Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы және жеткен жетістіктері
Автор: n1yazqyzy_04 • Октябрь 2, 2021 • Реферат • 341 Слов (2 Страниц) • 622 Просмотры
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: “Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы және жеткен жетістіктері”
Орындаған: Абаева Әсел. 1-курс
Мамандық:Бастауыш білім беру бизнес инновация
Тексерген:Телахынов Еркін Біләлұлы
Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавлқаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғышрет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстардажоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олар: Е.Кадяйкин, Ұ.Қосанов, Ә.Тұяқов, В.Савинков, Л.Кононова, С.Исабаев, Б.Күреңкеев, В.Муравьев, В.Савин, В.Солдатенко, Л.Микитенко, А.Бадранков, т.б. Қазақстандықтар арасындаОлимпиялық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшыЕ.Кадяйкин болды. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен 27-Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгірушіО.Шишигина әкелді.
Ольга Сергейқызы Рыпакова Ольга Сергейқызы Рыпакова — Қазақстанның үш аттап секіруден жеңіл атлеті. Ольга Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш аттап секіруден 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, Азия рекордын жаңартып, 4-інші орында болды. Ольга Рыпакова 2010 жылы Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жеңіл атлетика сериясының бірінші кезеңінде алтын медальді 14 метр 89 сантиметрді бағындырып жеңіп алды. Ольга Рыпакова 2010 жылы қысқы әлем чемпионатында 15 метр 14 сантиметрге секіріп, әлем чемпионы атанды. 2011 жылғы жеңіл атлетикадан Тэгу қаласында өткен әлем чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль жеңіп алды.
...