Тұрғанбай, М.Әуезов, Ж.Аймауытұлы, С.Садуақасұлы, Ш.Тоқжігіт, Н.Нұрмақұлы, Ә.Досұлы, И.Тоқтыбайұлы, М.Дулатұлы және т.б. ұлт зиялыларының белсенділік танытуымен шығып тұрған [4,  263 б.].  1920 жылдардағы аштық кезінде қазақ зиялыларының, қазақ халқын зорлықтан құтқару үшін баспасөз бетінендегі жан-айқайын көруімізге болады.

1931-1933 жылдардағы аштық мәселесіне қатысты отандық бірқатар еңбектер жарық көрді. М. Қозыбайдың «Ақтаңдақтар ақиқаты», Т. Омарбектің «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті», Б. Аяған, Ж. Кыдыралина, Ж. Ауанасова т.б. «1932-1933 жылдардағы ашаршылық ақиқаты», т.б. еңбектер жарыққа шыққан болатын. 1931-1932 жылдардағы ашаршылық, ондағы қайтыс болған адамдардың шығыны, большевиктердің кеңестендіру саясаты жайлы  шетелдік ағылшын, неміс, т.б. тарихшылардың еңбектерінде көрсетілген. Олардың қатарында, неміс ғалымы Роберт Киндлер зерттеулерін, ағылшын зерттеушісі Роберт Дэвис 2011 жылы жарыққа шыққан «Годы голода. Сельское хозяйство в СССР, 1931-1933» еңбегін, Никало Пианчилоның зерттеулерін [5, 11 б.] атап өтуге болады.

...

Скачать:   txt (26.8 Kb)   pdf (136.4 Kb)   docx (15.8 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club