Қазақстандағы көрікті жерлер
Автор: Shamshat • Март 19, 2019 • Лекция • 1,114 Слов (5 Страниц) • 1,131 Просмотры
Қысқа мерзімді жоспар
Мектеп: | К.Мендалиев атындағы ОЖББМ | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Манкишева Айымжан Мендыхановна | |||||
Сынып: 6 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Бөлім атауы: | Қазақстандағы көрікті жерлер | |||||
Сабақтың тақырыбы | Хан Тәңірі шыңы | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | Т/А4. Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау. Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу. | |||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Жинақы мәтін жазуға негіз болатын сөйлемдерді іріктей отырып, негізгі ойды анықтайды. Кейбір оқушылар орындай алады: Жинақы мәтінді оқылым және тыңдалым материалындағы негізгі ақпараттарды сақтай отырып жазады. | |||||
Бағалау критерийлері | • Мәтіннің құрылымдық ерекшелігін ажыратады • Сұрақтарға жауап беру арқылы негізгі ойды анықтайды • Негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді • Материалдар негізінде жинақы мәтін жазады | |||||
Тілдік міндеттер | Оқушылар орындай алады: жинақы мәтін жазу үшін тығдалым бойынша білімін пайдаланады. Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Хан Тәңірі шыңы, П.П. Семенов–Тянь-Шанский, Кан-Тоо, Қытай жылнамалары, альпинист, экспедиция | |||||
Құндылықтар | Қоршаған ортаны қорғау | |||||
Пәнаралық байланыс | География, қазақ әдебиеті, бейнелеу | |||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Қазақстандағы көрікті жерлер туралы біледі. | |||||
Жоспарлана- тын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 мин | 1. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал тудыру. Мені көріп тұрғандар, бір шапалақ, Мені естіп тұрғандар, екі шапалақ, Сабаққа дайын топтар, үш шапалақ! 2. Сыныпты суреттер арқылы топқа бөлу[pic 1][pic 2] [pic 3] 3. «Миға шабуыл» әдісімен бөлінген суреттер арқылы тақырыпқа болжау жасатамын. ҚБ: Өзіндік ойын еркін, жүйелі жеткізе алған оқушыларға мұғалім тарапынан қолдап, «Керемет! Жарайсың! Өте жақсы!» сияқты сөздер айтылады. Сабақтың тақырыбы айтылады және сабақтың мақсаты таныстырылады. | Сурет қиындылары Мұғалім презентация-сы | ||||
Сабақтың ортасы 5 мин 10 мин 15 мин | Тыңдалым алды тапсырмасы. 1-тапсырма. «Шың» сөзін естігенде көз алдыңа не елестейді? Жеке сөздер мен сөз тіркестері арқылы жазыңыз. Ж. Жеке ойланып жазуға – 1-1,5 минут Ж/Ж. Жұбымен бөлісіп, бір-бірін толықтыруға – 1 минут. ҚБ. Мұғалімнің қолдау сөздері. Тыңдалым тапсырмасы. 2-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз және құрылымдық ерекшелігіне назар аударып, сұрақтарға жауап беріңіз. Оқушыларға аудиомәтін тыңдатылады. Хан Тәңірі - Шығыс Тянь-Шаньдағы шың, Қырғызстан мен Қазақстан (Алматы облысына таудың солтүстік-батыс бөлігі қарайды) және Қытай шекарасында. Солтүстік жер шарындағы ең биік нүкте. 1857 жылы П.П. Семенов–Тянь-Шанский Тянь-Шань биік таулы тобын зерттей келе былай деп жазды: «Біз күндізгі сағат бірлер шамасында таулы өткел үстіне жеткенімізде көз шағылысардай күтпеген көрініске тап болдық. Біздің тура оңтүстігімізден өз басым бұрын-соңды көрмеген ең үлкен жотаны көрдім. Жотада төбесін қар басқан оқшау алыптар жатыр. Соның ішінде пирамида тәрізді үшкіл ақ басты шың басқалардан екі есе биік көрінді…». Бұл – аңызға айналған Хан Тәңірі шыңы болатын. Хан Тәңірі деген ұғымның мағынасы «Рухтар әміршісі, құдайлар патшасы, аспан әміршісі» деген мағынаны білдіреді». Хан-Тәңірінің қырғызша атауы Кан-Тоо, яғни «Қанды тау». Семенов-Тянь-Шанскийдің жазуына қарағанда, жергілікті тұрғындар шыңның бір жақ шекесінің батар күннің шұғыласына бөленіп, оттай лаулап қызаратынына байланысты «қанды тау» атап кеткен көрінеді. Көзімен көргендердің айтуы бойынша, шынында да, күн ұясына қонарда кешкі шапақпен шың басы өзгеше алаулап, тау басымен жүгірген алакөбең бұлт көлеңкелерімен құбылып, қып-қызыл қан шапшып тұрғандай көрінеді. Қазақ жерінің ең биік нүктесінің бірі – Хан тәңірі (6995 метр; басқа дерек бойынша – 7010 метр) жайындағы тұңғыш мәлімет бұдан 1200 жылдан астам уақыт бұрынғы Қытай жылнамаларында кездеседі. Бірақ шыңның тұңғыш рет ғылыми түрде ашылған кезі – ХIХ ғасырдың ортасы. 1856-1857 жылдары Тянь-Шаньға жасаған атақты сапарында белгілі орыс географы және саяхатшысы Семенов-Тянь-Шанский Хан тәңіріне байланысты көрген-білгенін алғашқы болып хатқа түсірді. Осы жарық көрген ғылыми мәлімет орыс және шет елдің көптеген зерттеушілері мен альпинистерінің шыңға деген ынта-ықыласын аударды. Сөйтіп, 1864, 1876, 1886 жылдары орыс және шет ел оқымыстылары мен шың бағындырушыларының Хан тәңіріне бірнеше мәрте экспедиция ұйымдастыруына түрткі болды. Бірақ ХХ ғасырға дейін атақты шыңды бағындыруды ешкім қаперіне алған жоқ. 1. Мәтін қанша бөлімнен тұрады? A) І B) ІІ C) ІІІ D) ІV 2. Мәтіннің кіріспе бөлімінде не туралы айтылады? A) Үш мемлекеттің шекарасында тұрған солтүстік жер шарындағы ең биік нүкте туралы B) Еліміздің әлемге әйгілі сұлу жерлері туралы C) Еліміздің саяхат саласының өркендеуі туралы D) Тарихи маңызды орындардың өркендеуі туралы 3. Мәтіннің негізгі ойы қандай? A) Тауды кешке күн батарда қызарып кететін өңіне қарап "Қантау", "қантоо" деп атаған. B) Хан тәңірі шыңымен байланысты тарих C) Қазақ елінде демалатын әсем жерлер баршылық. D) Хан тәңіріне байланысты көрген-білгенін алғашқы болып хатқа түсірген ғалым. Жауаптары: 1D 2А 3В Дескриптор - мәтіннің құрылымдық ерекшелігін анықтайды; - сұрақтарға жауап береді; - мәтіннің негізгі ойын анықтайды. ҚБ. «Смайлик» арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды Тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар. 3-тапсырма. «Сүзгіден өткізу» әдісі арқылы мәтіннен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеп алыңыз. 4-тапсырма. Мәтін бойынша іріктелген негізгі ойды білдіретін сөйлемдерден жинақы мәтін жазыңыз. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Саралау тапсырмасы: Оқушылардың мүмкіндіктерін ескеріп, өзіндік жұмыс істеу деңгейіне қарай жинақы мәтін жазуда тірек сөздер беріледі. Сол сөздер бойынша сөйлемдер құрастырады. 5-тапсырма Топта кеңесіп, үздік деп таныған екі жинақы мәтінді таңдаңыз. Оқушылар "Автор орындығы" әдісі арқылы оқиды. ҚБ «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалау | [pic 4] Интернет көзі [pic 5] Мұғалім презентация-сы [pic 6] | ||||
Сабақтың соңы 5 мин | Оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне кері ораламын.
Рефлексия «Бөлмедегі заттар» Сабаққа рефлексия жасау үшін әр оқушы бөлмедегі бір жансыз заттың атын жазады. Қағаздар жиналып, әр оқушы бір қағаздан суырып алады да, сол заттың атынан бүгінгі сабақ, өзінің оған қатысы туралы сөйлейді. Мысалы: «Мен столмын. Бүгін маған тыныштық болмады. Алдымен, топқа бөліну үшін құлағымнан ұстап алып жан-жаққа сүйреледі. Содан соң үстіме қағаздар жайып тастап, постер сызды. Мен бүгін «Сын есімнің түрленуі, оның шырай формасына енуі екенін. Шырайдың екі түрі болатынын айтып бере аламын.» т.с.с. жалғасып кете береді. | Мұғалім презентация-сы |
Қосымша мәлімет | ||
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
Тақырыпқа сай жағдаятқа негіздеп әңгімелейді, өз пікірін айтады. Мен сыныбымдағы оқушылардың қызығушылығына және деңгейіне қарай мен тапсырмаларды жоспарладым. | ||
Сабақ бойынша рефлексия
| ||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты): 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
[pic 7]
...