Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

1916 қан-құйлы

Автор:   •  Октябрь 8, 2018  •  Эссе  •  259 Слов (2 Страниц)  •  601 Просмотры

Страница 1 из 2

Елімнің басынан небір қиын кезеңдер өтті. Соның бірі қан-құйлы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Көтерілістің шығу себебі патшаның өз жарлығын хабарлауы болды. Патша жарлығында 19 бен 43 жас аралығында ер азаматтарды қара жұмысқа шақыруы туралы айтылды.

Бұл жарлық халықтың үрейін қашырып, ел ішінде үлкен мәселе туғызды. Ал бай-шонжарлардың балалары жалған құжат арқылы бұл жарлықтан құтылып кетті.

Менің ойымша бұл тарихи оқиғаның болуы сол кездегі қазақ елін дүр сілкіндірді. Себебі, бұл уақыт небір қиын қыстау кезеңдер, елден қашып, көшіп кету, болшевиктердің соққысында қалу, жақындарынан айырылу деген сияқты сұмдық жағдайларды туғызды. Сол кездегі Ресей империясының әділетсіздігі, қазақ елін қанауы, көптеген бассыздықтары қазіргі заманда судың бетіне шықты деп ойлаймын. Себебі КСРО құрамында болғанда біздің тарихи шындығымызды айтуға мүмкіншілік болмады.

Сол кездегі батырларымыз А.Иманов, Ә.Жангелдин, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықовтар елі үшін, халқы үшін қасық қаны қалғанша күресіп, әділеттілік жолында жанын берді.

Мен ойлаймын сол кезде де сатқындар, қорқақтар болды. Елден бас сауғалап қашқандар, сатқындақ жасағандар да аз болмады. Соның салдарынан да көтеріліс жеңіліс тапты. Көтеріліс жеңіліс тапса да 1917 жылғы ақпанда Ресей империясында монархиялық билік жүйесінің құлауын жақындатты.

Академик Кеңес Нұрпейіс: «1916 жылғы көтеріліс империялық зорлық зомбылыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстардың ең маңызды оқиғаларының біріне айналды.» деп өз пікірін білдірді.

Қорыта келе айтқым келетіні бұл ұлт-азаттық қозғалыс сол замандарда халқыма небір қасірет алып келді.

...

Скачать:   txt (3.3 Kb)   pdf (37.9 Kb)   docx (10.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club