Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өсімдіктердің шығу тегі және анатомия-морфологиялық жіктелуі. Өсімдік клеткасының жалпы құрылымдық ерекшеліктері

Автор:   •  Сентябрь 27, 2022  •  Лекция  •  31,594 Слов (127 Страниц)  •  480 Просмотры

Страница 1 из 127

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

БАЙСЕИТОВА Н.М.

  Өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы

(лекциялар жинағы)

 

 

 

Лекция № 1,2

        Тақырыбы:   Өсімдіктердің шығу тегі және анатомия-морфологиялық жіктелуі. Өсімдік  клеткасының жалпы құрылымдық ерекшеліктері

         Мақсаты: Студенттерге ботаника ғылымы мен оның бөлімдері, дамуы,  өсімдіктердің  құрғақшылыққа шығуына байланысты  морфо-анатомиялық жіктелуі,  биосферадағы және адам өміріндегі маңызы  және клетканың құрылысы туралы білім беру.                       

Лекцияның жоспары:  

  1. Органикалық дүние жүйесіндегі жоғары сатыдағы өсімдіктердің орны.
  2. Прокариоттар мен эукариоттардың негізгі ерекшеліктері.
  3. Клетканың құрылысы және биологиялық  маңызы.  
  4. Цитоплазманың жалпы сипаты мен қозғалысы.

Вакуоль жүйесі, оның клетка тіршілігіндегі ролі.

 Лекция мәтіні: Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы ботаника ғылымының бір бөлімі.  Пән өсімдіктердің клетка, ұлпа және мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық құрылысын, қызметін және жер шарындағы маңызын қарастырады.

 Өсімдіктер әлемі әр түрлі ортада тіршілік етуге бейімделген басқа тірі организмдер сияқты тіршілік-тынысы, пішіні, көлемі жағынан алуан түрлі. Өсімдіктер шөлдерде, ағысы қатты өзендердің, теңіздер мен мұхиттардың түбінде, сол сияқты биік таулардың қар жамылғысы белдеулерінде де өсе алады. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән тіршілік нысаны бар.  Өсімдіктер көлемі жағынан да әр түрлі. Ең майда тірі организмдерге вирустар мен фагтар жатады. Оларды 100-300 мың және одан да артық есе үлкейтіп көрсететін электрондық микроскоп арқылы ғана көруге болады. Таяқша тәрізді бактериялардың кейбіреулерінің ұзындығы 1-10 мкм, ені 0,2-1мкм (1 мкм –10*-6м). Темекіде теңбіл (мозайка) ауруын туғызатын вирустың ұзындығы орташа есеппен 300 нм (1 нм –10*-9м), ені 15нм. Ал бактериофагтардың көлемі 50-100 нм аралығында.

        Ботаника ғылымының бір саласы-өсімдіктер морфологиясы. Өсімдіктер морфологиясы өсімдіктердің сыртқы құрылысын, дамуын, өсімдік мүшелерінің құрылысы мен өзара қырым-қатынасын, олардың атқаратын қызметіне және тіршілік ортасына байланысты түрөзгерістерін зерттейді. Өсімдіктер морфологиясы 18-19-ғасырлардың тоғысқан кезеңінде қалыптасты. «Морфология» деген термин грек тіліндегі «морфо»-пішін, «логос» ғылым деген сөзінен шыққан, ұсынған неміс ақыны және жаратылысзерттеушісі В.Гете.  Кез-келген өсімдіктің ерекшелігі оның сыртқы пішіні мен құрылысынан көрінеді, ол өз кезегінде ұзақ тарихи дамудын нәтижесі. Өсімдік мүшесі-өзіне тән құрылысы бар, белгілі бір қызмет атқаратын өсімдіктің бір бөлігі .

Өсімдіктер анатомиясы-өсімдік мүшелерін түзетін ұлпалардың құрылысын қарастырады. Кез-келген тірі организмнің ең кіші элементі клетка. 17-ғасырда микроскоптың ашылуы анатомияның ашылуына бастама болды, соңғы екі ғасырда жиналған мәліметтер 19-ғасырдың 40-жылдарында Т.Шванн мен М.Шлейденнің клетка туралы ұғымды тұжырымдауына негіз болды

         Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор. Өйткені біздің планетамызда өсімдіктердің кездеспейтін жері жоқ, олар Аркика мен Антарктиданың суық шөлдерінде, сол сияқты температурасы 70 С-ге жететін ыстық бұлақтарында, жер қыртысының 100м-ге (2-3 км тереңдікте кездеседі) дейінгі терең қабаттарында және атмосферада 10-12 км-ге дейінгі (спора түрінде) биіктікте, ал кейбір балдырлар (қоңыр және қызыл балдырлар) теңіз суларының 200-250 м-ге дейінгі тереңдігінде кездеседі. Олай болса, өсімдіктер жануарлармен салыстырғанда өте кең тараған, сондықтан олар биосфераның шекарасын анықтайды.

...

Скачать:   txt (419.7 Kb)   pdf (597.8 Kb)   docx (121.7 Kb)  
Продолжить читать еще 126 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club