Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы

Автор:   •  Апрель 5, 2019  •  Реферат  •  1,282 Слов (6 Страниц)  •  9,703 Просмотры

Страница 1 из 6

Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы.

Дәріс жоспары:

1. Жаңа көпұлтты империя - КСРО-ның құрылуы. «Кіші Қазан» идеясы қатерлі мазмұны.

2.Қазақстанды индустрияландыру идеясы және оның отарлық мазмұны

3.Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру, әдістері, дәстүрлі шаруашылық жүйесінің күйреуі. Ұлт-азаттық қозғалыстар

4. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары. Мәдениет пен ағарту саласындағы қайшылықтар, келеңсіздіктер.

5. Фашистік агрессорларға қарсы соғыстың басталуы және Республика өмірін соғыс қажетіне бейімдеу.

6.Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметі.

1922 жылдың 30 желтоқсанында Мəскеу қаласында Бүкілодақ Кеңестерінің І съезі өтті. Съезд төрт республика: Ресей, Теріскей Кавказ Федерациясы, Украина жəне Белоруссия бірігіп, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) құрылуы туралы Қаулы шығарды жəне КСРО-ның құрылғаны туралы Декларация мен Шарт қабылдады. Онда республикалардың одақтық мемлекетке бірігуінің принциптері мен шарттары баяндалды [18]. Съезде КСРО Орталық Атқару Комитеті (ОАК) сайланып, оған төрт тең төрағалар болып М.Калинин (Ресей), Н.Нариманов (Теріскей Кавказ), Г.Петровский (Украина) жəне А.Червяков (Белоруссия) сайланды. Бірақ тең төрағалық қағаз жүзінде қалып, аз уақыттан кейін Орталық Атқару Комитеттегі билік толық М.Калининнің қолына көшті.

1923 жылы шілде айында Орталық Атқару Комитетінің ІІ сессиясы КСРО-ның Конституциясын қабылдап, оны Бүкілодақтық Кеңестерінің ІІ съезі 1924 жылдың 31 қаңтар айында бекітті. Конституция бойынша КСРО-ның жоғарғы үкімет органдарының қарауына мынандай мəселелер жататын болды: сыртқы саясат, соғыс жариялау мен бітім жасау, КСРО мен республикалардың шекаралары, КСРО құрамына қабылдау, КСРО Қарулы Күштері, көлік пен байланыс, халық шаруашылығын жоспарлау. Осыған қарағанда Конституция федерациядағы Орталықтың билігін заңдастырды. Əсіресе Конституцияның ІV-тарауы бойынша Орталық үкімет республикалардың ішкі жағдайларындағы барлық мəселелерге араласып тұруға мүмкіншілік жасады. Ал Конституциядағы республикалардың Одақтан шығу құқығы көп жылдары қағаз жүзіндегі бап болып қала берді.

Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды жанталаса жүргізді. Ұжымдастыру қозғалысындағы бұрмалаушылықтар үшін айрықша жауапкершілік Қазақстанда «Кіші Қазанды» жүзеге асыру теориясы авторының мойнында жатыр.

Кеңес Одағы Коммунистік партиясының XV съезі (1927 ж 2-19 желтоқсан) шақырылды, ол ауылшаруашылығын мейлінше ұжымдастыру, жаңа техникамен жарақталған социалистік ірі ауылшаруашылық өндірісіне көшу жағдайында қарар қабылдады.

Еріктілік ұстанымы мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан-ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру “тәрбиелеу мақсатымен” тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару немесе ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқытуды күшейту тәсілдері – кең тараған түрге айналды. Мыңдаған ауқатты және орташа шаруашылықтар – кулак құйыршықтарының қатарына жатқызылды.

1929 ж. ғана республикада 56498 шаруа жауапқа тартылып, олардың 34 мыңнан астамы сотталды. Кулактарды жою дейтін науқанның зардаптары ауыр болды. Кей жерлерде кедейлер мен орта шаруаларды орынсыз соттау және олардың малын жөнсіз кәмпескелеу меншік құқығынан айыру, тұрақты мекенінен күштеп көшіру орын алды.

Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. 1927 жылы Түркістан-Сібір темір жол магистралі салына бастады. Бұл темір жол құрылысы елімізідің тарихына еңбек ерлігінің үздік үлгісі ретінде енді.

20 жылдардың аяғы 30-жылдарда Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай бүкіл елдегі сияқты тұрақты емес еді. Жазалау толқыны Қазақстанды да жайпап өтті.

...

Скачать:   txt (18.7 Kb)   pdf (59.5 Kb)   docx (13.8 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club