Халықаралық ынтымақтастық жүйесінің элементтері. Халықаралық ұйымдардың жіктелуі
Автор: A.karimova • Ноябрь 26, 2020 • Реферат • 369 Слов (2 Страниц) • 431 Просмотры
Тақырып 1
Халықаралық ынтымақтастық жүйесінің элементтері. Халықаралық ұйымдардың жіктелуі. Әуе көлігінің экономикалық, техникалық, коммерциялық мәселелері.
Әлемдік әуе көлігіндегі халықаралық экономикалық ынтымақтастық бірнеше өзара байланысты элементтерден тұратын күрделі ұйымдық - экономикалық жүйе болып табылады. Олардың қатарына қатысушылар, ұйымдық - құқықтық тетігі және ынтымақтастық құралдары, сондай-ақ оны өткізудің деңгейлері, нысандары мен әдістері жатады.
Халықаралық ынтымақтастық көп жоспарлы сипатқа ие және бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Әлемдік әуе көлігінде Халықаралық экономикалық ынтымақтастық жүйесі элементтерінің жалпы құрылымы схемалық түрде суретте көрсетілген. .
Әуе көлігіндегі Халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың барлық негізгі қатысушылары топтарға біріктірілуі мүмкін: олардың үкіметтері мен авиациялық әкімшіліктері тұлғасындағы мемлекеттер; әуе компаниялар мен әуе кәсіпорындар; әуежайлар; туристік фирмалар және әуе тасымалдарды сату жөніндегі әуе компаниялардың басқа да агенттері - ұйымдары; ұшақтарға, жолаушыларға және жүк жөнелтушілерге қызмет көрсету жөніндегі әуе компаниялар мен әуежайлардың делдал - ұйымдары (отын құю фирмалары, техникалық және коммерциялық қызмет көрсету мен борт тамағын ұсынатын ұйымдар, автокөлік фирмалары, қонақ үйлер және басқа да қызмет көрсететін ұйымдар). Халықаралық әуе қатынастарының жалпы әлемдік желісі қазіргі уақытта бірнеше географиялық аймақтарды және әлемнің 200-ден астам мемлекеттерін қамтиды. Осыған байланысты Халықаралық экономикалық ынтымақтастық мынадай түрде бөлуге болатын бірнеше деңгейде жүзеге асырылады: жалпы әлемдік, өңірлік, мемлекетаралық,
...