Жеңістің 75 жылдығы
Автор: nursuluorynbaeva • Апрель 15, 2020 • Реферат • 1,077 Слов (5 Страниц) • 375 Просмотры
Жеңістің 75 жылдығы
Ұлы отан соғысы аяқталған күннен бері біздің арамызды 75 жылдан астам уақыт бөліп тұр. Кеңес халқының соғыс жылдарындағы жауынгерлік және еңбектегі ерліктері шын мәнінде батылдық мектебіне және өскелең ұрпақ біздер үшін ерлік үлгісіне айналады. Қазақстандық жауынгерлер Москва үшін болған ұрыстарда жанқиарлықпен шайқасты, Ленинградты қорғауға және қоршауын бұзып шығуға Сталинград үшін шайқастарға қатысты. Олар Еуропа халықтарын фашистік құлдықтан азат етті және соғысты жапон милитаристерін талқандаумен аяқтады.
Баршаға мәлім, Ұлы Жеңіс- жаһандық тарихтағы мәңгі сөнбес оқиғалардың бірі. Біздің халқымызға жойқын азаптардың орны толмас шығындар мен қайғы қасіреттердің құнымен өтелді. Сондықтан қайшлықтар мен қайғы-қасіреттерге толы, сонау өткен дәуірдегі адамдардың соғыс туралы, тағдырлары туралы жады қаситетті де киелі. Қостанай облысының ауылдары мен селоларынан майданға жетпіс үш мыңнан астам біздің жерлестеріміз аттанды. Мәңгі есте қалдыру тізімінде қырық адамның есімі бар. Майданға аттанған жерлестеріміздің біреулеріне-көзі тірісінде, біреулеріне –бақилық болғанда Кеңес Одағының Батыры жоғары атағы берілді. Осындай атаққа ие болған батырларымыздың бірі: Баймағанбетов Сұлтан Біржанұлы Қостанай облысы Семозер (қазіргі Әулиекөл) ауданының Қояндыағаш ауылында туған. 1940 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Соғысқа 1941 жылдың маусымынан бастап қатысты. Сұлтан Біржанұлы біліктілікпен, қаһар шаша соғысқан. Ол төрт рет жарақаттанса да ұрысқа қайтадан аттанған. 1943жылдың 25 шілдесінде соғыс оты өршіп жау әскерлерді зеңбірекпен атқылап бас көтертпей тастаған тұста , шайқас тағдыры Сұлтанға байланысты болып, ол атыс нүктесіне еңбектеп жетіп, жаудың дзоты амбразурасына бірнеше гранат лақтырғанмен, зеңбірек үні өшпеген. Сонда ол ешбір ойланбастан оқ бүркіп тұрған дзотты кеудесімен жапқан.С.Б.Байммағанбетовке 1944 жылы 21 ақпанда Совет Одағының Батыры атағы беріледі. Сол жылы Қостанайдағы Красный Пахарь көшесіне С.Б.Баймағамбетов есімі берілген.
Есжанов Естай Жітіқара ауданының №3ауылында 1906 жылдың 20 мамырында туған. Соғысқа дейін Семозер ауданына Аманқарағай совхозында жұмыс істеген. Фашистік Германия Совет Одағына тұтқиылдан шабуыл жасағанда Е.Естай «Аманқарағай» совхозында зоотехник лауазымында жұмыс істеген. Ол бірінші шақырылымда майданға алынбаған, совхозға қажет адам еді. Оған кезек 1942 жылы жетті. Есжанов зеңбірек нысанашысы болған расчет 3 құртып, 30 фашисті жойған. Шайқаста артиллерист жараланса да , бірақ саптан кетпеді. Бірнеше күннен кейін гитлершілер резервтерін жақындатып, совет әскерлерін өзенге ығыстыру мақсатымен шабылға шықты. Бес зеңбірек расчетсыз қалды. Есжанов Естай қолынан жарақаттанды. Жарасын тез таңып алып, ол тайсалмастан бір зеңбіректен екінші зеңбірекке жүгіріп барып, гитлершілерді атқылаумен болды. Осы шайқаста ол жаудың үш танкісін, қару-жарағы бар 7 автоөмашинаны жарып, бір батальондай жау әскерін жойған. Осы ұрыста ерлік пен батылдық танытқаны үшін СССР Жоғары Советі Президиумының 1943 жылдың 17 қазанында кіші сержант Е.Есжановқа Совет Одағының Батыры атағы беріледі. Тағы бір осындай жерлесіміз ерлігі үшін наградасын алуға үлгермеді. Ұлы Отан соғысы аяқталуға небәрі үш апта қалғанда Қостанайлық Қасым Ахметов неміс басқыншыларымен бір ұрыста қаза табады. Жерлесіміздің ерлігі және оның Совет Одағының Батыры атағын алуға ұсынылғаны жайында арнайы құжат алды. Қасым ресми түрде награданы награданы алған жоқ, тек оның туған ауылында осы оқиға туралы ауызекі ғана сөз болған. Оның ерлігі туралы бүкіл қостанайлық жерлестер, -оның туған-туыстары арада 75-жылдай уақыт өткенде батыр ұлдарын зор қуанышпен мақтан етуде. Міне осындай батырларымыз аса қиын жағдайларда батырлық пен ерліктің таңғажайып үлгісін көрсеткен нағыз толағай рухтың иелері болатын. Олар алынбас қамалдың өзін еңсеріп, Мәңгіліктік тұғырына көтерілген Отан қорғаушылардың ерекше тектілері еді. Мүмкін ,КСРО батырларының уақыт пен кеңістіктен тыс мәртебеге ие болуы сондықтан болар.
...