ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары, саяси ойлары
Автор: aizh.bq • Октябрь 4, 2023 • Реферат • 315 Слов (2 Страниц) • 235 Просмотры
ЭССЕ
ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары, саяси ойлары
Кіріспе:
ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ ағартушылары
Негізгі бөлім:
1. Казахстан саяси ойларының қалыптасу мен дамуы
2. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси козқарастары
3. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси ойлар
Қорытынды.
Қазақстандағы саяси ойлар мен көзқарастардың дамуы және қалыптасуы. Осы орайда осы көзқарастар мен ойларды дамытушы қозғаушыларға тоқталатын болсақ. Жүсіп Баласағұни, Қорқыт Ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары. Яғни ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары. Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси ойшылдар. Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, М.Шоқайдың, М.Тынышпаевтың, Х.Досмұхамедовтың, Т.Рысқұловтың, М.Жұмабаевтың, С.Сейфулиннің және т.б. саяси идеялары.
Қазақ халқының саяси ойларының дамуына жеке көзқарастарының қалыптасуына ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында пайда болған алғашқы интеллегенттік топтар зор ықпал етті. Оларға: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан тынышбаев, Мағжан Жұмабаев, Бақытжан Қаратаев, Халел және Жаханша Досмұхамедовтар жатады. Олар ресейдің отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалысын басқарып, қазақ халқының ұлттық бірлесуін мұрат етті. Алаштың білімді де білікті асыл азаматтары қызыл империяның құрбаны болып кетті. Бірақ олардың ісі, саяси мұраты өлген жоқ.
Бұл кезде қазақтың кемеңгер данасы, заңғар ақыны, асқан ағартушысы, жазба әдебиетіміздің негізін салушы Абай Құнанбаев Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин да өмір сүрген еді. Абай қазақ даласында барлық жақсылықтың, жаңалықтың жаршысы болды. Ол адамды “ақыл, білім, ерік” жоғары дәрежеге көтеріп, асқақтататындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Игілікті, парасатты қоғам орнату Абай еңбектерінің басты бағыттарының бірі болды.
Ы.Алтынсарин тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым-қыспағынан құтқара алады. Адамдардың ойындағы бос қиялдардан арылып, дүниенің ақиқатына көздерін ашып, шын мәнінде алға жылжитын, прогрестік жолға түсіруге тырысты.
...