Психология ғылымы мен практикасының пәні, салалары және міндеттері
Автор: Alima-01 • Ноябрь 9, 2019 • Реферат • 53,623 Слов (215 Страниц) • 1,335 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Философия және психология факультеті
Психология кафедрасы
Бурленова Салтанат Ошакбайкызы
«Жалпы психология» пәні бойынша
Дәрістер курсы
мамандығы: «5B050300-Психология»
Қарағанды 2018
№ 1 дәріс
Дәріс тақырыбы: Психология ғылымы мен практикасының пәні, салалары және міндеттері
Дәріс жоспары:
1.Психология ұғымы мен пәні.
2. Психологиялық таным, оның түрлері мен міндеттері.
3. Психологиялық ғылымның категориялық қатары.
4. Психологиядағы теория, эксперимент және практиканың бірлігі.
Жалпы психология — психика дамуының жалпы зан-цылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық принцип-терін және оныц ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйе-сін зерттейді. Басқаша айтқанда, бұл ғылыми-теория-лык; және эксперименттік психология деп те аталады. Жалпы психология — адамның танымы мен практикалык іс-әрекеттерін, түйсіну мен қабылдауын, ее пен қия-лын, ойлау мен сөйлеуін, ерік-жігері мен сезім күйлерін, адамның өзін-өзі меңгеруінің жалпы зандылықтарын қарастырады. Адамның жеке басындағы өзіндік психо-логиялык ерекшеліктері болып саналатын мінезі мен темпераментін, мінездегі жетекші ниет-тілектерді, қабі-леті мен өнерді таңдаіі білуін т. б. ерекшеліктерін зерт-тейді.
Психология дегеніміз не? “Рsyche” және “logos” тікелей грек тілінен аударғанда “жан туралы ғылым” немесе “жан туралы білім” дегенді білдіреді.
Психология тарихында адамның ішкі әлемі жан және жан құбылыстармен түсіндіріледі. “Психология” сөзінің өзі кейіннен ғана пайдаланыла бастады. “Психология” сөзін шығарған кім жөніндегі тарихшылар көзқарасы әртүрлі. Бірінің айтуы бойынша оның авторы
Лютер Ф. Меланхтон, ал екіншісінің айтуы бойынша – философ Гокклениус “Психология” сөзі ғылыми әдебиетте XVIII ғасырда пайда болды. 1732-1734 жылдары жарияланған “Рационалды психология” мен “Эмпирикалық психология” еңбектерінің авторы неміс философы Христиан Вольф бұл терминді алғаш рет философиялық тілге енгізген.
Лингвистикалық көз қарас бойынша “Жан” және “Психика” – бір ұғым. Бірақ мәдениет пен ғылымның даму процесінде бұл ұғымдар мағынасы өзіндік мәнге ие болды. Қазіргі кезде тұрмыстық психологиямен өнерде психика сөзінен гөрі көбінесе жан сөзі кең қолданылады. Және де керісінше ғылымда “жан” ұғымы сирек қолданылып “Психика” ғылыми ұғым болып табылады.
Психология – адамның ішкі әлемінің психикасы, адам жүріс-тұрысын түсіндіретін психологиялық себептер жайындағы ғылым. Психикалық құбылыстар астарларында ішкі субъективті тәжірибе деректері түсіндіріледі. Бұл деректер қатарына адамның түрлі психикалық құбылыстары жатады.
Түйсіну, қабылдау, елес, қиял, ойлау, сөйлеу, есте сақтау, еске түсіру қайта жанғырту – бұл танымдық психикалық процестер болып табылады. Бұл процестер арқылы адам сыртқы және ішкі әлемді таниды. Түйсіну мен қабылдау, көру, есту, сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу сияқты сезім мүшелері арқылы адамға білім береді. Қабылдау нәтижесінде заттармен құбылыстар адам миында тұтастай бейнеленеді. Адамның есінде пайда болатын елестер зат бейнесін қайта жанғыртады. Ол өткен тәжірибедегі сезім мүшелер арқылы алынған әсерлерді сақтайды. Ал қиялдағы пайда болатын елестер адам бұрын көрмеген жаңа бейнелерді құруға бағытталған.
Қиял фантазияға ұқсас. Ойлау анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, ой-тәсілдер және ой қорытындылары арқылы жаңа білім алуға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде адамда сыртқы және ішкі әлемнің қасиеттері мен заңдылықтарын түсінуге көмектесетін жаңа бейнелер, ұғымдар қалыптасады.
Танымдық процестер ырықты және ырықсыз болады. Ырықсыз процестер адамда ырықсыз, өзінен өзі пайда болып, өтеді. Олар қабылданып, есте сақталып, еске түсірілетін заттар мен құбылыстардың ерекшеліктерімен шақырылады. Олар бақыланатын құбылыстар мен заттар жаңалығына байланысты пайда болады. Ырықты процестер адамда өз ниетімен әсер етіп көру, есте сақтау, еске түсіру, елес, ойлауда пайда болады. Олар мақсатты түрде реттеліп, қабылдауға, жаттауға, еске сақтауға, ойлауға айналады. Ол үшін белгілі бір күш керек.
...