Жаратылыстануды оқыту әдістемесінің кеңестік кезеңде дамуы
Автор: aidynalikul • Сентябрь 11, 2023 • Лекция • 1,486 Слов (6 Страниц) • 335 Просмотры
Лекция №3 Жаратылыстануды оқыту әдістемесінің кеңестік кезеңде дамуы
ХХ ғасырдың алғашқы жартысында биологияны оқыту әдістемесіне көптеген ғалым – биологтар мен әдістенушілер елеулі үлестерін қосты. Олардың ішінде: В. А. Герд (1870-1926), И.И. Полянский (1872-1930), Д.А. Судовский (1873-1942), Г.Н. Бочь (1871-1942), К.П. Ягодовский (1877-1943), В.Ю. Ульянинский (1876-1945), М.Я. Цузмер (1884-1946), С.А. Павлович (1884-1866), А.А. Яхонтов (1879-1973), М.М. Беляев (1880-1955), В.Ф. Наталей (1890-1965), Б.Е. Райков (1880-1966), П.И. Боровицкий (1896-1966), В.Ф. Шалаев (1890-1969), И.В. Козырь (1905-1973), О.В. Казакова (1909-1975), Н.М. Верзилин (1903-1984), Н.А. Рыков (1908-1984), В.М. Корсунская (1900-1991). Кеңес заманының алғашқы он жылдықтары революцияға дейінгі кезеңінен мұра болып қалған дәстүрлі курстарды әдістемелік тұрғыда толықтыру жолдарын іздестірумен байланысты болды.
20 жылдары биологиялық білім берудің жетекші проблемасы теорияның практикамен байланысы болды. Бұл мәселе батыс елдерінің де әдіснамалық және әдістемелік ойпікірлері үшін көкейкесті: онда мектептерді утилитаризм толқыны шарпыды. Мысалы, Германияда «экономикалық жаратылыстану» өріс ала бастады. Мұғалімдерге салмақ салып оларға ұлттың гүлдене дамуына жауапкершілікті жүктеп қойды. Мектеп биология курсында: «Үй жануарлары», «Мәдени өсімдіктер», «Зиянкестер», «Арамшөптер», т.б. тақырыптар толып кетті.
ХХ ғасырдың екінші жартысында әдістеменің дамуы оқу пәнінің мазмұнын анықтаудан оқыту проблемасына, одан үнемі пән мазмұнына көңіл бөле отырып, оқушылардың білім игеру үрдісімен байланысты проблемаларға ұласты.
Сол кезеңдердегі теориялық проблемаларға: биологиялық ұғымдарды дамыту,
оқушылардың танымдық үрдісі кезіндегі оқыту мен тәрбиелеу әдістерін
анықтау жатады.
И.И. Полянский (1872-1930)
Д.А. Судовский (1873-1942)
Г.Н. Бочь (1871-1942)
К.П. Ягодовский (1877-1943)
В.Ю. Ульянинский (1876-1945)
М.Я. Цузмер (1884-1946)
В.В. Половцов (1862-1918)
1907 жылы Ресейде В.В. Половцовтың «Жаратылыстануды оқытудың жалпы әдістемесі» деген оқыту әдістемесінің алғашқы кітабы жарық көрді, онда автор әдістемеден тұтас білім жүйесін жазған. Ғалым бұл еңбегінде сарамандық сабақтар мен танымжорықтардың білім берудегі маңызын толық сипаттаған, және жаратылыстануды оқытуда «Биологиялық әдісті» дамытты. Оқу пәнінің мазмұнын таңдап алуда В.В. Половцов үш ұстанымды негізге алуды ұсынады:
1. Формалар олардың атқаруларымен байланысты оқытылуы керек;
2. Өсімдіктің немесе жануардың тіршілік қалпы олардың мекен ету ортасымен бірлікті оқытылуы қажет;
3. Мектепте оқыту үшін биологиялық материалды мол беретін ағзаларды таңдап алу керек.
[pic 1]
В.В. Половцов өзінің әдістемесінде алғаш рет жаратылыстануды оқыту теориясына қатысты бірнеше ұрпақ бойы жинақталған ғалымдар мен мұғалімдердің бай тәжірибесін топтап жинады, біраз әдістемелік ережелерді негіздеді және дамытты. Ол алғаш рет жаратылыстанушыәдістемешілердің зерттеу бағыттарын анықтайтын бірнеше мәселелерді көрсетті: ғылыми пән мен оқу пәнінің арасындағы айырмашылық жөнінде, мектептегі оқытуда біртұтастық жөніндегі пікір, оқу пәніндегі болжамның ролі жөніндегі, эволюциялық теорияны оқып үйрену жөнінде, жыныс мәселесіне қатысты сауаттылық, мұғалімді дайындау жүйесі жөнінде, жаратылыстануды оқытатын мұғалім қандай болуы керек жөніндегі және т.б. Ғалым–ботаник ретінде В.В. Половцов табиғат құбылыстарын түсіндіруде материалистік ұстаным қажеттігін белсенді түрде жақтады. Ол: «Қалай? және Неге? деген сауалдарға әр кез жауап беруге тырысу керек, оған жауапты егер мұғалім таза ғылымилық негізде қалғысы келсе және ешқандай ғылыми деректі бұрмаламаса ешқандай теологияның қажеті жоқ, тек жаратылыстан, табиғаттың өзінде жатқан негізден іздеу керек» деп жазған, және «не үшін?, неге?» деген сұрақтар қорытындысында тек жаратушы Құдай деген тұжырымға келтіреді деп атап өткен. Ғалымның пікірі бойынша табиғатта барлығы Құдайдың әмірімен жасалып қойылған, сондықтан ол «неге? және қалай?» деген сұрақтарды ұсынады.
...