Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психотерапевтік процестегі психотерапевттің рөлі мен орны

Автор:   •  Апрель 2, 2019  •  Лекция  •  6,205 Слов (25 Страниц)  •  1,615 Просмотры

Страница 1 из 25

 «ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАҒЫ ПСИХОТЕРАПИЯ» ПӘНІНЕН ЛЕКЦИЯ КЕШЕНІ

Дәріс №1

Тақырып         Пәнге кіріспе

Мақсаты: студенттерді психотерапия пәні, психотерапевтік теориялар мен оның әлеуметтік-педагогикалық жұмыстағы маңызы туралы жалпы ұғымдармен таныстыру.    

Кілт сөздер: психотерапия, кеңес беру, тұлғааралық өзара әрекеттесу, психодинамичкалық, мінез-құлытық, гуманистік психотерапия.

 Сұрақтар: 

  1. Психотерапияның анықтамасы және негізгі ұғымдары
  2. Психологиялық кеңес беру.
  3. Психотерапия теориясы.

Лекцияның қысқаша мәтіні:

  1. Психотерапия ғылыми пән ретінде өзінің теориясы мен әдістемесін, категориалық аппараты мен терминологиясын және т.б. ұсынады, бір сөзбен айтқанда, дербес ғылым болып табылады. «Психотерапия» ұғымын грек тілінен аударғанда «жанды емдеу» деген түсінікті білдіреді. Ол ауырған адамға қайырымдылық мәселелері мен оған қолданылатын шараларды қарастырады. Психотерапияның негізі логопедия (сөзбен әсер ету) болады. Бұл арада К.С.Станиславскийдің «театр киім ілгіштен басталады», - деген сөзі ауруды емдеу тіркеуден, қабылдау бөлмесінен және тағы басқалардан басталады деген пікіріне жақын.

Психотерапияда ауруға себепші болатын психологиялық әсерлер аурудың түріне, адамның ерекшелігіне қарай жоспарлы, жүйелі және біртіндеп жүргізілуіне байланысты. Психотерапевтің ауырған адаммен күнделікті жұмысы – психотерапия. Оған диагноз туралы ойы, сырқат адамға дертін түсіндіруі, жазылған нұсқау берердегі жігерлендіру сөздері және т.б. жатады.

Психотерапия дегеніміз - ауру адамды емдеу үшін қолданылатын ғылымға негізделген жүйелі психикалық әсер. Мұның негізі - сөзбен әсер ету болғанмен, психотерапияда сөзден басқада көптеген факторлар қолданылады. Осыған дәлел Ю.В.Каннабихтің: «Психотерапия – ауруларды емдеуге психологиялық әдістерді жоспарлы түрде қолдану», - дейді.

Бүгінгі күні психотерапияның 400-ге жуық анықтамасы – психикаға және адам психикасы арқылы ағзасына емнің әсер ету жүйесі, – деп беріліп жүр.

Бірінші анықтама медициналық тұрғыда, екіншісі психологиялық тұжырымдамалармен, үшіншісі - әлеуметтік, ал, төртіншісі - философиялық тұжырымдамалармен байланысты.

Медициналық анықтамада психотерапияны тек медицинамен (емдеу, денсаулық) қатаң байланыстырады. Ал, психологиялық анықтамасында негізгі тұлғааралық өзара әрекет, адекватты емес эмоциялар, даулар және т.б. түсініктер қолданылады.

  1.  2. Психологиялық кеңес беру әдетте адамдарда пайда болатын психологиялық сипаттағы мәселелер мен қиындықтарды шешу үшін (шешу жолдарын қарастыруда) оларға көмек беруге бағытталған процесс ретінде қарастырылады. Психологиялық кеңес берудің үш негізгі бөлігін көрсетуге болады: а) мәселеге бағытталған кеңес беру, яғни проблеманың мәні мен сыртқы себептерін талдауға мән бере отырып, шешу жолдарын іздестіру; б) тұлғаға бағытталған кеңес беру, бұл мәселелер мен жанжалдық жағдаяттардың пайда болуының жеке, тұлғалық себептерін және мұндай мәселелерді болашақта болдырмау жолдарын  талдауға бағытталған кеңес беру; в) мәселені шешу үшін ресурстарды анықтауға бағытталған кеңес беру.  
  2. Тұлғаға бағдарланған кеңес беру өзінің бағытына қарай психотерапияға жақын және бұл ұғымдардың арасындағы нақты шекараны белгілеу өте қиын. Психотерапия аурулармен, ал кеңес беру – сау адамдармен жұмыс деген реттегі анықтама толық емес.   Психологиялық кеңес медицина саласында да қолданылады (мәселен, психотерапиялық емделіп жүрмеген, өздерінің сырқаттарына тікелей байланысты емес жеке мәселелеріне қатысты көмек сұраған, жүкті немесе соматикалық ия жүйкелік-органикалық сырқаттары бар пациенттерге психологиялық кеңес беру). Елеулі тұлғалық мәселелері бар тұлғалармен жүргізілетін психологиялық жұмыстың мазмұны жағынан психотерапиядан еш айырмашылығы жоқ.  
  3. 3. Қазіргі уақытта психотерапияның теориялық мәселелері ерекше орынға ие. Себебі, бір жағынан, соңғы кездері тәжірибеде жеткілікті дәрежеде жиі қолданылатын психотерапияның әдістерінің түрі сан алуан, бірақ  олардың барлығының бірдей теориялық негізі бар деп айта алмаймыз. Екінші жағынан,  нақты теориялық тұжырымдамамен негізделген әдістің өзін кәсіби психотерапевтер толық деңгейде  сезіне бермейді. Алайда, атап айтқанда, «қалыпты» және «ауытқу» («ақау», «бұзылыс»)  ұғымдарының маңызын ашатын теориялық түсініктер психотерапевтік ықпалдың сипаты мен айрықшалығын анықтайды және оларды саналы түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кез келген, мысалы, техникалық «ақауды» жою кезіндегі ықпалдың сипаты мен бағыттылығының шарттылығы ешқандай күдік тудырмайды. Ақаудың себебін анықтау үшін, және де «сынықты» жою үшін  кез келген тетіктің жалпы жұмыс қағидалары туралы түсінік болу керек. Медицинада қалыпты, патология және ықпал ету (емдеу) жүйесі туралы ұғымдар арасында нақты сәйкестік бар, психотерапевтік тәжірибеде мұндай сәйкестік үнемі қарастырыла бермейді. Егер сөз симптоматикалық емдеу туралы емес, тұлғалық өзгеруге қатысты психотерапия туралы болса, онда бұд жерде психотерапияя теориясы ретінде теориялық психология, жекелеп алғанда, тұлға психологиясы бой көрсетеді.  Психотерапевтік тұрғылардың сан алуандығына қарамастан, психотерапияның үш негізгі бағыты, басқаша айтқанда психологияның үш негізгі бағытына сай келетін үш психотерапевтік теориялар бар. Олар: психодинамикалық, мінез-құлықтық және гуманистік, «тәжірибелік» және олардың әрқайсысы тұлға мен тұлғалық бұзылыстарды түсінуде өзіне тиесілі жеке тұрғысымен және осымен байланысты логикалық байланысқан меншікті психотерапевтік ықпал ету жүйесімен сипатталады.  

Дәріс №2 

Тақырып         Психотерапевтік процестегі психотерапевттің рөлі мен орны.  

Мақсаты: студенттер психотерапевттің рөлі мен орны туралы білімді меңгереді

Сұрақтар: 

  1. Психотерапевт тұлғасы
  2. Психотерапевттің кәсіби-этикалық кодексі

Лекцияның қысқаша мәтіні:

Бүгінгі күні психотерапия негіздерін білу әрбір мәдениетті адам үшін қажет. Ал басты міндеті адамдармен жұмыс болып табылатын педагогтар, оның ішінде әлеуметтік педагогтар мен қызметкерлер үшін кәсіби тұрғыдан аса маңызды болып табылады.  Олар өзінің және өзгелердің қылықтары мен себептері  көзден таса психикалық жай күйін жақсы түсіну мен бағалауға көмектеседі.  

...

Скачать:   txt (93 Kb)   pdf (247.3 Kb)   docx (43.5 Kb)  
Продолжить читать еще 24 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club