XIV-XV ғ. Валахия княздігінің саяси тарихы
Автор: Athletics13 • Декабрь 12, 2019 • Курсовая работа • 10,140 Слов (41 Страниц) • 611 Просмотры
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Гуманитарлық ғылымдар факультеті
Тарих кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырып : XIV-XV ғ. Валахия княздігінің саяси тарихы
Қабылдаған: т.ғ.к Төлегенов.Е
Орындаған:5В020300, 2 курс студенті
Азизов.С
Туркестан 2019
Мазмұны
Кіріспе...................................................................................................... 3-4 бет
1.Валахия княздігінің құрылу тарихы және княздері......................... 5-20 бет
1.1.Валахия княздігінің құрылуы.......................................................... 5-6 бет
1.2.Валахия княздері кезіндегі мемлекеттің саяси және әлеуметтік жағдайы ................................................................................................................... 7-20 бет
2.Валахия княздігінің шет елдермен қарым-қатынасы..........................20-31 бет
2.1.Валахия княздігінің Венгриямен қарым-қатынасы және Венгрияның ықпалы........................................................................................................ 20-25бет
2.2.Осман империясының вассалдығында Валахия княздігі................ 26-31 бет
Қорытынды.......................................................................................... 32 бет
Пайдаланған әдебиеттер.................................................................... 33 бет
Кіріспе:
Тақырыптың өзектілігі:
Бұл тақырыптың өзектілігі- ортағасырлық шығыс европа тарихын зерттеу мақсаты болған әрбір тарихшы үшін Валахия княздігінің саяси тарихы өте маңызды. Себебі Валахия сол кезеңдегі шығыс европаның саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайдың, феодалдық иерархия және жүйенің бет-бейнесідір.
14-19 ғасырларда өмір сүрген бұл княздіктің тарихы - екі империялар – Венгрия және Осман империясы арасында, Православ дінін ұстанған княздіктің екі ірі әлемдік дін католицизм және ислам діні қыспақтарында қалуымен, осы екі қуатты елдердің ықпалына қарсы қүресімен қызықты.
Және де бұл князьдік туралы деректер мен зерттеулер аз болғандықтан , алдағы уақытта бұл елдің, румындардың ата-бабалары влахтардың тарихын тереңірек зерттеулер жүргізу керек. Бұл да бір өзектілік болып табылады.
Тақырыптың зерттелуі:
1.С.К.Карповтың “История средних веков” кітабында влах ұлтының келіп шығуын және Валахия князьдігінің құрылуы мен құрылуының алғышарттары туралы нақты тоқталып өткен және мәліметтер берген.
2. И.Болован мен И.-А.Поптың “История Румынии” атты кітабында да князьдіктің құрылуы мен құрылуының алғы шарттарымен XIV ғасырдың бірінші жартысындағы саяси жағдаймен Венгрия мен болған қарым-қатынасқа кең көлемде тоқталып өткен.
Тақырыптың мақсаты:
Бұл тақырыптың мақсаты - Валахия княздігінің саяси тарихын зерттеу, бұл елдегі саяси және әлеуметтік жағдайдың , мемлекеттік жүйенің басқа елдерден айырмашылығын көрсету және сол екі ғасырдың ішінде болған саяси аренадағы өзгерістермен бірге бір-біріне тығыз байланысты елдер: Венгрия, Валахия князьдігімен Осман империясы арасындағы ара-қатынасқа талдау жасап баға беру.
Тақырыптың міндеті:
1.1. Валахия княздігінің құрылуы туралы баяндау.
1.2.Валахия княздері кезіндегі мемлекеттің саяси және әлеуметтік жағдайын талдау.
2.1.Валахия княздігінің Венгриямен қарым-қатынасы және Венгрияның ықпалына баға беру.
2.2.Осман империясының вассалдығында Валахия княздігіндегі жағдайына анализ жасау.
1.Валахия княздігінің құрылу тарихы және княздері
1.1.Валахия княздігінің құрылу тарихы
Валахия – XIV-XIX ғасырларда қазіргі Румынияның оңтүстігінде өмір сүрген княздік.
Ортағасырлық влахтық ұлттың қалыптасуы:
Қазіргі Румынияның ежелгі қоныстанушылары фракиялық тайпалар гет пен дактар болды.Олардың тайпалық және саяси одағы б.з I ғ римдіктердің жорықтары нәтижесінде құлайды. Дактар жерлерінде 106-шы жылы римдік провинция Дакия құрылады және бұл провинция жерлерін қазіргі Трансильвания, Банат және Олтения(Батыс Валахия) құрады. Бұл жерге римдіктердің көшіп келуімен жергілікті халық уақыт өте келе романизацияға ұшырап, латын тілін және жазуын, рим мәдениетінің көптеген элементтерін,дінін, күндетілікті әдет-ғұрпын өз бойына сіңіреді.Ал Мунтения(Шығыс Валахия) мен Молдавияны мекендеген тайпалар римдік жаулап алушылыққа ұшырамай, алғашқы қауымдық жүйе жағдайында өмір сүрді.
...