ХХ ғ. соңындағы КСРО мемлекетіндегі саяси үдерістер көрінісіндегі Алматы қаласындағы толқулардың себеп-салдарын зерттеу еңбегі
Автор: tunyq • Май 1, 2023 • Статья • 1,800 Слов (8 Страниц) • 173 Просмотры
Автор туралы мәліметтер
Мақала авторы: Тұрмағамбет Мәдияр Серікұлы. Алматы қаласы. Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу университетінің тау-кен ісі интитуты, маркшейдрлік іс және геодезия кафедрасының кадастр және жерге орналастыру оқу бағдарламасының 1 курс студенті. ORCID: https://orcid.org/0009-0001-9802-2560
Аңдатпа
Мақала ХХ ғ. соңындағы КСРО мемлекетіндегі саяси үдерістер көрінісіндегі Алматы қаласындағы толқулардың себеп-салдарын зерттеу еңбегі болып табылады. Бұл мақалада 1986 жылы орын алған желтоқсан оқиғасы қарастырылады. Мақалада КСРО-ның құлдырауы, сондай-ақ көтерілістің маңызы, қазақ жастарының патриоттық рухы сияқты тақырыптар қозғалады. Мақала сол кезеңдегі саяси жағдайды жан-жақты зерттеуге арналған. Оқиға кезіндегі мәселенің өзектілігіне, көтеріліс туралы саяси басшылардың жеке ойларына ерекше назар аударылады. Мақала қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылатын тәуелсіздік тарихы және «Мәңгілік ел» сияқты идеялардың қалыптасуына арналған. Қорытындылай келе ғылыми жұмыс Ұлы Дала тарихындағы маңызды кезеңнің жан жақты зерттеумен қарастырылған.
Түйін сөздер: саяси үрдістер, толқулар, желтоқсан оқиғасы, КСРО-ның құлдырауы, қазақ жастары, патриоттық рух, тәуелсіздік
Кіріспе
Көне ұлы даланың және қазақ халқының тарихы қашанда бай болған. Қазақ халқы әрбір уақытта момын, ешкімге тиіспеген, малын бағып жүрген ел болатын. Соған қарамастан халқымыз өзінің қалыптасу жолында талай қиындықтықтарды, тайғақ жолдарды кешті. Ата бабамыз қонысының туын нағыз тарихтың қызу талқыға түскен жерінде тіккен. Сондықтан да жұртымыз алғашқы адам мен қоғам қалыптасқаннан бастап қазіргі күнге дейін қилы белдерді асып келді. Мырзатай Жолдасбеков ағамыз айтқандай: «Қиындықты сен жеңбесең, қиындық сені жеңеді». Яғни, еліміздің әрбір оқиғасы, қазақ халқының қанына сіңген еркіндікке бір қадам болып саналды. Сол сияқты 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасы да азаттыққа басталған көштің бір бөлігі еді. Ол оқиға демократиялық жаңғырудың бастауы болды. Алаңға шыққан Қайрат, Ләззат сынды жастардың ерлігі өшпеске тарих сахнасында қалды. «Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік» дегендей, осы ерліктің арқасында бүгінде елді болып отырмыз. Тәуелсіздігімізді алуымыз үшін қаншама қан төгілетіндей бұл оқиғаның басты себебі неде?
Желтоқсан оқиғасы. Кім кінәлі?
«Кеше кешке және бүгін күндіз Алматыда ұлтшыл элементтердің азғыруына бой алдырған бір топ студенттер Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің соңғы пленумының шешімін қолдамайтындарын білдіріп көшеге шықты. Қалыптасқан жағдайды бұзақылар, арамтамақтар мен өзге де жат пиғылды адамдар пайдаланып, тәртіп сақтау органдарының өкілдеріне қарсы заңсыз әрекеттер жасады, азық-түлік дүкендері мен көліктерді өртеп, қала тұрғындарының ар-ожданын қорлайтын іс-қимылдарға барды»
[pic 1] [pic 2]
«Алматыдан хабар» 1986 жыл,18 желтоқсан
Осы оқиға туралы алғаш рет 1986 жылы 18 желтоқсанда «ТАСС» ақпарат агенттігі қысқаша хабар берді. 19 желтоқсанда «Казахстанская правда» газетінде, ал 20 желтоқсанда «Ленинская смена» газетінде жарияланды. 1986 жылы желтоқсанның 11-і күні Саяси Бюроның мәжілісінде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты зейнетті демалысқа шығуына байланысты қызметтен босату туралы шешім қабылдайды. Желтоқсанның он жетісі күні сағат 11-ге қарай Дінмұхамед Ахметұлына Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы О.С. Мирошхин телефон соғып: «Алаңға бір топ жастар жиналды. Жиналғандардың алдында сөйлеп, істің мән-жайын түсіндіріп берсеңіз», деп сөйлейді. Бірақ Қонаев келгенде оған сөйлеудің қажеті бола қоймас екенің айтады. Кейіннен бұл КОКП Орталық Комитетінің қарсылығы болғаны айқындалады. Ал Колбин уақыт өте келе Қонаевқа айып тағып: «Жиналғандардың алдында сөйлеуден үзілді-кесілді бас тартты» деумен болды. Ең бастысы, бір ғана ұлттың басым көпшілігінен тұратын одақтас елдердің билік органдарымен салыстырғанда біздің республика басшылығы көп ұлттан тұрды. 1920-1986 жылдар аралығында бірен-саран қазақ болмаса ел партия ұйымына орыс пен еврей, поляк пен грузин және армян, ұйғыр жетекшілік етті. 1985 жылдың дерегі бойынша Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінде қазақтар үлесі – 36 пайыз, орыстар – 40,8 пайыз болды. Кеңес өкіметі жылдарында республиканың бірде-бір өкілін коммунистер мен халық сайлаған жоқ, оларды орталық тағайындап, іс-қимылын өздері бақылап отырды. Ақыры Қазақстанда шексіз билікке ие болған және орталық мүддесін қорғайтын Г.Колбиннің кезегі келгенде халықтың шыдамы түгесілгендей еді. Наразылық бұрқ ете түсіп, бітеу жараның аузы ашылды да кетті.
...