Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Анализ работы С.Сейфуллина "Кокшетау"

Автор:   •  Март 27, 2020  •  Творческая работа  •  270 Слов (2 Страниц)  •  1,366 Просмотры

Страница 1 из 2

Сәкен Сейфуллин "Көкшетау" поэмасын зор мақтанышпен жазған. Өзінің сондай ғажап Көкшетауды қалай сүетінімен, таңданысымен бөлісіп, өзгелер де соны сезінсін деген. Ол үшін Көкшетау жай ғана әдемі емес, ол үшін Көкшетаудың өзі де, айналасы да керемет, тамаша, ең жоғарғы сұлулық. Тіпті алғашқы екі сөйлемінде "сұлу" сөзі екі рет қолданылған.

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.

Тавтология емес, оны әдейі істегенін білемін. Ол үшін Көкшетау кербез сұлу, жауын сол Көкшетаудың бетін жуу үшін жаратылғандай, бұлттар тек Көкшетауды көру үшін үстінен өтетіндей, көлдің барлығы Көкшетаудың құлындай, оларды алтын кесеге Көкшетаудың өзі салғандай. Еш жер Көкшетаудың айналасындағы ауаға жетпес, жұпарын бір иіскеген адам сол жерге мәңгілік құмар, тіпті қайыңы мінсіз әппақ, қарағайының биіктігі сонша, оған еш адам жете алмаған, қия алмаған.

Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,

Жүреді біліп кетіп есен-сауын.

Сексен көл Көкшетаудын саясында,

Әрқайсы алтын кесе аясында.

Ауасы дертке дауа, жұпар иісті

Көкірек канша жұтса, тоясың ба?

Ырғалған көкке бойлап қарағайы,

Қасында көк желекті әппақ қайың,

Жібектей желмен шарпып төңіректі,

Балқытып мас қылады иіс майы.

Қарағай биік шыңды қиялаған.

Еш адам оны барып қия алмаған.

Поэмадағы Көкшетаудың және айналасындағы табиғаттың ақылы бар сияқты. Тірі жандай ойлайды, бір-біріне қарап, тамсанады, еркелейді, тіршілік етеді. Өзінің сұлулығын біліп, өзгелерге сол жайлы айтуға ұялмайды.

...

Скачать:   txt (4 Kb)   pdf (26.9 Kb)   docx (8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club