Мүк тәрізділердің (Bryophyta) шығу тегі және тіршілік ерекшеліктері
Автор: Luna Dean • Апрель 9, 2023 • Контрольная работа • 2,906 Слов (12 Страниц) • 370 Просмотры
Дәріс № 1
Дəрістің тақырыбы: Мүк тәрізділердің (Bryophyta) шығу тегі және тіршілік ерекшеліктері.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Жоғары сатыдағы өсімдіктерді жүйелеудің негізгі ережелері
2. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің сипаттамасы
3.Мүк тәрізділер (bryophta) бөлімі
Дәріс мақсаты мен міндеттері: Студенттерді жоғары сатыдағы өсімдіктерді жүйелеудің негізгі ережелерімен таныстыру, оларға жалпы сипаттама беру, мүк тәрізділер бөлімінің өсімдіктерінің ерекшеліктері, систематикасымен таныстыру.Мүк тәрізді өсімдіктерінің класс, қатар, тармақтарына бөлінуін өкілдерімен таныстыру арқылы үйрету.
Дәріс мазмұны:
1. Өсімдіктер систематикасында өсімдіктерді жүйелеуде өзіне тән тілі, үғымдары және таңбалары қолданылады. Систематикалық бірлікті белгілеудё таксон термині қабылданған. Ол әр түрлі рангтарда болуы мүмкін. Ресми түрде қабылданған және "Ботаникалық номенклатура жөніндегі халықаралық кодексте" жарияланған (орыс тілінде 1959 ж. басылған) соңғы Халықаралық ботаникалық конгрестің шешімдеріне сәйкес ботаникада 23 таксон қабылданды:
Өсімдіктер патшалығы - Regnum vegetabile
Бөлім - Divisio
Бөлім тармағы - Subdivision
Класс - Classis
Класс тармағы - Subclassis
Қатар - Ordo
Қатар тармағы - Subordo
Түқымдас - Familia
Түқымдас тармағы - Subfamilia
Триба немесе буын - Tribus
Триба тармағы, немесе буын тармағы - Subtribus
Туыс - Genus
Туыс тармағы - Subgenus
Секция - Sectio
Секция тармағы - Subsectio
Серия - Series
Серия тармағы - Subseries
Түр - Species
Түрше - Subspecies
Вариация, немесе түр өзгерісі - Varietas Субварияция, немесе вариация тармағы - Subvarietas Форма - Forma
Форма тармағы - Subforma. Одан әрі жеке individuum (индивидуум) түр дарақтары немесе өсімдік особьтері деп жіктеледі.
Ең басты таксономиялық рангқа түр жатады. Түр ретінде филогенетикалык түрғыдан, яғни шьгғу тегінің бірлігіне байланысты біріктірілген қатарлардың систематикалық бірліктері алынады. Түр дегеніміз - шығу тегі бір, қоршаған ортаның әсерлеріне байланысты және тіршілік үшін күрес нәтижелерінде сүрыпталып, өзге тіршілік иелерінен жекеленіп қалыптасқан үрпақтардың жиынтығы; сонымен бірге түр эволюциялық процестің белгілі бір кезеңі болып саналады.
Түрлерді түршелерге жәңе вариацияларға жіктеуге болады.. Түрше дегеніміз түр ішінде өзге дарақтардан ерекше белгілері бар және бүл белгілері түқым қуалайтын формалар топтары. Вариация дегеніміз әдетте белгілі бір тіршілік жағдайларына байланысты ұрпақтарда байқалатын жаппай қүбылыс; вариациялық белгілердің түқым қуалаушылық қабілеттілігі темен. Сонымен катар систематикада форма деген үғым болады: ерекшеліктер тіршілік жағдайларынан туындайды және бүл жағдайлар түрақты болуы шарт, яғни белгілер түқым қуалайды. Систематиканың ең кіші бірлігі - түр дарағы, немесе индивидуум; әрбір түр дарағының тек өзіне ғана тән ерекше белгілері болады.
Жақын түрлер туыстарға біріктірілгендей, жақын туыстар да тұқымдастарға топтастырылады. Көбінесе таксономиялық рангтарда үлкен тұқымдастарды тұқымдас тармағына, трибаға бөліп қарастырады. Сол сияқты бір тұқымдасқа ұқсас туыстар топтары біріктірілсе, қосымша тұқымдас тармағы жэне триба рангтары қолданылады.
Жақын тұқымдастар топтары қатарларға біріктіріледі. Қатарға филогенетикалық жағынан жақын бір немесе бірнеше тұқымдас кіруіне байланысты еске сақтауға жеңіл келеді. Біршама жоғары таксономиялық категорияға класс (classis) жатады. Класқа жақын қатарлар біріктіріледі, бірақ қатармен салыстырғанда кластардың айқын айырмашылықтары болады. Соған байланысты өсімдіктер кластар саны жағынан аз. Мысалы, гүлді өсімдіктер дара және қос жарнақтылар болып тек екі класқа бөлінеді. Өте ірі кластар, әдетте класс тармақтарына бөлінеді.
...