Мұғалім мектептегі басты тұлға
Автор: Kazina_1981 • Март 16, 2023 • Реферат • 1,648 Слов (7 Страниц) • 204 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: Мұғалім мектептегі басты тұлға
Орындаған:Нұртазина.Қазина
Қабылдаған: Жусанбаева Сәуле
Жоспары
Кіріспе: Мұғалім мамандығының маңыздылығы
Негізгі бөлім: Мұғалімнің мектептегі рөлі
I. Мұғалім тұлғасы
II. Мұғалім имиджі
Қорытынды.
Мұғалім мектептегі басты тұлға. Алдымен бұл мәнжазбада тұлға сөзіне тереңінен мән беріп қаралық. Тұлға болып тумайды, тұлғаны қашап жасайды, оны жылдар бойы қалыптастырады. Қоғамды біртұтас құрылыс деп алсақ ата-ана кіңрпіштің санына ал мұғалім сол құрылысқа,сапасына жауапты.
Мұғалім тұлғасында –өзім болуы керек деп санайтын басты қасиет-табандылық.өйткені білімді адамның бәрі мұғалім бола алмайды осы тұста Алма Қыраубайқызының мұғалім ғалым болуы мүмкін, бірақ ғалым мұғалім бола алмайды леген сөзі еріксіз еске түседі.Себебі ұстаздық артықша сабырды талап етеді. Алайда сол сабырлықтың ақысы- ертеңгі жақсы келешек бола алады. Әр үйдің бір-бір еркелеріне біліммен қатар тәрбиені бере алу да ұзақ шыдам мен табандылықты талап етеді. Оның бойындағы осынау қасиеті өзгелерге үлгі болады. Мұғалім ұғымының өзі өзгеге үлгі болуға үйретеді. Мұғалім тек білім беріп қана қоймай, алдында отырған әр шәкірттің психологиясын зерттеу керек.Олардың темпераментін, мінез-құлқын дер кезінде аңғарып біліп олармен жұмыс жасауды әлдеқайда жеңілдетеді. Топтан бөлек, әр шәкіртпен жеке-жеке жұмыс жасау басты талап. Өйткені әркімнің әлеуеті әрқалай. Социумға кірген кезде балада қорғаныш реакциясын танытуы заңдылық, ал сол баланы ортаға бейімдейтін, жөнге салатын педагог.
Педагог сөзінің өзі тәрбие мен ұстаз ұғымына етене жақын. Бірақ мұғалімнің өзі білікті әрі сауатты педагог болғаны дұрыс. Шәкіртке түрлі әдістер арқылы тәрбие беру, білім суымен сусындату ең маңызды дүние. Мектепте баланың көп уақыты өтетіндіктен балаға ең бірінші ықпал бере алатын мұғалім. Санасына білім нұрын ұялатып. Өз ықтиярына салып жас шыбықты жөнге салар да мұғалім.
Қазіргі кезде 45 минут сабақ беріп бір адамның монолог оқып кетуі бала тәрбиесіне берері шамалы, мұғалім оның үстіне өз ортасында көшбасшы болуы керек. Мұғалім өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса қоғамды соңынан ертуге қауқарлы, ісіне берік әрі тиянақты болғаны жөн. Көштің басын бастау әрине қиын, дегенмен бұл жаңа дамыған дәуірдің талабы.
Классикалық кітаптың, қалам мен қағаздың дәурені өтіп бара жатқаны шындық. Гаджеттер көш бастап тұрған тұста баланың көңілін бұрып әкетер зат көп. Дегенмен кітаптың құндылығын айта отырып, оған шәкіртті қызықтыру үшін бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты заманауи инфрақұрылымдарды, техниканы меңгеру керек, баланың қызғушылын ескере отырып соған сай харекет қылу. Соның ішінде компьютердегі қосымшаларды игеру арқылы жаңа заманға бейім жастардың көңілін бұра да, сабақты қызықты өткізе де алады.Гэймификация арқылы баланың білімге деген қызығушылығын арттыруға болады. Ол үшін әрине мұғалім креативті ойлана алуы тиіс, ойы ұшқыр болуы керек.Әрине ол үшін құр сөзбен қуырдақ қуырдақ қуырмай әр салада ең болмағанда базалық білімі болуы керек. Мұғалімніің танымы қаншалықты кең болса, білім беруде соншалықты қызықты әрі пайдалы болмақ. Қай елдің болмасын мұғалім дәрежесін көтеріп жүрген жан рухани құндылыққа бай болу керек. Ол сол елдің ұлттық болмысы мен табиғатын бала бойына терең сіңіруге, отансүйгіштікке тәрбиелеуге таптырмас құрал. Ұстаздың жан дүниесі рухани тәлімге толы болса, шәкірттің де одан алар ілімі нәтижелі болады. ХХІ ғасырдың кез келген адам баласына қояр талабы осы. Дегенмен әрбір адамға қалам ұстатып, әріп үйретуші мұғалімнің әмбебап болуы әлдеқайда маңыздырақ. Мұғалімнің әмбебаптығы жан-жақты білімді, білікті, тартысқа түссе тарпаңдап шығып, додаға түссе бәйгені бермес. Мысалы өз субьективті ойым, әр педагог пікірсайысқа қатысып пікірсайысшы болуы тиіс. Ондай мұғалімнің таным көкжиегі кең, қай мәселегеде екі жақты пікірді саралап, сараптап, өз көзқарасын жеткізе алатын болады. Тек оқи бермей, бермекші болған біліміне сыни көзбен қарай білсе, өз сүзгісінен де өткізіп баланы білім нәрімен сусындандырады.
...