Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Зайсандықтардың майдан шебіне көмегі
Автор: Зарина Серикова • Апрель 2, 2023 • Статья • 1,297 Слов (6 Страниц) • 181 Просмотры
ӘОЖ 94(574.42)
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДА ЗАЙСАНДЫҚТАРДЫҢ МАЙДАН ШЕБІНЕ КӨМЕГІ
Хуантайқызы Толқын
Ғылыми жетекші – Серікова Зарина Серікқызы, педагогика ғылымдарының магистрі
С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі, Өскемен, Қазақстан
khuantaikyzy06@gmail.com
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті [1, 501 б].
Бұл қиын-қыстау кезеңнен Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы халқы да тысқары қалмады. Соғыс жылдары Зайсан ауданының еңбеккерлері майдан талабына сай еңбек етті. Соғыс жылдарындағы күйзеліске қарамай, колхозшы, жұмысшы қызметкерлер жеңіске лайықты үлес қосты. Кәсіпорын, мекеме, ұжымдарда еңбек еткен негізінен әйел-аналар мен жасөспірімдер болғаны мәлім.
Ақиқатын айтатын болсақ, соғыс кезінде ең алдымен колхозшылар аса ауыр жағдайда болды. Ер-азаматтар майданға аттанып, ауылдағы шаруашылыққа қажет көлік күші мен техника соғыс мұқтажына алынғандықтан, бар ауыртпашылық егде адамдарға, әйелдер мен балаларға түсті. Олар ауыл шаруашылығындағы жұмыстардың бәрін атқарды: жер жыртты, егін салды, суарды, шөп шапты, мемлекетке астық өткізді, мал бақты.
Демек, таңның атысы, күннің батысымен снаспай, тәулігіне- сағат бойы еңбек етті. Яғни, дала жұмыстары түгелдей қол күшімен атқарылды.
Соғыс басталғанда ауданымызда шағын 22 колхоз, 2 МТС болды, олар 15090 бас ірі қара, 3923 бас жылқы, 97946 бас қой-ешкі, 2337 бас шошқа, 17908 гектар дәнді дақылды баптап күтті. Бұл кезде халықтың әл-ауқаты өте төмендеп кеткен еді. Киім-кешек жетпеді, аз сатылды, тауар бағасы 11-15 есеге артты. Нан өте қымбат болды. Азық-түлікпен қамтамасыз етудің карточкалық жүйесі енгізілді [2, 189 б].
Еңбектегі ұйымдастыру жолында материалдық ынтадан гөрі, төтенше әдіспен жұмыс істеу қалыпты әдетке айналды. Адамдар қатаң тәртіп бойынша жұмыс істеді. Осыған қарамастан қарапайым еңбекші халық жеңісті жақындату мақсатында майданнан бар көмегін аяған жоқ. Тіпті, 1941-1942 жылдары соғыстың ең ауыр кезеңінде егіс көлемі ауданда көбеймесе, азайған жоқ. Жердің көбі қол соқа мен өгіз, сауын сиыр жегіліп жыртылды. Астық үшін күреске барлық еңбекші тракторшылар, комбайншылар, машинистер, қол орақпен орушылар, молотилка жүргізушілер, астық тасушылар, мұғалімдер мен мектеп оқушылары жұмыла кірісті. Олар өздерінің еңбектері майдандағы жеңіске үлес қосатынын түсініп, сол үшін жеңіске күресті, олар «Астықпен ауданды қаруалндырайық, норманы орындамай, егін-жайдан кетпейік!» - деген еді. Соның нәтижесінде жеке колхозшылар, бригадалар мен звенолар жоғары өнім алды.
Мәселен, 1941 жылы аудан бойынша дәнді-дақылдың әр гектарынан 11 центнерден, ал «Қазақстан» ауылшаруашылық артелі 30 центнерден өнім жинады. Осы колхоздың звено жетекшісі Тайпақ есдәулетов бекітілген дәнді астықтың әр гектарынан 36 центнерден өнім алды. Сол үшін 1941 жылы ол «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Сол сияқты еңбектегі жоғары көрсеткіші үшін Зайсан МТС-інің тракторшысы Е.Шектібаева «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды [3, 2 б].
Аудан колхоздары тек 1942 жылы Отанға 716 бас ірі қара, 4141 бас қой және 166 шошқа тапсырып, Қызыл Армияға арнап Қорғаныс қорына 455 ірі қара, 1844 бас қой, 114 бас жылқы және 38 шошқаны ет үшін қосымша жіберген. Сонымен қатар аудан колхоздары мемлекетке мал өнімдерін өткізудің 1942 жылғы тапсырмасын 103% артығымен, ал сүт, жұмыртқа өткізудің жылдық жоспарын орындаған. Сондай-ақ көкөніс, мал терісін өткізу жоспарын асыра орындауды қамтамасыз етті [4, 9 б].
...