Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сіз театрға қаншалықты жиі барасыз?

Автор:   •  Февраль 10, 2024  •  Реферат  •  360 Слов (2 Страниц)  •  49 Просмотры

Страница 1 из 2

                 

                   Сіз театрға қаншалықты жиі барасыз?

Біз бүгін еліміздегі театрлар мен театр көрермендері жайлы сөз қозғамақпыз.Елімізде театр осыдан бір ғасыр бұрын алғаш Қызылорда қаласы астанамыз болып тұрған тұста, автномиялы ел болған шағымызда  ашылды.Қазақ театры ұлттық пьесаларды ғана қоюмен шектелмей, әлем қойылымдарын да сахналауда. Еліміздің театр өнерінің қалыптасуында ерекше М.Әуезов атындағы  мемлекеттік академиялық драма театры жұмыс атқаруда. Одан бөлек елімізді 65 кәсіби оның ішінде 53  мемлекеттік театры жұмыс істеп тұр. Біз сізбен қазір бірнешеуіне тоқталып сөз қозғасақ?

М.Әуезов атындағы  Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры. 1929-жылы театр тобы астанамыз Алматы қаласына ауысқан кезде Қызылорда қаласынан көшіріліп әкелген болатын. 1934-жылы М.Әуезов есімі беріліп содан бері үздіксіз өз көрермендері үшін жұмыс жасап келеді. Әуезов театрына тек Алматы қаласы тұрғындары емес, еліміздің өзге аймақтарынан қойылым тамашалауға келетін халық саны да аз емес.Тіптен билетті алдын-ала бірнеше күн бұрын алып қоймасаңыз, орын таппай  қалуыңыз мүмкін.

Келесі кезекті жастардың қазіргі таңда сүйіктісіне айналған  тағы да бір Алматы қаласында орналасқан « Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры»жайында сөз қозғасақ. Мүсірепов театры әлеуметтік желіде қойылымдарының үзіндісімен жастар арасында танымал болған еліміздің үздік театры. Көрерменнің қызығушылығын әп-сәтте «Махаббат қызық мол жылдар» спектаклімен оятқан бұл театр ең алғаш  балалар мен жасөспірімдерге арналып, 1946-жылдың 4-шілдесінде ашылды.  Содан бері қалың көпшіліктің сұранысына ие.  Көрерменге бүгінде Ербол мен Меңтай  қойлымы арқылы танымал. Тіптен  театрдың жасаған гастрольдік сапары барысында билет таппай, алып-сатарлардан іздеп  алып жүрген халықты көрсеңіз ғой. Театрға деген махаббаттың, қызығушылықтың ерекше екеніне көзіңіз жетеді.

...

Скачать:   txt (4.9 Kb)   pdf (57.6 Kb)   docx (8.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club