Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Нумизматиканың пайда болып дамуы және орыс орыс нумизматикасы

Автор:   •  Ноябрь 29, 2018  •  Реферат  •  4,930 Слов (20 Страниц)  •  1,074 Просмотры

Страница 1 из 20

ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИУТЫ

ТАРИХ ЖӘНЕ ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХ КАФЕДАРСЫ

Ғиса Жанбота

2- курс студенті

Нумизматика

Реферат

Ғылыми жетекші:

тарих ғылымдарының докторы, профессор А. Күзембайұлы

Қостанай 2016

Жоспар

1. Нумизматиканың пайда болып дамуы және орыс орыс нумизматикасы

2. Қазақстаның нумизматикасы

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Нумизматиканың пайда болып дамуы және орыс орыс нумизматикасы.

Нумизматика дегеніміз ақша айналымының материалдық қалдықтарына қарап, оның тарихын зерттейтін мәнеттер туралы ғылым.Сондай-ақ нумизматика мәнет ісі техникасының тарихы, медаль өнерінің дамуы, тарихи түп деректердің арнаулы түрі мәнеттерімен, медальдармен, жетондармен байланысты басқа да мәселелермен айналысады, сонымен қатар нумизматика әдетте қағаз ақшаларды (боинстиканы) зерттеумен де шұғылданады.

Қосалқы тарихи пән ретінде нумизматика тарих, археология, саяси экономия, өнертану, тіл білімі мен басқа да ғылымдар проблемасын шешу үшін маңызды материал береді. Көптеген проблемаларды кеңінен қамтуының арқасында бұл қосалқы бұл қосалқы тарихи пәнедер қатарына шықты. Кейбір жағдайларда мысалы, товар-ақша айналымын зерттегенде нумизматика бір қатар зерттеушілерді пікірі бойынша, дербес ғылымдық маңыз алып отыр (И.Г: Спасский, В:Л: Янин)

Нумизматика ежелгі заманың ақша системасын және олардың тарихи даму процестеріндегі эволюциясын анықтайды. Бұл жағынан ол, басқа қосалқы тарихи пәнмен- метрологиямен тығыз байланысады, өйткені мәнеттер құн өлшеуі болып табылады.

Нумизматикадағы зерттеулердің аса маңызды методына: ежелгі заманғы сауда жолдарын анықтау мақсатын көздеп, табылған көмбелер мен кейбір мәнеттердің топографиясын жасау, кейбір мәнет типтерінің кімге жататындығын анықтау, белгілі бір  мемлекет мәнеттерінің таралу дәрежесін анықтау, мәнеттердің, олардың техникалық ерекшеліктерін, штемпельдерін салыстыру жолымен анықтау жатады.

Басқа ғылымдар сияқты нумизматиканың да өз терминологиясы бар: аверс- мәнеттің бет жағы (әдетте гербтің бейнесі немесе мәнетті шығарған мемлекеттің билеушісінің портреті); реверс- мәнеттің кері жағы;  гурт- мәнеттің өнделген шеті (қабырғасы); , (ол тегіс суретті және үстінде жазуы бар болып келеді; гурт мәнетті подделкалау ісін қиындатады); мәнет өңірі- мәнеттің бет жіне кері жақтарының сырты; легенда- мәнет үстіндегі жазу; номинал-мәнеттің белгіленген құны; лигатура- куміс, алтын және платина мәнеттернің жалпы салмағына проценттік қатынаста алынған қымбат емес матал қоспасы; мәнет кірісі- мәнет номиналы мен оны дариялап шығару құнының арасындағы айырым ( оған жасалған метал құны да қосылады; мәнет кірісі мәнетті шығарған мемлекетке тиесілі юолады); мәнет стопасы – мәнеттегі маталдың салмағы мен сол металдың товар ретіндегі белгілі-бір  салмағының арасындағы қатыс (ол мәнеттің номиналына және қымбат бағалы металдың товар ретіндегі  құнына байланысты); мәнеттің бұзылуы- номиналы сақтала отырып, мәнеттегі металл санының азаюы ( немесе лигатураның көбейіп кетуі); мәнет типі- мәнеттің сыртқы деректерінің жиынтығы.

Ьұл арада мыңызы  жағынан неғұрлым жалпылама нумизматикалық терминдердің кейбіреулері ғана келтірілді. Нумизматиканың жеке бөлімдеріне жататын басқа ұғымдар мен ұсынылған әдебиеттерді пайдалану процесінде танысуға болады.

Нумизматика теринің датынша numisma – мәнет деген сөзінен шыққан. Қосалқы пәнің дамуының алғашқы  кезеңі мәнеттерді әуесқойлықпен коллекциялау болды. Жинаушыларды мәнеттің сан алуан типте келуі, көне даналарының біршама тез табылып қалатындығы, анықтаудың және классификациялаудың біршама оңайлылығы, ақырында сақтау үшін қолайлығы қызықтырды. Орта ғасыр дәуірінің өзінде-ақ Европаның көптеген қалаларында көбіне антика заманының мәдениеттерін жеке адамдардың көптеген жинаушылығы болған еді. Жинап-теру нәтижесінде ескі мәнеттер сақталып қойылды. Колекциялар иелерінің көбі өзі  немесе ғалымдардың көмегімен мәнеттерді зерттеп, сипаттап жазды, катологтар жасады, ұқсас даналарының сериясын іріктеп топтады. Көп колекциялардың арнаулы қоймасы- мюнцкабинеттер пайда болды.

...

Скачать:   txt (70.5 Kb)   pdf (211.3 Kb)   docx (34.2 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club