Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстар және олардың саяси өмірдегі рөлі
Автор: dauren0609 • Ноябрь 7, 2019 • Реферат • 6,654 Слов (27 Страниц) • 2,073 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Электр энергетикасы
<<Әлеуметік пәндер >> кафедрасы
Пәні: СИК
Тақырыбы: Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстар және олардың саяси өмірдегі рөлі (<< Шуро-и-Исламия>>,<<Шуро-и-улемия>> және т.б)
Мамандығы: Электроэнергетика
Орындаған: Әлімжан Дияр Арыстанұлы Тобы: Ээк 19-16
Тексерген: проф. Кабдушев Болат Жоламанвеч
__________ ____________ <<______>> _______________2019ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы.2019
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ...................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕР
1)Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстар және олардың саяси өмірдегі рөлі (<< Шуро-и-Исламия>>,<<Шуро-и-улемия>> және т.б).......................................4
2) «Азат» азаматтық қозғалысы……………………………………………………………............11
3) Қоғамдық қозғалыстар………………………………………………………………………….……..14
Қортынды ..............................................................................................................18
Пайдаланған әдебеттер мен сілтемелер тізімі…………………................................19
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Саяси қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материялдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандылығын білдіреді. Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.
Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді.Оған партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчествалық) одақтар,әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми,ғылыми-техникалық, мәдени –ағарту, спорттық,қорғаныс және т.б) жатады.Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.
Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді: Қоғамдық –саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.
Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар. Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы). Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т.б).
Көпшілік ұйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні-кәсіподақтар. Кәсіподақ – бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым.
Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұңғыш аяқ басқан Англияда XVIII ғасырдың басында пайда болды. Кейінірек олар өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің әкелген аяусыз қанауына төтеп беру үшін жалданушы жұмыскерлер бірігіп, ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғайды.
Олар жеке адамның өмір сүруіне қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
...