Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Технология дамығаннан бастап адамның өмірі қаншалықты өзгерді?

Автор:   •  Май 3, 2019  •  Доклад  •  1,128 Слов (5 Страниц)  •  722 Просмотры

Страница 1 из 5

Технология дамығаннан бастап адамның өмірі қаншалықты өзгерді?

Кіріспе:

      Қазіргі таңда барлық салаларды дамыта отыра, өзініңде дамуы жылдап емес, айлап жаңарып отыратын-ол әрине жаңа технологиялар.Бүгінгі күнде технологиялар адам өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бірнеше жылдар бұрын адамдардың ақпарат көзі кітап еді. Ал қазір бізде әр түрлі ақпаратқа қол жеткізудің кең мүмкіндіктері бар. Бұл зерттеу жұмысы барысында технологиялар дамығаннан бастап күнделікті өмірімізге, білімге, медицинаға қандай өзгерістер алып келгендігін зерттейтін боламын.

Әдебиеттерге шолу:

      Ең заманауи сөздердің бірі ол - смарт[1]. Ол сөздің мағынасы ақылды дегенді білдіретіні бәрімізге мәлім. Қазіргі таңда бізді қоршайтын заттар мен құрылғылар қарқынды түрде дамуда,  яғни ақылды болу жолында. Олар біздің өмірімізді күннен-күнге қызықты, жеңіл әрі қауіпсіз етуде. Қазір технологиямен қолданбайтын адам жоқ. Кішкентай балабақшаға баратын сәбиден бастап, үлкен ата-әжелерімізге дейін өз қажеттіліге бойынша қолданады.

      Бір сөзбен айтқанда инновациялық технологиялар әлемді жаулауда. Эверетт Роджерс  иновацияны былай түсіндіреді: «Инновация-нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея»[2].Инновациялық технологиялардың қарқынды даму нәтижесінде өткен  ғасырдың соңғы жылдарында қарқынды түрде «digital-ұрпақ» өсті деп айтылды[1]. Олар үшін смарт құрылғылар мен гаджеттер: смартфондар, айпад, планшет және ультрабуктар, өмірлерінің ажырамас бөлігі болып табылады. Smart-технологияларының қарқынды дамуы соншалық, күні кеше адамдар сапалы өмір дегенде бірден "ақылды үй" деп елестететін еді. Мұндағы "ақылды үй" қызметі, адамның араласуынсыз  үй тұрғындарына көрсетілетін қызмет автоматты түрде орындалуы. Яғни автоматты түрде есіктің ашылуы, жарықты дауыс командасы арқылы сөндіріп өшіруі, біздің күнделікті қолданатын кір машина тағы сондай сияқты қызмет түрлерін көрсету.

      Бүгінде ең маңызды трендтердің бірі ол смарт қалаларды тұрғызу болып келеді[1]. Бұл қалалардың адамдарға пайдасы, ол әулеметтік және коммуналдық мәселелерді шешу болып табылады. Мысалы: кептелістерде, кезектерде тұру, энергияға тәуелділік және бақылаусыз қалған қалалық құрылымдардан адамдарды сақтау. Қарапайым мысал алайық, кезекте тұру. Осыдан 3-4 жыл бұрын адамдар банктен ақша алу немесе коммуналдық қызметтерді төлеу үшін үлкен кезекте тұрушы еді. Ал бүгінгі күнде технологияның, ғаламтордың кеңеюінің нәтижесінде интернет-банкинг пайда болды. Адамдар ендігіден белгілі бір тауарды алу үшін немесе коммуналдық қызметтерді төлеу үшін, үйінен шықпай  бір-екі тетік басу арқылы бұл қызмет түрлерін бірнеше минут ішінде орындай алады.

      Денсаулық сақтау бөліміде шетте қалмады. Технологиялардың дамуы, халыққа медициналық  көмектің жаңа әдістерін дамытуға оң әсерін тигізді. Мысалы: адамның өмірін сақтап қала алатын күрделі құрылғылар, қысымды өлшейтін микроапараттар, науқастарды күтуге арналған роботтар. Қазіргі кезде роботтардың көп бөлігі: микрохирургия, кардио, ортопедия да және реабилитацияда кеңінен қолданылады. Микророботтар тіпті қатерлі ісік ауруында емдей алады[3]. Роботтар ота жасау барысында маманның орнын баса алмасада, оған көмекші рөлін атқара алады. Атақты хирург Владимир Петрович Демихов 1949 жылы алғашқы болып жансызданған күшіктің басын ересек иттің өлі денесіне трансплантация жасаған болатын[4]. Технологияның дамуымен қазіргі таңда мамандар жүрек трансплантациясын ғана жүргізіп қана қоймай тіпті әлемді дүрсілкіндірер жаңалық, ол  бір тірі адамның басын екінші өлі адамның денесіне трансплантациясын жасау. Әлемдегі алғашқы бас трансплантациясы Қытайда өтпек. Бұл ақпаратты отаны жүргізетін итальян нейрохирургі Серджио Канавера растаған болатын[5].

      Білім саласына келетін болсақ. Мектеп оқушыларына электронды күнделік енгізіле басталды. Бұл электронды күнделік арқылы ата-аналар өз балаларының үлгерімін бақылап, біліп отырады. Көптеген білім беру орталықтарында және ЖОО-да мұғалімдер дәрісті электронды түрде жіберуды жөн көреді. Осының әсерінен дәріске қатысу қажетілігі азаяды. Студенттер курстық немесе дипломдық  жұмысты  тапсыру барысында, өзінің және мұғалімнің уақытын үнемдеп ол жұмысты мұғалімнің электронды поштасына жібере алады. Негізінде біз осындай оқу жүйесіне көшетін болсақ, сырттай және күндізгі оқу түрлері арасында айырмашылық болмайды деп ойлаймын. Сырттай оқу жүйесінеде технологияның пайдасы өте көп, себебі мүмкүндіктері шектеулі адамдар үйінен шықпай ақ білім ала алады. Сонымен сырттай оқу жүйесі, ішкі оқу жүйесінен  қарағанда әлде қайда арзан болады.

...

Скачать:   txt (15.7 Kb)   pdf (249.4 Kb)   docx (123.1 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club