Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

КОКП-ның әміршіл-әкімшіл басшылық рөлі мен М.С. Горбачевтың демократияшыл, реформаторлық қызметі арасындағы қарама-қайшылық

Автор:   •  Сентябрь 8, 2021  •  Лекция  •  1,989 Слов (8 Страниц)  •  1,535 Просмотры

Страница 1 из 8

Дәріс 6.1 КОКП-ның әміршіл-әкімшіл басшылық рөлі мен М.С. Горбачевтың демократияшыл, реформаторлық қызметі арасындағы қарама-қайшылық.

ХХ ғасырдың 80-жылдарының басында Кеңес Одағындағы дағдарыс пен тоқырау тереңдей берді. Әкімшіл-әміршіл басқару әдісіне негізделген халық шаруашылығындағы жоспарлы экономика жүйесінің тиімсіз екендігі айқын байқала бастады. Бұдан кеңестік қоғамның саяси-экономикалық жүйесіне түбегейлі реформалар жасау талабы туындады.

Егер саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан талдап көрсетер болсақ, дағдарыс төмендегідей белгілермен көрініс береді:

Осындай ауыр ахуалды 1985ж.наурыз айында КОКП Орталық Комитетінің (ОК) пленумында Бас хатшы болып М.С. Горбачев және оның төңірегі аңғарып, осы жылдың сәуір айында «қайта құру» бағытын жариялауға мәжбүр болды. Горбачевтің «қайта құруы» әкімшіл-әміршіл жүйенің дағдарысын «тоқырау» құбылысы ретінде сипаттап, қоғамды сауықтыру жолдарын іздестіре бастады. Бірақ әкімшіл-әміршіл жоспарлы экономикаға бейімделген коммунистік жүйені мүлде жаңа – нарықтық қатынастарды басшылыққа алған демократиялық басқарумен ауыстырмай елді дағдарыстан алып шығу мүмкін емес еді.

М.Горбачевтің әміршіл-әкімшіл жүйені сақтай отырып, елдегі қоғамдық өмірді демократияландыруды ұсынған идеясының кеңестік империя жағдайында жүзеге асуы мүмкін еместігін 1986ж.Алматыдағы Желтоқсан көтеріліс мен одан кейін орын алған Тбилисдегі, Бакудегі, Вильнюстегі наразылық оқиғалары көрсетіп берді. СОКП басшылығының жартыкеш реформа бағытын ұстануы, олар ұсынған елді «қайта құру» ақырында КСРО-дағы тоталитарлық жүйенің өзінің күйреуіне әкелді. Дегенмен де М.Горбачев елді демократияландыруды қызу қолдап, оны әлемдік қауымдастыққа жақындату бағытында біраз жұмыстарды қолға алды. Ол 1989 ж. Кеңес әскерінің Ауғанстаннан толық шығуын жүзеге асырды. КСРО-ның тұңғыш және соңғы президенті атанған ол, КСРО-ның халықаралық және сыртқы саяси бағыттарын өзгертуге белсенді кірісіп М.Горбачев 1990 жылы Нобель сыйлығын иеленді. Осындайда жергілікті республикалар (Ресей, Украина, Белоруссия) басшылар М.Горбачевтің КСРО-ны сақтап қалуды көздеген саясатына қарсы шықты. Соның нақты көрінісі олар ұйымдастырған 1991 ж. 8 желтоқсанындағы Беловеж келісімі КСРО-ның ыдырағанын рәсімдеп, М.Горбачев ел президенті ретінде өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болды.

Реформаторлық бағыттың біртіндеп үстемдік алуы Кеңес Одағында 1985-1991 жж.орын алған осындай қайта құру кезеңі, негізінен 3 бағытта айқындалып, бірнеше кезеңдерге бөлінді. Оны төмендегі талдауда көре аламыз:

Осы жалпылама талдауға сипаттама берер болсақ, әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделту деп аталатын алғашқы кезеңде (1985 ж. сәуір – 1987 ж. жазы) экономиканы ғылыми-техникалық прогресс негізінде қайта құру қажеттігі тұжырымдалады. Бұл өндірісті жеделдету мен еңбек өнімділігін тез арада көтерудің алғышарттары ретінде қарастырылды.

Алайда, іс жүзінде өндіріке жеке меншіктің, нарықтық қатынастардың толыққанды ендірілмеуі жеделтету тұжырымдамасын қиялға айналдырды. Дағдарыс барысында қалыптасқан өндіріс өнімінің тапшылығы заводтар мен фабрикаларды өндіріс құрал-жабдықтарын жаңартуға ынталандыра алмады. Тауардың жетіспеушілігі оның сапасында деген сұранысты жоққа шығарды. Сондықтан да заводтар мен фабрикалар шетелдік құрал-жабдықты сатып алу арқылы жеделдетуге бағытталған партиялық бағытты барынша орындамауға тырысты. Шет елдерден валютаға сатып алынған құрал-жабдықтар іске асырылмай, заводтар менфабрикалар алаңында теміржол станциялары мен қоймаарда қар мен жаңбыр астында жатты.

Жеделдету тұжырымдамасы өзінің жарамсыздығын ауыл шаруашылығында да көрсетті. Бұл салада оның жүзеге асырылмауының басты себебі меншікке байланысты орын алды. Мемлекеттік колхоздық-совхоздық жүйе ғылыми-техникалық революцияның, жаңа технология мен егіншіліктің ғылыми жүйесінің жетістіктерін қабылдауға дәрменсіз болды. Арендалық әдістерді енгізу еңбеккерлердің қаржы мен нәтижелерін иемдену. Табылған табыты бөлу принциперін өзгертпеді. Өндіріс құрал-жабдықтар мен еңбек нәтижесінен шеттетілген колхозар мен совхоз еңбеккерлерінің еңбек өнімділігін арттыруға құлқы болмады.

...

Скачать:   txt (29.6 Kb)   pdf (123.1 Kb)   docx (15.2 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club