Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Философия ұғымы және әлеуметтік-мәдени рөлі

Автор:   •  Сентябрь 22, 2020  •  Лекция  •  722 Слов (3 Страниц)  •  1,292 Просмотры

Страница 1 из 3

Дәріс 2

Философия ұғымы және әлеуметтік-мәдени рөлі 

Жоспары

1.Философияның салалары

2.Философияның әдістері мен қызметтері

3.Философиялық жүйелердің жіктелуі

4.Философияны оқудың практикалық мәні

1.Философиялық ойлау еркінойшылдыққа сүенеді, белгілі бір авторитетке тәуелді емес. Философия білім жүйесінсіз мүмкін емес, ол тарихи білімді ұсынады, философия рационалды танымды негіздейді.

Философиялық білім жүйесін мына төменгі бөлімдерге бөлуге болады:

Онтология –   әлем, болмыс туралы жалпылама,қозғалыс туралы және оны қозғаушы ғаламдық күш туралы, оны ұйымдасуының жалпы заңдары туралы ілім;

Гносеология – таным туралы, оның негізделуі, оның мүмкіндіктері мен шекарасы жөніндегі ілім;

Әлеуметтік философия – қоғам туралы, оның негізгі сфералары, оның адам мен табиғатпен өзара байланысы туралы ілім;

Антропология – адам туралы, оның табиғаты және іс-әрекетін ұйымдастыру туралы ілім.

Аксиология – құндылықтар туралы ілім;

Этика – адамгершілік, мораль туралы ілім;

Логика – ойлау заңдылықтары туралы ілім;

Эстетика – сұлулық заңдылықтары мен канондары туралы ілім.

2. Философияның негізгі әдістері

Диалектика (гр. сұхбат, талас жүргізу өнері)        заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, олардың өзгеру, даму ерекшеліктерін, себеп-салдарлық байланыстарын, қарама-қарсылықтарының бірлігі мен күресін ескере отырып, даму тұрғысында қарастыратын әдіс. Диалектика терминін алғаш рет қолданған Көне Грек философы Сократ болды.

Метафизика (гр. физикадан соң)        Марксизмде диалектикаға  қарама-қарсы, объектілерді байланыссыз, жеке-дара, қозғалысын, өзгерісін, дамуын ескермей және қайшылықтарға мән бермей, қарама-қарсылықтың бірлігін елемей біржақты қарастыратын әдіс. Философия тарихында метафизика термині философияның синонимі ретінде де қолданылды. Метафизика терминін б.д.б. І ғасырда Андроник Родоский енгізді.  

Догматизм        дүниені қатып қалған қағидалар негізінде, дәлелдеуді қажет етпейтін мызғымас сенімдер мен қөзқарастар тұрғысынан қарастыратын және дәлелдеуді қажет етпейтін әдісі. Догматизм терминін Ежелгі Грекия скептиктері Пиррон мен Зенон енгізді.

Эклектика (гр. таңдауға қабілетті)        біртұтас шығармашылыққа енбейтін, түрлі фактілер мен ұғымдарды, концепцияларды біріктіру негізінде пайда болған, үстірт, ақиқаттан алыс жатқан тұжырымдарды жасау әдісі. Эклектика терминін ІІ ғасырда Александриялық Потамон енгізді.

Софистика (гр. пікір-таласты айламен жүргізе білу)        кез-келген ойдан логикалық тұрғыдан дұрыс ойқортынды жасау әдісі. Көне Грекияда кең таралды, шешендік өнерді ақиқат білім алу жолы емес, «кез-келген ойдың дұрыстығын дәлелдеудің тәсілі» ретінде оқытылды. (Софистер, Сократ).

Герменевтика (гр. түсіндіремін)        мәтіндер мағынасын дұрыс оқу және түсіндіру әдісі.  

Философияның қызметтері:

  1. дүниетанымдық        - дүние туралы түтас түсініктің, пікірдің қалыптасуына әсер етеді;
  2. методологиялық – қоршаған дүниені танудың негізгі әдістерін белгілейді, нақтылайды;
  3. теоретикалық – концептуалды ойлауға, теорияны негіздеуге, қоршаған дүниені барынша жалпылауға үйретеді;
  4. гносеологиялық – қоршаған дүниені дұрыс және ақиқат тануды (таным механизмін анықтауды) көздейді;
  5. аксиологиялық (гр. Axios – құнды) заттар мен құбылыстарды құндылықтық тұрғыдан (моральдық, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық) бағалауға үйрету;
  6. әлеуметтік – қоғамның пайда болуы мен эвалюциясын, қазіргі жағдайын, құрылымын, элементтерін, қозғаушы күшін, ішкі қайшылықтарын анықтап, жетілдіру жолдарын нұсқау;
  7. тәрбиелік – гуманистік құндылықтарды, идеяларды зерттеп, қоғам мен адамға керектісін ендіру, адам өмірінің мәнін табуына көмектесу;
  8. сындарлы – білімге сыни көзқараспен қарай отырып, таным көжиектерін кеңейту, оны модернизациялау, білімнің ақиқаттылығы деңгейін жоғарлату;
  9. болжамдық (футурологиялық) – қолда бар философиялық білімдерге, таным жетістіктеріне сүйене отырып таным процесстерінің, адамның, табиғаттың, қоғамның даму тенденцияларын болжау

3. Философиялық жүйелердің жіктелуі

1.Тарихи белгілері бойынша

2. Географиялық белгілері бойынша

3. Нақты көзқарас пен теорияға байланысты

4. Идеологиялық концепциялары, теориялары, идеялары, діни бағдары бойынша

5.Рухани және материалды бастаманың алғашқылығы туралы сұрақ-тың шешіміне байланысты

Тарихи белгілері бойынша

  • Ежелгі дүние философиясы
  • Ортағасыр философиясы
  • Қайта өрлеу философиясы
  • Жаңа заман философиясы
  • Қазіргі заман философиясы
  • Шығыс философиясы

Географиялық белгілері бойынша

  • Батыс философиясы
  • Араб философиясы
  • Неміс философиясы
  • Қазақ философиясы ж/е  т.б.

Идеологиялық концепциялары, теориялары, идеялары, діни бағдары бойынша

...

Скачать:   txt (11.5 Kb)   pdf (119.9 Kb)   docx (13 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club