Тарихи жады негізіндемәдени сабақтастықжәне ұлттық-азаматтық бірегейлік
Автор: Сабина Болатова • Январь 18, 2021 • Контрольная работа • 273 Слов (2 Страниц) • 1,009 Просмотры
Страница 1 из 2
Тақырып №1: Тарихи жады негізіндемәдени сабақтастықжәне ұлттық-азаматтық бірегейлік.
Сұрақтары:
- Мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының заңдылықтары.
- Қазақстанның қазіргі заман тарихының басты мәселелерінің өзектелігін айқындау.
- Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи деректері мен тарихнамасының талдануы.
Жауаптары:
- Мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы осыдан 20-25 жылдай уақыт бұрын хал-ахуал қиын еді. Ұлттық валютамыз айналымға енгеннен кейін үш айға жетпей, он еседей құнсызданды, ал, жылдық есепте тіптен сұмдық болды. Гиперинфляция экономикаға аз соққы болмаған еді. Бұл өз кезегінде халықтың әлеуметтік жағдайын да нашарлата түсті. Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау – халықтың жаңа қоғамдық саяси-экономикалық жүйеге бейімделуі оңай болған жоқ. Сондықтан да кей салада дисбаланс жүрді, яғни тепе-теңдік бұзылды. Дегенмен бұл қиын әлеуметтік-экономикалық үрдіс бірнеше жылға созыла келіп тежелді. Шамамен 2000-жылдардың басы. Мұнай, басқа да шикізат бағалары қымбаттап, экономикада ілгерілеу басталды. Әлеуметтік жағдай да көтерілді, мәдениетімізде дами түсті.
- Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың тарихы және бүкіл адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі. Өйткені ол Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы – Ұлы Далада ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғалар, құбылыстар, фактілер, үдерістер, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас айқындау.
- Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын тұжырымдық және практикалық зерттеуде пәнаралық ұстанымдар қолданылады. Тарих ғылымының тұжырымдарын саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану сияқты өзге қоғамдық ғылымдардың методологиялық негіздерімен ұштастырудың маңызы талданған. Мысалға, өзекті деректердің бірі Ұлттық мемлекет құру жолындағы азаттық қозғалыстар, Кеңестік қазақстанның тарихи бастаулары: қазақтандыру қиыншылықтары, Қазақсандағы экономикалық, рухани тоқырау және экологиялық мәселелер, Ұлы дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты, Қазақ елінің ұлы дала өңіріндегі мемлекеттермен сабақтастығы және Қазақстан – әлем мойындаған ел болып табылады.
...
Доступно только на Essays.club