Қатерлі ісікті жеңген ару
Автор: Aruzhandins • Сентябрь 24, 2018 • Эссе • 696 Слов (3 Страниц) • 725 Просмотры
Сахна қараңғы, ортаға жарық түседі
Грустная мелодия
На экране появляется фотография (больница)
Қыздың алдында свеча (восковая свеча) тұрады
-Адам өз өміріне төнеген бақытсыздықтың жақындап келе жатқанын іштей сезеді екен-ау. Соны сезгенде мінезінен айырылып, ой құрсауына түсуден қашады.
Иә сол кезде ,әйтеуір, бір үрей қысқандай қорқынышты ойлар санамды торлап, неге екенін қайдам, ауыр дертке ұшырағанымды сезгендей болдым.
Бірақ, тағдыр қаншалықты қатал болса, соншалықты мейірімді емес пе!
Қилы-қилы шытырман жағдайлар мен әр кейіптегі тағдырлар тоғысқан дүние ғой бұл.
Осы бір тар қапасқа келгелі өң мен түстің арасында жүргендей күй кешудемін. Менің еркімнен тыс бір күш әр ізімді аңдып, өзіне қарай тартып жатқандай .
Тек, менің жұдырықтай жүрегімде ұялаған жалғыз үміт оты ғана, еңсемді көтеріп, тіреп тұр Бүкіл арман – қиялымды осы бір жылтыраған отқа ғана сиядыруға мәжбүрмін. Сөнердей көрінетін әлсіреген үміт күшім, жарық сәулеге қарай жол сілтейді.
-Иә,иә... Мен неге налуым керек?
Мынау тынымсыз, қым-қуыт тіршіліктен мүлдем бейхабар төртқабырғаға байланған жан болсамда, Сенемін...
Дәрігер де бүгін, сараптама нәтижелерін көрсетемін деп еді. Қалай болар екен?
Жазылып кетермін, жеңіл түрі шығар.Жаспын ғой әлі. Ғұмырым алда. Әлсіз адамдар ғана беріледі. Ал мен болсам өз дәуіріне іңкәрмін. Егер осы жолы қуансам- өмір бойы шын қуанудың не екенін ұмытпаспын!
(Дәрігер кіріп сараптаманы қолына ұстатып, шығып кетеді)
-Шынымен жарығымның сөнгені ме... өмірден қызық көріп үлгерген де жоқпын ғой! Жалған, қателескен болар?Енді не істеймін? Өлімнің тез болғаны ма?
Азап, азап! Өз дертіңді сезіп, сәт сайын әлсіреген, сөніп бара жатқан адам өмірін, оның ішінде өзіңнің тұла бойыңның езіліп бара жатқанын біле тұрып. «Сен өмір сүресің!»- деу неткен азап еді. Осынау ғажап жылдамдықтағы құбылыстарды көзіміз көріп, құлағымыз естиді, жүрегіміз сезеді. Бірақ, тау тұлғалы адам тəнінде де жарылыстар болады.
(Гүрс еткен мылтық дауысы) (Қыз кеудесін ұстайды)
Қара киім киген адамдар қызды қоршап алады
- Жер дүниені қайыстырған аласапыран. Ішімдегі дүмпулер жиілеп жаңағы назарымда тұрған дүниелер мəнсіз, мағынасыз қалды. Ештеңе қызықтырмайды.
Бəрі басқаша. Ғарыш галактикасының еркін денесі сияқты едім. Ал қазір сөнуге шақ қалғандаймын. Сұр көшелер, сұр адамдар, бәрі сұр, Мен де сұрғылт ойлар құрбанымын... Расында да бəрі сұп-сұр. Ең ақыры уақыт екеш уақыттың өзі сылбыр тартып барады. Бəрінің себебі қатерлі ісік.қатерлі ісік, қатерлі ісік, қатерлі ісік.
Бұл дерт маған қайдан келді? Неге мен? Қандай жазығым бар? Сене алатын емеспін.
Аспан галактикасында сөніп бара жатқан жұлдыз сияқтымын. Бұрынғыдай көңілді, сергек, уайымсыз, алаңсыз жарқыраған жұлдыз емеспін. Бәрі бірақ күнде өзгерді. Солып барам... Өн бойымды қорқыныш билеп, өлім құрсауына кетемін-ау деген ой қайта-қайта мазамды ала берді. Армандар өшіп, мақсаттарымның мәні қалмады. Болашағымды елестетсем бұлыңғыр бейнелер ғана көз алдыма келеді. Ал анам, жан анаааам, анашым-ау!!! Өзіңді ойласам кеудемдегі жүрегім тіпті шыңғырып жібергендей болады.
...