Мәдени ағартушылық
Автор: Nusai • Сентябрь 25, 2019 • Эссе • 309 Слов (2 Страниц) • 551 Просмотры
Жалпы айтқанда, " интеллигенция" деп халықтың рухани бастауларын атайды. Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, жаңаша ой- пікір мен көзқарастың қалыптасу белесінде халқымыздың өткен жолы мен оның рухани түлеуін тану құралы ретінде тарихи ғылымының көкейкестілігі, мән- мағынасы күрт кеңейіп, толыға түсуде. Менің ойымша, қоғамдық сананың жаңа сатыға көтерілуі, протестанизм идеяларының кеңінен таралуы, жаратылыстану ғылымдарының қарқынды дамуы, ғылымға бұрын-соңды болып көрмеген қызығушылықтың пайда болуы. Сонымен қатар осылардың бәрі де жаңа ғасырға тән белгілер болатын.
Біріншіден, қазақ интеллигенциясы саяси күреспен қатар ағартушылық қызметті де кеңінен өрістетті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясы дәрігерлерден, саясатшылардан, судьялардан, ақын жазушылардан құралып, мұның өзі қазақ ғылымына орнығып, алғашқы қадамдар жасау үшін А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов, т.б. қыруар істер тындырды. Қазақ интеллигенциясының шығармаларында қоғамның негізгі идеялары, ой- пікірлері мен көзқарастары қарастырылған. Олар өз мақалалары мен кітаптары арқылы өз халқын ғасырлар бойы түңілген тіршіліктен оянуға, өркениетті даму жолын нұсқауға ұмтылды.
Екіншіден, қоғамдық тұрмыс пен қоғамдық сананың байланысын әдетте барша жұрт бірігіп немесе әрбір адам жеке дара белгілемейді , қайта адамдардың ерекше топтары, сананы әзірлеумен кәсіби түрде айналысатын интеллигенттер анықтайды. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында "Қазақ" газеті мен "Айқап" журналы төңірегіне топтасқан жас қазақ интеллигенциясы осындай интеллектуалдар тобы болды. Жалпы айтқанда, демократиялық ұлттық интеллегенция
...