Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психология ғылымы нені зерттейді?

Автор:   •  Сентябрь 27, 2021  •  Контрольная работа  •  1,376 Слов (6 Страниц)  •  1,255 Просмотры

Страница 1 из 6

1 дәріс.

  1. Психология ғылымы нені зерттейді?

Психология – психикалық құбылыстардың пайда болуын, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Әрбір ғылымның өзіне тән зерттеу объектісі болады. Осы психология ғылымын бірден түсіну қиын, әрі ол – күрделі мәселе. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Психологиялық құбылыс көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы таныс, күнделікті тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Психология – ерте заманнан келе жатқан білім салаларының бірі. Ең алғаш ежелгі Грекияда пайда болған. «Психология» гректің екі сөзінен тұрады: «псюхе» - жан, «лоос» - сөз, ілім деген мағынаны білдіреді. Сондықтан бұл сөзді жан туралы ғылым деп түсінген жөн. Адам баласы аспанның көгілдір, ағаш жапырақтарының жасыл екендігін көреді, әр түрлі дыбыстарды естиді, сезіу қабілеті, яғни әрбір адам өзінің айналасындағы заттарды түсініп қабылдай алады. Адамда ойлау, сөйлеу қабілеті бар. Адам баласы бұрын болған оқиғаларды есте сақтайды, келешек туралы ойлайды. Сонымен қатар қуану не ренжу сезімі болады. Осының бәрін психология ұғымына тән зат.

Осы орайда, біз психологияның жантану жайындағы ғылым екеніне тағы бір көз жеткізе аламыз. Психологияның жалпы 3 түрлі ерекшелігі бар. Бірінші ерекшелігі – ол адамтану жайындағы ғылымдар, екіншісі – адамның психологиялық дара ерекшеліктерін, психикалық процестердің анықтығын айқындау үшін XIX ғасырдың орта кезінен бергі тәжірибелік зерттеулердің кеңінен қолданылуы болып келеді. Осы тұрғыда, психологияны эксперименттік ғылым ретінде қарастыра алады. Үшіншісі – психологияның өзге сабақтас ғылыми пәндерден ерекшелеп тұратын жайт – ол пәннің дербестігі. Яғни, психология ғылымында адам жан дүниесінің сырларын зерттеуде ең алдымен оның заңдылықтарын, әр бір адамның жеке басына тән ерекшеліктері мен сыр – сипаттарын даралап іздестіруді қажет етеді.

  1. Психология ғылымының қандай салалары бар?

Қазіргі кезде психология ғылымы – көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отыр. Бұл салалардың дамуы мен қалыптасуы жағынан адамның әр түрлі іс – әрекеттерін қамтитын әр қилы сатылардан тұрады. Яғни,

1) Тәлім – тәрбие психхологиясы. Бұл сала – адамды оқыту мен тәрбиелеуді зерттейді. Ол оқушылардың ақыл – ойы мен ойлау жүйеін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз – шәкірт арасындағы өзара қарым – қатынастардың реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Яғни, оқу – тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму заңдылықтарынан ауықтығын балалармен тәлім – тәрбие жұмысын жүргізу әдіс – тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай – ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де шұғылданады.

2) Жас кезеңдерінің психологиясы. Әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейді. Бұл сала оқыту мен ақыл – ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл – ойын, сана – сезімін жетіодірудің тиімді мәселелерін іздестіреді.

3) Арнаулы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр түрлі аурулардың себептерін қарастырады.

4) Еңбек психологиясы. Бұл адамның іс – әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Яғни, әр түрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өңдірістік – кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал – аспаптардың құрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастырады.

5) Медициналық психология. Дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез – құлқын зерттейді. Яғни, дәрігердің өз емделушісінің арасындағы байланыстан алыс емес.

...

Скачать:   txt (15.5 Kb)   pdf (88.2 Kb)   docx (12 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club