Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

XIV-XV ғғ. Қазақстан

Автор:   •  Октябрь 16, 2018  •  Эссе  •  536 Слов (3 Страниц)  •  913 Просмотры

Страница 1 из 3

                          Эссе

XV-XVI ғғ.қазақ халқы мен оның этникалық аумағының құрылып, қалыптасуынан сан ғасырлық процесі негізінен аяқталады.

Қазақ халқының құрылуына себеп болған этникалық процестердің бастау көзі мүлде ежелгі уақыттан – алғашқы қауым қоғамның ыдырау дәуірінен барып шығады да өз дамуында оның бірнеше кезеңі айрықша көзге түседі. Антропологиялық мәліметтерге қарасақ этникалық даму барысында ұзақ замандар бойына халықтың еуропатекті түрі тұрақтанып сақталып қалады да, кейінірек жүре келе  азды көпті монғол текті түрге қарай өзгере бастады. Тілдік хал-ахуал да өзгермей тұрмайды, ежелгі тайпалардың иран тілі бірте-бірте сатылап, осынау территорияның кейінгі қоныстанушылрының  тілі түрік тілінде орын береді. Қола дәуірінде мал өсірумен, егіншілікпен шұғылданған, бет-бейнесі эуропатектес болып келетін андроновтық үнді-иран тайпаларының орнын ерте темір кезінде оңтүстік мен шығыс солтүстік пен батыс облыстарында-савромат тайпалары басады.

Әр бір халықтың этногенез процесінің жалпы схемасы төмендегідей болды: жеке рулар, тайпалар, тайпалық одақтар, халықтар, ұлттар – осылармен қатар тілдер де дамыды. Қазақ халқының қалыптасу үрдісінде бір неше кезеңдерді атап айтуға болады. Қазақстан аумағында және бүкіл Орта Азиядағы этногенетикалық процестердің түп тамыры қола дәуірінен басталады. Қазақ даласын қола дәуірінде мекендеген андронов тайпалары өздерінің нәсілдік типті жөнінен европеидтер (европотекті) болған.Антрополог О.Смағұловтың пікірі бойынша, олардан кейінгі сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері андрондықтарға ұқсас болған. Ерте темір дәуірінде қазіргі Қазақстан территориясын сақ, үйсін, қаңлы тайпалары мекендеген. Сақ тайпаларын да антропологиялық жағынан европеоидтық нәсілге жатқызуға болады.  Үйсіндер мен қаңлыларда да европеоидтық нәсілге тән белгілері болды, дегенмен олардың бет пішінінде монғолоидтық элементтер біршама күшейе бастады, мұның өзі ғұндардың қоныс аударуына байланысты болды. Қазақстан антропологтардың жинаған деректері бойынша, ғұндар басып кіргеннен кейін жергілікті тайпалардың арасындағы монғол антропологиялық компоненттері бір шама өседі. Келесі кезең «түрік» кезеңі деп аталады. Евразияның далалық өңірлерінде VI-XII ғғ. бір-қатар этникалық-саяси және мемлекеттік құрылымдар өмір сүреді, атап айтқанда, Түрік, Батыс-Түрік қағанаттары, түргештер, қарлұқтар, Қарахан мемлекеті, оғыздар, кимақтар, кыпшақтар. Сонымен, түрік дәуіріндегі этномәдени пішіні түрік, дүниетанымы түрік, европеоидтық-монғолоидтық белгілері бар тайпаларды қазақ халқының физикалық жағынан бірден-бір жақын тікелей алдынғы ата-бабасының түріне жатқызуға мүмкіндік берді. Осы кезде монғол элементтері 50 % өсе түсті.

...

Скачать:   txt (8.2 Kb)   pdf (158.4 Kb)   docx (11.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club