Дәрілік қырмызыгүлі мен дәрілік сәлбен шөбі композициясынын фитоталдауы
Автор: 1me2ka3sa • Ноябрь 23, 2020 • Доклад • 2,230 Слов (9 Страниц) • 1,031 Просмотры
ДӘРІЛІК ҚЫРМЫЗЫГҮЛ МЕН ДӘРІЛІК СӘЛБЕН ШӨБІ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ ФИТОТАЛДАУЫ
Қаламғали Т.О., Бурашева Г.Ш.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Химия және химиялық технология факультеті,
Әл-Фараби к. 71, 050040, Алматы, Қазақстан, E-mail: k.tanakoz@mail.ru
Мақалада дәрілік қырмызыгүлі мен дәрілік сәлбен шөбінен композиция даярланып, сол композицияға фитоталдау жасалғаны келтірілген. Зерттеу нәтижесінде екі шөп композициясының құрамындағы амин қышқылдар, май қышқылдар, дәрумендер, макро- және микроэлементтер, негізгі биологиялық белсенді заттардың сандық құрамы анықталды.
КІРІСПЕ
Өзектілік. Дамыған елдердің фармацевтикалық нарықтарында дәрілік өсімдік шикізатынан алынатын дәрілер үлесі ХХ ғасырдың 80 – жылдарының аяғында-ақ 50 % жеткен [1]. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДСҰ) есептік деректері бойынша 4 миллиардтан астам әлем тұрғындарының 80 % жуығы біріншілік медициналық-санитарлық жәрдем жүйесі шеңберінде негізінен дәстүрлі табиғи дәрілерді қолданады. Токсикалық-аллергиялық дерттердің, химиялық-терапиялық дәрілерді қолдану, соның нәтижесінде «дәрілік дерттің» пайда болуына байланысты дәрілік өсімдіктер мен фитопрепараттарды қолдану өзектілігі соңғы он жылдықтарда өсті [2, 3, 4]. Мәселен, Германияның дәрілік заттар реестрінде фитопрепараттар 25 % астамын құрайды. Германиядағы қоғамдық пікірді зерттеу Институтының сұрақ –жауап деректері бойынша 50 % астамы табиғи дәрілерді таңдайды, ал тек қана 20 % химиялық дәрілік құралдарды жақтайды [5, 6].
Қазақстан Республикасында 2009 жылдан 2014 жылға дейін тіркелген дәрілер санының динамикасы көрсеткендей, шетелдік және отандық дәрілердің жалпы саны өсті [7, 8]. 2014 жылғы деректер бойынша олардың санын 11 мың атаудан көп дәрілік құралдар құрайды, соның ішінде 30 % астамы – өсімдік шикізаты, өсімдіктен алынған дәрілер немесе өсімдік текті компоненттерді қолданып жасаған дәрілер. Қазақстан Республикасында отандық өндірушілері шығаратын дәрілік жинақтардың 20 шақты атауы медицинада қолдануға рұқсат етілген [9].
Соңғы жылдары фитопрепараттар нарығында "кешенді препарат" және "көпкомпонентті препарат" деген түсініктер пайда болды. Кешенді препарат - бұл өндіріс үрдісінде бастапқы өсімдік шикізатынан нативті күйде өтетін ББЗ кешені бар кез келген сығынды препарат. Дәрілік жинақтар – көп компонентті препараттар. Бұл кейде тұздар, эфир майлары қосылған, көбінесе ұнтақталған немесе бүтін өсімдік шикізатының бірнеше түрлерінің қоспалары [10]. Көп компонентті препараттарды суда еритін дәрілік шайлар ретінде дайындау кең таралған. Дәрілік шайлар-табиғи композициясындағы ББЗ кешені бар гомогенді ұнтақтар. Соңғы кезде фитопрепараттар нарығында өсімдік ұнтақтарын қолданып жасалған дәрілік қалыптарға (брикеттер, фильтр-пакеттер, таблеткалар) қызығушылық артуда [11].
Қазақстанның фармацевтика нарығында қапталған өсімдік шикізаты мен жинақтар шығаратын 10 аса кәсіпорын бар. Нарықта ең үлкен сұранысқа ие өсімдік шикізаттары: батпақты иір тамырсабақтары, дәрілік қырмызыгүл гүлдері, түймедақ гүлдері, сана жапырақтары, сәлбен жапырақтары, аюқұлақ жапырақтары, валериана тамырлары мен тамырсабақтары, жөке және емен қабығы. Көп қолданылатын жинақтар: көкірек, урологиялық, тыныштандырғыш, өт айдайтын және геморройға қарсы.
Қазіргі кезде тұндырмалар номенклатурасында 35 атау бар. Олардың сапасы фармакопеялық мақалалармен (ФМ немесе ФМП) регламенттеледі. Тұндырмалар шикізаттың бір түрінен немесе өсімдік шикізатының бірнеше түрлерінің қоспасынан жасалуы мүмкін [12].
Зерттеу нысанымыз: 2019 жылы жиналған дәрілік Қырмызыгүл (Calendula) және дәрілік Сәлбен (Salfia) өсімдігінің жер беті бөлігі.
Дәрілік Календула (Calendula) өсімдігінің құрамы жайлы қысқаша түсінік
Сипаттамасы. Биіктігі 20-30 см жететін бұтақтанған сабақты біржылдық шөптесін өсімдік. Сабақ жапырағы сағақты, ұзын ланцет пішінді, кейде сағақсыз. Себеті үлкен, ені 50 мм, шет тілше гүлдері сары немесе сары-қызыл, ішек гүлдері қызыл, қос жынысты, тұқымы иілген, сыртқы дөңес жағында тікені бар. Маусым-қыркүйек айларында гүлдейді және жемістенеді.
...