Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экономиканың кеңестік моделі: бас тартудың себебі

Автор:   •  Май 27, 2019  •  Реферат  •  3,529 Слов (15 Страниц)  •  1,095 Просмотры

Страница 1 из 15

РЕФЕРАТ

Пән: Мамандандырылған аймақтардың экономикасы

Тақырыбы:Экономиканың кеңестік моделі: бас тартудың себебі              

                                                       

                                             

                                                                          Орындаған:             Мырзакарім А.Ж.

        Группа 3Г-15 «ХҚ»

                                                           Тексерген:              Садыров Ғ.Ә

Алматы, 2017

                    «Ұзақ уақыт бойы социализм(коммунистік құрылымның ең бірінші кезеңі) прогрессивті, күшті әлеуметтiк жүйе, монолит, өндірісті дамытудың көптеген стратегиялық мәселелерін табысты шешуге қабілетті деп есептелініп келді. Сонымен қатар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған басқа социалистік елдердің халқында осы құрылымның мәні мен болашақ дамуына байланысты иллиюзиялар қалыптасқан.» [1] 

                    «Социализмнің экономикалық негізі мемлекеттік меншік болды. Орталықтандырылған басқаруы мен жоспарланған бүкіл экономикасы, керемет күшейтілген партиялық аппараты, сонымен қатар Мемлекеттік Қауіпсіздік Коммитеті және армиясы бар, қалыптастырылған мұндай бекініс пен қуатты оңайлықпен күйрететін күштерді табу мүмкін емес сияқты көрінді. Бірақ 1989-1991 жж. социализм картадан құрылған үй секілді барлық жерде бірден құлай бастады. Сонымен күйрететін күштер табылды, бірақ олар қауым мен «нағыз социализм» экономикасының ішінде бұрыннан жетіліп келген екен. «Әскери коммунизм», индустрияландыру, ұжымдастыру және соғыс жылдары, яғни төтенше жағдайлар мен жұмылдыру кезеңдерінде бұл күштер өзін көрсете алмады, тек соғыстан кейінгі бейбіт даму жылдарында сыртқа бүкіл қарама-қайшылық, тоқырау, тіршілік ету қабілетсіздіктің барлығы шықты.» [2]        

                    ««Нағыз социализмнің» құлауынан кейін аз уақыт өткен жоқ, ал біздің елдердің өткен шағының елеулі және күрделі зерттеулері жоқ. Шынында,  экономикалық білімнің жаңа парадигмасын жасау жайлы ойлар бар. Бірақ бұрынғы «нағыз социализмнің» парадигмалары мен құндылықтарынан бас тартпайынша біз қалай мұны іске асырмақпыз? Сонда, бұрыңғының инерциясы күшті болып тұрғаны. Қалай тезірек мұны шешсек, дәл солай алға жылжу оңайырақ болады. Бұрынғы қате теориялық құрылымдардан және большевиктік тәжірбиелерден бас тартпайынша жаңа парадигмаға өту мүмкін емес.» [3] 

                    Осы жұмыс арқылы Ресейде құрылған  «нағыз социализмнің» экономикалық моделінің  мәнін талдап көруге тырысайық.      

                    «Большевизм (большевик - РСДРП-ның солшыл фракциясы) - В. И. Лениннің, кейіннен оның ізбасарларымен басқарылған, марксистік ілімді тоталитарлық идеология мен тәжірибеге бұрмалаған, 1917 жылы Ресейде саяси жеңіске жеткен, ресейлік социал-демократиядағы ультрасолшыл ағым. Большевизм көп жағдайда Маркстің іргелі идеяларына қайшылық келтірді, бірақ  толықтай ұлтық дәстүрлерге жауап берді. Сайып келгенде, большевизмнің негізгі көзі - адамдардың алып массасының әлеуметтік жағдайын өзгертуге(жақсартуға)  ұмтылдыруда. Ал сол кездегі жағдай өте төмен болды.  Сондықтан, большевиктерге идеологиялық қолдау сырттан, сондай-ақ іштен яғни елден болды.» [4] 

                    Болшевизм ең алдымен марксизммен, Германиядағы «мемлекеттік социализм» тәжірибесімен, барлық утопиялық теорияларымен және дінімен байланысты.

                    «Дәл Маркстің өзі тап пен таптық күрес,  пролетариаттың кедейлігі, «экспроприаторлардың экспроприацияларын» туындатқан кірістер мен байлықтарды бөлудегі теңсіздік төңірегіндегі ыңғайлы идеологиялық құрылысты құрған еді. Бірақ көп ұзамай өмір таптық айырмашылықтың басқа(одан да өткір)  айырмашылықтардың: ұлттық, діни, кландық, мәдени, бейресми-бюрократиялық сияқтылардың жанында түк емес екенін көрсетті. Дегенмен революциянерлер үшін тапсыз өмір сүретін, өндірісті әлеуметтендіретін, ұтымды басқару және гүлденген қоғам құру туралы идеяны көтеру өте ыңғайлы болды.» [5] 

...

Скачать:   txt (38.7 Kb)   pdf (206.7 Kb)   docx (20 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club