Тасты және теміртасты конструкциялар туралы жалпы түсінік. Қолдану аймағы
Автор: sungat97 • Февраль 10, 2019 • Реферат • 1,564 Слов (7 Страниц) • 2,121 Просмотры
Жоспары:
1.Кіріспе............................................................................................................1
2.Негізгі бөлім..................................................................................................2
2.1. Тасты және теміртасты конструкциялар туралы жалпы түсінік. Қолдану аймағы.......................................................................................................... ....2
2.2 Беріктігі және аязға төзімділігі.............................................................. ...4
2.3Қысу,созу және иілу кезінде беріктікке әсер ететін негізгі факторлар. ...5
2.4Деформативті сипаттамалары.......................................................... .........6
3.Қортынды................................................................................................... .7
4.Пайдаланылған әдебиеттер................................................................... ......8
Кіріспе
Тас Құрылымдар – өте ертеден пайдаланылып келе жатқан құрылыс материалдарының бір түрі. Көптеген елде тастан қаланып жасалған ғажап ескерткіштер бар.Тас Құрылымдар ұзақ уақыт сақталады, отқа төзімді келеді әрі олар жергілікті жердің материалдарынан да құрастырылады. Тас Құрылымдардың кемшілігі: салмағы ауыр, жылуды жақсы өткізеді, тастарды қалауға байланысты болатын қол еңбегін көбірек қажет етеді. Осыған байланысты құрылысшылардың күштері жылу оқшаулағыш материалдардың қолданылуымен тиімді жеңілдетілген Тас Құрылымдарды өңдеуге бағытталды. Қазіргі құрылыста Тас Құрылымдар (әсіресе қабырғасы мен ірге тасы кірпіш пен тастан тұратын) кеңінен тараған құрылыс құрылымдарының бірі болып саналады. Тас Құрылымдарды жобалау кезінде тәжірибелік ережелер және ғылымі түрде негізделмеген есептеу тәсілдері қолданылды.Тас Құрылымдардың беріктілігі мен есептеу тәсілдері туралы ғылым 1932 – 39 ж. пайда болды. Тас Құрылымдар – ғимараттар мен үйлердің тастан қаланған (ірге тас,қабырға, бағана, арқалық,күмбез, т.б.) көтергіш және қоршау құрылымдары. Тас Құрылымдарүшін кірпіш, керамика және құйматас тастар мен блоктар (тұтас және кеуек), ауыр не жеңіл тау жыныстары (әктас, туф, т.б.), ауыр және жеңіл құйматастан, силикаттан құрастырылған ірі блок түріндегі жасанды және табиғи тас материалдар, сондай-ақ құрылыстық ерітінділер пайдаланылады.
1
2.Негізгі бөлім
2.1. Тасты және теміртасты конструкциялар туралы жалпы түсінік. Қолдану аймағы.
Тасты қалау деп ерітінді арқылы тұтас материалға айналған жасанды немесе табиғи тастардан құралған қалауды айтамыз. Тасты конструкциялар мыңдаған жылдар бойы қолданысқа ие болған, қазіргі кезде де сыртқы және ішкі қабырғаларда, іргетас бағандарында көп қолданады.
Артықшылықтары – ол отқа төзімділік, жақсы жылу және дыбыс өткізгіштігі, ұзақ уақытқа жарамдылық, аз эксплуатациялық шығындары. Көп жағдайда тас материалдары жергілікті болып келеді.
Кемшіліктері – үлкен өзіндік массасы және қол еңбегін көп қажет етеді.
Қазіргі кезде арасына жылу изоляциялық материалдар салынған көп қабатты кірпішті сыртқы қабырғаларды кеңінен қолданады. Көтеру қабілеттігін жоғарлату үшін болатты арматураларды қолданады; бұндай қалауды теміртасты қалау д.а.
Ерітінді ретінде бейорганикалық байланыстырғыштан (цемент, ізбес, саз), ұсақ толтырғыштан (құм), судан және арнайы қосымшалардан құралған ерітіндіні қолданады. Байланыстырғыш түріне қарай ерітінділерді цементті, ізбесті және араласқан (цемент-ізбесті, цемент-сазды) деп бөледі. Құрылыс ерітінділері жаңа дайындалған күйінде қозғалғыштық және су ұстамдылық қасиеттеріне ие болуы керек, ал қатқан күйінде беріктігі жоғары болуы керек.
Тасты материалдарды келесідей бөледі:
Түріне қарай:
- Табиғи, тас карьерларында алынады (бут, қиыршық тас);
- Жасанды тастар, күйдіру тәсілімен алынған (керамикалық), және күйдірусіз тәсілімен алынған тастар (силикатты, шлакты, бетонды тастар);
Құрылымына байланысты:
- Тұтас кірпіш және тұтас тастар;
- Бос денелі кірпіш және әртүрлі қуыстары бар тас;
Қол тасты қалау үшін керамикалық кәдімгі, қуысты, силикатты және т.б. қолданады, өлшемдері 250х120х65мм, және модульді, өлшемдері 250х120х88мм. Массасын төмендету үшін қыстар қарастырылған (сурет 8,1 а). Сонымен қатар, керамикалық тастарды қолданады, өлшемдері 250х120х138 (сурет8,1 б).
2
[pic 1]
Сурет 8,1. Кірпіш және керамикалық тастар.
Тұтас қалаудың монолиттігін және беріктігін қамтамасыз ету үшін вертикалды және көлденең тігістердің байлауын жасайды. Көп таралған түрлері бір қатарлы және көп қатарлы жүйелер (сурет 8,2).
...