Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Еңбегі кәсіппен тұтасқан тұлға

Автор:   •  Сентябрь 30, 2021  •  Эссе  •  846 Слов (4 Страниц)  •  444 Просмотры

Страница 1 из 4

Еңбегі кәсіппен тұтасқан тұлға

Туған елінің тағдыры үшін таланты мен бойындағы өнерін өзекті мәселелерге арнаған ұлы ақын,Абай Құнанбайұлының еңбектерін түгелдей дерлік білмейтін тұлға кемде кем. Абай жастайынан ел басқаруға араласқанда, жиған-терген білімін ел кәдесіне жаратып, өнер үйретіп, жаңа кәсіптерге баулимын десе, таңғаларлық жай емес.Бұл – өз ортасы, уақытынан оза туатын ұлы тұлғалардың көбінің басында болатын өкініш. Әйгілі «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңіндегі «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой, бес асыл іс білсеңіз» дейтіні Абайдың жас ұрпаққа айтар ойларының жиынтық қорытпа-құймағы іспетті. Абай атамыз жастайынан әкесі Құнанбайдың жетегімен еңбеккке ерте араласады. Мұндағы әке арманы баласын өз сара жолымен жүргізу болатын.Алайда Абайды әкесі қаншама рет ел билеу ісіне баулығысы келсе де,Абайдың бойында ел билейтін қабілет болса да өзінде қызығушылық болмағандықтан оны ұзақ уақыт атқара алмады. Абай атамыз,кәсіпкерлікті өзің қалаған іспен айналысу деп білді. Сондықтан да Абай атамыз құлқы,санасын байлық жаулаған өз замандастарына,ел жастарына ренжіді.Өз ортасынан, әсіресе, жастар бой¬ынан осындай келеңсіздіктерді көп көрген ол жасы қырықтарға жеткенде терең-терең ойларға шомып, іштей қатты күйзеледі. «Байлар мал қызығын көре алмаса, саудагер тыныш сауда жасай алмайды». Мұндайда, әрине, «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ». Осы аттас өлеңінде «Олардың жоқ ойында малын бақпақ, адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ» деп, әлгі өзі сынаған ырың-жырың берекесіздіктің сырын да ашады.Ақын бұл өлеңдерінде бәтуасыз-мәнсіз тіршіліктің өзегінде еңбек қадірін түсінбеушілік, кәсіпсіздік жатқанын сынап, сөзін жалпыға бірдей арнаса, одан қайыр таппағанын аңдаған соң, енді назарын тікелей жастарға қарай бұрады. «Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық» дейді. Бозбалалықтың уақытша өткінші екенін ескертеді. «Әуелі өнер ізделік, ең болмаса еңбекпен мал табалық» деп, ақылға шақырады. Осы орайда, ақынның сонау шәкірт кезінде-ақ жамағайыны Жақсылық дегенге арнаған бір шумақ әзіл өлеңі еске түседі. «Аяғыңды аңдып бас, ей, Жақсылық! Борышқорлық адамға қиын нәрсе, әрқайда өсткізеді мал тапшылық» дейтіні ше? Жалқаулық, еріншектік адамды сұраншақ етеді. Алғаныңды уақытында қайтармасаң, басыңдауға қалады. Ел-жұртқа жексұрын атанасың, азамат басың қор болады. Иә, Абайдың өз ортасынан көргені бірғана Жақсылық атты жалқау емес, ондайлардың жүзін, мыңын көріп, еңбексіз күн көрмек бәтуасыздықтарын ақын жылып өсті ғой. Ал, бұған не себеп деп ойлағанда, оқу-білім, өнерден құрқалғандық екеніне көзі жетті. Сөйтіп жастарға арналған атақты «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңі дүниеге келді. Дүниені де, малды да, не іздесең соның бәрін ғылым арқылы табасың деді. Ал, білімсіздер қалай өмір сүреді? Абай өз шығармаларында болыстықты көп сынайды.Болыс – билік иесі, елді кәсіпке бейімдеуге, тұрмысын түзетуге жауапты адам. Халықты осындай ауқымды, ірі істерге бастаудың орнына ол байғұс бар малын шығындап, болыс болып, «кәкір-шүкір, көр-жерді пайда көріп ептеп» жүр. Абай мұндай басшылардың ешқашан елді көгертпейтінін сынай отырып, қынжылады. Атаның ғана емес, адамзаттың ба¬ласы болған Абай өз басының қайғы-қасыретімен езіліп жүрсе де, онысын

...

Скачать:   txt (11.4 Kb)   pdf (45.8 Kb)   docx (10.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club