Түргеш Қағанаты. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, мәдениеті, шаруашылығы
Автор: Jumasultan0 • Октябрь 27, 2023 • Реферат • 2,658 Слов (11 Страниц) • 348 Просмотры
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Реферат
Тақырыбы: “Түргеш Қағанаты. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, мәдениеті, шаруашылығы.”
Орындаған:Сабырғалиев Ж.Ж.
ИЯ-15 топ студенті
Тексерген: Ғұбай А.С.
Оқытушы, магистр
Орал, 2023 ж.
Жоспар Кіріспе….......………………………………….........................2
1-тарау.Түргеш қағанатының тарихы……........................……3
1.1.Түргеш қағанатының саяси тарихы және құлауы.......4-5
1.2.Түргеш қағанатының қоғамдық құрылысы.................6-7
1.3.Түргеш қағанатының шаруашылығы және мәдениеті...8
2.Қорытынды……………………..................................…….9
3.Пайдаланылған әдебиеттер……..................................…10
2
Кіріспе
Түргеш қағанаты - 704 – 756 жылдары билік құрған. Батыс Түрік қағанатының ыдырауы нәтежиесінде құрылған ерте ортағасырлық түркі мемлекеті. Батыс Түрік қағанатының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және мәдени дәстүрлерін жалғастырған және уақытында сол елдің сол қанатына жатқызылған. Дулу тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі.
Түргештер – Батыс Түрік қағанатындағы бес арыс ел дулаттың белді тайпасы. Шежіре деректерінде «сары үйсін» деп аталады. Түргештер Іле мен Шу өзені аралығында, Іле Алатауынан Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі өңірде көшіп-қонып жүрген. Бұл өлке мал шаруашылығына қолайлы, құнарлы өріс-қоныс болды. Сонымен қатар отырықшы егіншілік ошағы, біршама көркейген қалалары бар бай өлке еді. Шығыс пен Батыс арасындағы сауда-керуен жолының осы өңірді басып өтетін басты бөлігі түргештердің бақылауында болды. Бұл жағдай түргештердің әскери-саяси және шаруашылық қуатын арттыра түсті.
3
1-тарау. Түргеш қағанатының тарихы
1.1 Түргеш қағанатының саяси тарихы
Қағанаттың жері Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Орталығы Суяб қаласы болды. Халқының құрмы түркітілдес тайпалардан тұрды. Түргештер туралы алғашқы деректер «Күлтегін» ескерткіштерінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Түргеш тайпалары VI ғасырда Шу, Іле өзендері аралығындағы үлкен аймақты мекендеді және Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды. Саяси билік қаған қолында болды. Қағанат жиырма әкімшілік аймаққа бөлінді. Аймақтар 7 мыңнан әскер жинады. Үшлік өзін қаған етіп жариялаған күннен бастап елдің саяси-әкімшілік басқару ісіне ерекше назар аударған. Қаған 706 жылы қаза болды. Билік үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Оны Шығыс Түркі қағанатының қағаны Қапаған пайдалануға тырысты. Сұлу Қаған (715-738) билікке келгеннен кейін түргештер қайта күшейеді. Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, Сұлу қаған ордасы Талас қаласына көшіреді. Сұлу қаған шығыстағы жағдайын әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық арқылы да дұрыс жолға қоюға тырысқан. Осы жолда қағанның 717 жылы Тан империясына барып қайтуы сәтті сапар болды. Ол шығыстағы саяси жағдайын күшейтеді. Ендігі мәселе батыстағы басты жау арабтар еді. Қаған арабтарға қарсы Орта Азиядағы халықтардың күресін пайдаланып, оларды қолдап, жәрдем беруге тырысты. Мәселен, Самарқан, Бұхара тұрғындарымен күш біріктіріп, бұл қалалардан арабтарды қуып шыққан. Қаған Тоқтарстандағы арабтарды да біржолата талқандау үшін 737 жылы ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып, арабтарға ойсырата соққы берді. Алайда жеңіске қуанған тоқарлықтар мен [https://itest.kz/]
...