Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Библиографиятану ғылымы

Автор:   •  Февраль 12, 2019  •  Реферат  •  2,569 Слов (11 Страниц)  •  1,823 Просмотры

Страница 1 из 11

                                               Жоспар

Кіріспе

1.Жалпы библиографиятану

1.1.Библиографиятандың құрылымы

1.2.Библиографиятанудың мазмұны мен методологиясы

2.Библиографиятану ғылымы

2.2.Библиографиятанудың ғылымы мен тәжірибесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

                                                   

                                                      Кіріспе

      Библиография (көне греше: bіblіon – кітап жәнекөне грекше: drapho – жазу) – баспа өнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі насихаттайтын ғылыми-практикалық қызметтің бір саласы. Ал библиографияны зерттейтін ғылым саласы "библиографиятану" деп аталады. Ол кітаби мұраларды, библиография тарихын, теориясын, библиография қызметті ұйымдастыру жолдарын зерттейтін ғылыми пән ретінде де қолданылады. Баспа өнімдерін іріктеп, оларды жүйелі түрде саралау, ғылыми сипаттама беру және қысқаша мазмұнын ашу арқылы библиография ғылыми мен мәдениет дамуының деңгейін айқындауға көмектеседі, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт сілтейді, белгілі бір ғылыми қағидаларды, саяси, философиясы және экономика көзқарастарды, техника жетістіктерді таратуға мүмкіндік туғызады.

       Библиография тарихына тоқтала кетсек Ежелгі Грекияда пайда болып, кітап шығару ісімен тығыз байланысты, әдеби және ғылыми сынмен салаласа дамыған. Кейін білімдердің дараланып, сала-салаға бөлінуіне байланысты библиография ғылымның жеке бір саласына айналды. Қазақстанда 1937 жылы баспа өнімдерінің міндетті данасын бір орталыққа жинау белгіленген. Осының негізінде баспасөз өнімдерін тіркеу және оларды мазмұнына, ғылыми және идеялық мәніне қарай топтастыру жұмыстары жүрді. Яғни, олар басылым түрлеріне (кітап, мерзімді баспасөз, т.б.), сыртқы белгілеріне (авторы, атауы, жарыққа шығу мерзімі мен орны), мазмұнына (тақырыптық, пәндік, жүйелік) қарай топтастырылды.

Библиографиятануда баспа туындыларына библиография сипаттама берудің маңызы ерекше. Ол белгіленген ереже бойынша жасалады. Библиография сипаттамада автордың атыжөні, шығарманың тақырыбы, басылым орны, мерзімі, көлемі туралы мәлімет беріледі. Қажет жағдайда мазмұндалған (аннотацияланған) сипаттама жасалады. Библиография атқаратын қызметіне қарай – ретроспективті (ағымды, өткенді шолу) және перспективті (басып шығаруға дайындалған өнімдер), тақырыбына қарай – салалық, өлкетану, елтану, сын және жалпы әмбебап болып бөлінеді. Сонымен қатар библиографияның қосымша түрлері – библиографияның жалпы жағдайын, дамуын қадағалайтын және еліміздің белгілі ғалымдарының, ақын-жазушыларының, қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы мәлімет беретін биобиблиография деген түрі де болады. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың өркендеуіне байланысты кітапханалық процестер де автоматтандырылған. Библиографтар құрастырған көрсеткіштерді белгілі бағдарлама бойынша компьютерлерде басып шығарады. Әлемдік деңгейде жұмыс істеу үшін Интернетке қосылу библиография үшін үлкен жетістік болды. Арнаулы мәліметтерді сақтау мақсатында техника баспа материалдары (микрофиштер, магниттік таспалар, дискеттер) пайдаланылады.

       Жұмыстың мақсаты: библиографиятануды қызметтік жүйе ретінде қарастырып, оның құрылымы мен мазмұнын ашу.

       Зерттеу объектілері:

 1. Библиографиятанудың құрылымы мен мазмұны

2.Библиографиятанудың ғылымы мен тәжірибесі

3.Библиографиятанудың методологиясы

                                    Жалпа библиографиятану

                             1.1.Библиографиятану құрылымы

Библиографияның негізгі тақырыбы келесі анықтамамен сипатталады: библиографиялық ақпараттардың құрылымы мен қасиеттерін, оның қалыптасу үлгісін және тұтынушыларға байланысын зерттейтін ғылыми пән.

...

Скачать:   txt (37.3 Kb)   pdf (184.9 Kb)   docx (23.3 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club