Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әбілғазы Баһадүр хан «Түрік шежіресі»

Автор:   •  Октябрь 18, 2018  •  Доклад  •  2,353 Слов (10 Страниц)  •  2,100 Просмотры

Страница 1 из 10

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

СӨЖ

Тақырыбы: Әбілғазы Баһадүр хан «Түрік шежіресі»

Тексерген: Козыбакова Ф.А.

Орындаған: 17-5 А, 1-топ

Жоспар:

Кіріспе: Түркі халықтары ғалымдарының өміріне қысқаша шолу және олардың еңбектерінің Қазақстанда бағалануы

Негізгі бөлім:

  1. Әбілғазы Араб Мұхаммедұлының өмірбаяны.
  2. Әбілғазы Баһадүр ханның шығармашылығы және оның әлемде және Қазақстанда бағалануы.
  3. Әбілғазы Баһадүр ханның «Түрік шежіресі» шығармасы туралы алғы сөз.
  4. Әбілғазы Баһадүр ханның «Түрік шежіресі» шығармасының баптарына қысқаша шолу.
  5. «Түрік шежіресі» шығармасының баптарының бөлімдеріне тоқталу.

Қорытынды:

«Түрік шежіресі» шығармасының әдеби маңызы.

Әбілғазы Баһадүр хан (1603-1664ж.ж.)

Әбілғазы Баһадүр Хан 1603 жылы Хорезм хандығының астанасы Үргеніште Жошы ұрпағынан тараған Арабмұхамед ханның отбасында  дүниеге келіп, 1664 жылы қайтыс болған. Хиуа ханы болып 1645 жылдан бастап, 1663 жылға дейін билік еткен,  тарихшы-шежіреші.

Өмірі

Әкесі Арабмұхамед хан Шыңғыс әулетінен шыққан  1602 жылы Хорезм ханы болып жарияланған. Анасы  Мейірбану да Шыңғыс хан әулетінен шыққан, Арал теңізі маңындағы қазақ руларының ханы Жанғазы сұлтанның қызы. Әбілғазы әкесі салдырған Арысхан медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан дәріс алған. Медреседе халық ауыз әдебиетін, тарихты оқып зерттеді, әскери өнер, мемлекеттік басқару ісін меңгерді. 16 жасқа шыққанда әкесі оны үйлендіріп, Үргеніштің жарты бөлігін билеткен. Арабмұхамед ханның қартайған шағында балалары арасында билікке талас басталды. 17 жасынан бұл талас-тартысқа Әбілғазы да араласты. Оның аяғы ағайынды адамдар арасындағы қарулы қақтығысқа ұштасты. Сондай соғыстың бірінде 1621 жылы Әбілғазы ауыр жарақаттанып, Әмударияны жалғыз жүзіп өтіп, қашып құтылады. Маңғыстаудағы түрікмендерді, қазақ хандары Есім мен Тұрсынды паналайды. Әбілғазы Ташкентте Тұрсынхан сарайында 2 жыл тұрып, еліне қайтып келген соң, 1628 жылы ағаларының қолына түсіп, Иранға жер аударылды. 10 жылдай Исфахан қаласында айдауда болған. 1638 жылы Исфаханнан қашып шығып, түрікмен руларының арасында жасырынып жүрген. 16401641 жылы Жем өзені бойындағы Қалмақ ханы Хо-Өрліктің ордасында тұрған. Осы жерден Арал қазақтары көп сыйлық беріп, Әбілғазыны қалмақ ханынан сұрап алып, өздеріне хан көтерді. 1643 жылы Ілияс би бастаған Арал қазақтары Хиуа ханы Аспандиярға қарсы көтерілгенде Әбілғазы солармен бірге болған. Екі жыл бойы Хиуаға дамылсыз шабуыл жасап, ақыры қазақ, өзбек, қарақалпақтардың күшімен 1645 жылы Хиуаны алып, хан болып жарияланды. Хан тағына отырғаннан кейін де көп жылдар түрікмен тайпаларымен соғыс жүргізді, Хиуа хандығы жеріне баса-көктеп кірген қалмақтарға қарсы қиян-кескі ұрыс жүргізді, Бұхараға шабуыл жасады. Тек 1663 жылы ғана хандық билігін ұлы Ануш Мұхамедке беріп, бейбіт істермен айналысуға мүмкіндік алып, шығармашылық жұмысқа кірісті.Әбілғазы өз заманының білімді адамдарының бірі, зиялылардың ұстазы болды.

  • Ол өзі туралы:"Құдай тағала мырзалық қылып, маған біраз нәрселер берген. Мен, әсіресе, үш түрлі өнерді жете меңгердім. Біріншісі — әскери өнер, яғни әскерді басқару, оның тәртібі ; Eкіншісі — ақындық өнер, яғни түрлі өлең құрылысын сақтай отырып, түрік тілінде меснеуи, қасида, ғазел, рубаят тәрізді өлең шығара алу, араб, парсы, түрік сөздерінің мағынасын жетік білу; Үшіншісі — бұрын Сауд АрабиясыИранТұранМоңғолияны билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білу" деп жазды.

Шығармашылығы

Әбілғазы жазған “Шежіре-и Тарахима” (“Түрікмен шежіресі”, 1661 жылы) және “Шежіре-и Түрк” (“Түрік шежіресі”, 1665 ) атты тарихи екі шығарма шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды. “Шежіре-и түрк” ғылыми ортаға 18 ғасырдың бас кезінде мәлім болды. Кітаптың қолжазбасын Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл тауып, оны Бұхар ахунына орысша аудартқан. Көп өзгерістерге ұшырамай, қазіргі қазақ тіліне өте ұқсас таза көне түрік тілінде жазылған қолжазба алғаш рет француз (1726), орыс (17701780) және неміс (1780) тілдерінде кітап болып шықты. 1825 жылы шежіренің араб әрпімен жазылған түпнұсқасы граф Н.И.Румянцевтің араласуымен Қазанда басылып шыққаннан кейін ғана ғылыми айналымға қосылды. Академик Х. Френ бұл басылымды “шығыстану ғылымының даңқын шығаратын үлкен іс” деп бағалады. 1854 жылы И.Н.Березин “Шығыс тарихшылары кітапханасының” 3- томына Г.С.Саблуков жасаған орысша аударманы кіргізді. Жоғарыдағы нұсқасы мен Даль коллекциясынан Азия музейіне түскен жаңа қолжазбаны пайдаланып, П.И.Демезон оның салыстырмалы нұсқасын екі кітап етіп бастырып шығарды (1871 — 1874). Бұл шығарма — Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта АзияҚазақстанТаяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен сол тұстағы ел басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама. Еңбекте қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазы ханның “Түрік шежіресі” — тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік тұратын шығарма.

...

Скачать:   txt (33 Kb)   pdf (212.9 Kb)   docx (29.2 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club