Сталиндік репрессиялар, олардың ауқымы және ауыр зардаптары. Жазбаша жұмыс немесе ғылыми жоба
Автор: dilettokan • Ноябрь 20, 2022 • Реферат • 3,149 Слов (13 Страниц) • 2,456 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Физика-техникалық факультеті
Плазма физикасы Нанотехнология және Компьютерлік
Физика кафедрасы
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: : Сталиндік репрессиялар, олардың ауқымы және ауыр зардаптары. Жазбаша жұмыс немесе ғылыми жоба
Оқытушы: Тасилова Н.
Студент: Тоқан Әділет
Мамандығы:Физика және нанотехнологиясы
Алматы, 2022 ж.
Мазмұны
1. Кіріспе.....................................................................................
2. Негізгі бөлім...........................................................................
2.1 Ақпан революциясы мен Қазан революциясы қазақстанға әсері.................................................................................................................. 2.2Алаш қозғалысы Ә. Бөкейхан , А. Байтұрсын , М. Дулат ....................
2.31928-1934жылдардағықасірет..................................................................
2.4Pепрессия жылдары...................................................................................
2.5 НКВД рөлі................................................................................................
2.6 Статистикалық анализ .Сталиндік режим құрбандары........................
3. Қорытынды....................................................................
Қолданылған әдебиеттер:
Өмірзақ Озғанбай Жарық жұлдыздар Астана 2017
Сәкен Қзбекұлы Арыстары алаштың Алматы 1998
Қанғожиев, Алдажұманов, Рүстемов, Сайлаубай Алаш қоғалысы Алматы 2005
Абылхожин Постсталиндік советтік Қазақстан тарихы Алматы 2020
Д. А. Махат Сталиндіктің Қазақстанда орнығуы Астана 2007
Талас Омарбеков 1929-1931 жылдардығы халық көтерілістері Алматы 2018
Т. Қ. Мекебаев , Ж. Ж. Құмғанбаев 1917 жылғы Ресейдегі ақпан төңкерілісі жәні оның Қазақстанға әсері Алматы 2017
Кіріспе
Жиырмасыншы ғасыр қазақ мемлекеттілігі үшін үлкен сынақтартардан, қасіреттерден тұрды. Талай ғасыр бойы егемендікті аңсаған қазақ жұрты осы жолда талай баз кешті. Әуелі Ресейлік патша үкіметінің езгісінде, кейін комунистік Ресейдің қолында болып талай азап көрдік. Бұл жұмыстың жазылу себебі де осы қасіретті жылдарды қайта ашып, қазақ мемлекеттілігінің жойылуына сәл қалған қиын қыстау жиынмасыншы ғасырдың бірінші жартысына шолу жасау. Бәріміз білетіндей, жиырмасыншы жылдары қиын азаматтық соғыста жеңіп шыққан радикалды Ленин бастаған коммунистік жұмысшы Кеңестер партиясы бүкіл Ресей империясына өз билігін орнатты. Оған әрине қазақстан жері де кірді. Үлкен қасіретті жылдардан өткен сол кездегі қазақстан өте мүшкіл жағдайда еді. Азамат соғысында бірсе ақтардан, бірсе қызылдардан таланған қазақ жасып қалды. Патша үкіметі құлағаннан кейін жылдар бойы өзгерістерді күткен зиялылардың қозғалысы лап етті. Ақпан төңкерілісін жақсы үмітпен қарсы алған қазақ зиялылары жаңадан құрылған уақытша үкіметпен қатарласа қазақ жерінде Алаш автономиясын құра бастады. Сол заманның зиялы арыстары қазақ мемлекеттілігін құруды қолға алды. Алаш қозғалысы жайлы дерек көзді Қойгелдиевтің “Алаш қозғалысы жайлы жинағынан ” аламын. Әлихан Бөкейхановтың тағы да басқа арыстардың еңбектері қазіргі қазақ мемлекеттілігінің негізін қалады. Себебі қазақ территориялық бүтіндігін сақтап қалды. Азамат соғысы кезінде Алаш автономиясын қалап оның заңдық негіздерін қалады. Бірақта бір партиялық жүйенің келуі Алаш автономиясын болуы мүмкін бұлыңғыр үмітті жойды. Қызылдар келісімен барлық автономиялық дербес ошақтарды таратып жіберіп отырды. Алаш автономиясы саяси сахнадан 1920 жылы кетті. Бірақта Алаш қайраткерлері жаңа кеңестік қазақстанды құру кезінде де қазақ мүддесін қорғады. 1922 жылы КСРО тарих сахнасында пайда болады. Азамат соғысы кезінде берік бір тұтас кеңестік партияда Ленин кетуімен партия ішілік соғыс орналады. Бұл соғыста Сталин жеңіп шығады. Сталиннің келуімен жаңа қасіреттер кезеңі бастау алады. Сталиннің КСРО мемлекетінде тотаритарлық жүйені қалыптастырады. Тоталитарлық жүйе адамдардың өміріне енеді. Сталин тоталиатрлық жүйені орнатуда аса қатыгездікпен құрады. Репрессиялық жолмен барлық қозғалыстарды жойып, тұншықтырады. Елде болып жатқан әр іс-әрекет үкіметсіз болмайтын дәрежеге жетеді. Сталиндік тоталитарлық жүйенің пайда болуына себепкер НКВД жүйесі болатын. Бұл жүйе барлық нормаларға бағынбайтын, КСРО конституциясынан тыс мемлекет ішіндегі мемлекет болатын. Бұл ұйымға шектен тыс мандат, қауқар берілетін , және де бұл ұйым тікелей Сталинге бағынған. 1930 жылдардағы қызыл террорды ұйымдастырушы күш осы болған. Өзіне қарсы келе алатын барлық оппозицияның көзін жойған Сталин мемлекетті тоталитарлы жүйеге қойды. Осы тоталитарлы жүйенің қазақстан жеріне келуі талай қасірет алып келді. Бірінші Алаш қозғалысын жою, жиырмасыншы жылдардағы ашаршылық, ұжымдастыру саясаты, одан кейінгі ашаршылық жылдары және де репрессия жылдары.
...