Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТҰЛҒА БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУДАҒЫ ОРНЫ

Автор:   •  Апрель 12, 2018  •  Доклад  •  4,414 Слов (18 Страниц)  •  836 Просмотры

Страница 1 из 18

АННОТАЦИЯ

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТҰЛҒА БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУДАҒЫ ОРНЫ

Ғ.А.Жүрсінбекова – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, дене шынықтыру және валеология кафедрасының аға оқытушысы.                                         Алматы, Қазақстан, 2016 жыл.

Мақаланың құрылымы: Мақала кіріспеден, негізгі бөлімнен және қортынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.                                                Пайдаланылған әдебиеттер тізімі –9.                                                Мақаланың өзектілігі: Соңғы жылдары ұлттық-этникалы педагогикалық мәдениеттің проблемасын реттеу басты назарға алынып отыр. Оның ішінде дене тәрбиесі мен халықтың сауаттылығы, заманауи этнопедагогикалық жүйе алдыңғы қатарда.                Мақаланың мақсаты: Қазақ ұлтының ұлттық дене шынықтыру мәдениет насихаттау.                                                                                        Мақаланың міндеті: Ұлттық мектеп негізінде отбасылық, еңбектік және физикалық тәрбиенің өзара байланысын анықтау.                                         Қолданылған әдістер: Теориялық анализді философиялық, әлеуметтік, этнографиялық, мәдениеттік, психология-педагогикалық және спорттық әдебиеттік тұрғыда жүйеге келтіру.                                                                        Нәтижесі мен тақырыптың талқылануы: Соңғы жылдары біздің мемлекетімізде әлеуметтік-экономикалық жағдай түбегейлі өзгеріске ұшырады. Бұл жағдайда «жанұя» –қоғамның қалыпты әлеуметтік институттарының бірі болып қала бермек. Осыған сәйкес педагогика ғылымы әр ұлттағы отбасылық тәрбиенің, оның ішінде қазақ халқының жанұялық тәрбесінің тарихи тәжірибесіне үлкен көңіл бөледі.                                                Ұлттық педагогиканың жанұяда қалыптасқаны белгілі. Ол жас буын өкілдерін тәрбиелеудегі көптеген сауалдарды қамтыды, адамды этнос пен халықтың лайықты мүшесі болуға дайындаудың маңызын ұқтырды. Отбасы тәрбиесінің ұлттық дәстүрді насихаттауы –қоғамдық және жеке тұрғыда  баланың әлеуметтену проблемасына үлкен септігін тигізеді. Бұл контекстте «әлеуметтену» ұғымы: ұрпақтың яки буынның жеке субъекті-объекті қарым-қатынастарын; үлкендер мен кішілердің, ата-ана мен балалардың; білім мен тәжірибенің; жеке құндылықтар мен әлеуметтік орналастырудың байланысы мен айырмашылықтарын зерттейді. Сондай-ақ, тәрбиені қалыптастыру барысында оның тәсілі мен қалыптастыру жолын, әлеуметтік институттар жүйесін (отбасы, ересектер қоғамы мен құрдастар, қоршаған орта, табиғат), рухани құндылықтарды бойға сіңірудің қалыптасуын, осыған дейінгі буын өкілдерінің әлеуметтік тәжірибесін бақылайды.         Өз зерттеуімде мен жанұяның қазақ халқының отбасылық тәрбиесіндегі рөлін жарыққа шығаруды мақсат еткен жоқпын. Керісінше, менің мақсатым –дене тәрбиесінің педагогикалық потенциалын ру, тайпа, отбасы төңірегінде дәлелдеу.                                 Жоғарыда көрсетілгендей, отбасы –адамзат баласының әлеуметтенуінде өте маңызды орынға ие. Дәл отбасында бала эмоциялы тілдесуді, ұғынысуды үйренеді, қозғалыс жасау мен түрлі ойындарды ойнауға машықтанады,  өзін өзі басқаруды, қоғамға сіңісуді түсіне бастайды. Қазақ халқының отбасылық тәрбиесінің тарихи тәжірибесі –ата-ананың баланы кішкентайынан еңбексүйгіштікке, күш мәдениетіне, шыдамдылыққа, қайсарлыққа тәрбиелейтінін көрсетеді.  Ал ата-ана болмысы бала үшін қашанда үлгілі, өнегелі идеал болып қалыптасқан. Жаңа туған ұл нәрестеге қазақтар: «әкеңдей мықты бол, еңбекқор бол, ер мінезді азамат бол, аттың жалын тартып, жеті өнерді бойына сіңірген адам бол» деп насихат айтқан. Ал қыз балаға: «анаңдай қарапайым, тәрбиелі, ұяң, ақ жарқын, ашық жүзді, жылы шырайлы, иманды» бол деп ананы үлгі еткен. Сондықтан да қазақ халқында ата-ана бала үшін адамгершілік пен адалдықтың символы іспеттес.

...

Скачать:   txt (33.5 Kb)   pdf (191.3 Kb)   docx (22.3 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club