Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Баланы мектептегі оқуға дайындаудың психологиялық бағыттары

Автор:   •  Июнь 3, 2018  •  Курсовая работа  •  22,807 Слов (92 Страниц)  •  974 Просмотры

Страница 1 из 92

Кіріспе

        

Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікте бағдарлау ерекшеліктері мәселесі әлі толық зерттеле қоймаған болып табылады. Сондықтан да оның сипатын, жеткіліксіздігін анықтау, оларды түзету және қалыптастыру әдістемелері мен тәсілдерін құрастыру маңызды проблема болып табылады. Бұл мәселенің шешілуі балаларды мектептегі оқуға дайындау, әсіресе сауатын ашу үшін аса қажетті. Себебі балалар кеңістікте жақсы бағдарлаумен қатар, негізгі кеңістік туралы түсініктерін меңгеріп, нысандар арасындағы байланысты орната білулері керек. Осы біздің диплом жұмысының және зерттеу жұмысымыздың тақырыбының өзектілігін белгіледі.

Мақсаты: сөйлеу тілінде бұзылыстары бар мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікте бағдарлау ерекшеліктерін зерттеу.

Пәні: сөйлеу тілінде бұзылыстары бар мектепке дейінгі жастағы балалардың кеңістік туралы түсініктерінің қалыптасу ерекшеліктері.

Нысаны: сөйлеу тілінде бұзылыстары бар мектепке дейінгі жастағы балалар.

Гипотезасы –зерттеу нәтижесінде алынған әдістемелер және дамыту жолдары сөйлеу тілінде бұзылыстары бар мектеп жасына дейінгі балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі ұйымдарда логопедиялық жұмысты ұйымдастыру барысында сөйлеу тілінің кемшіліктерін жою, баланың мектептегі оқуға дайындығына тиімді әсерін тигізеді.

Зерттеу мәселесі: сөйлеу тілінде бұзылыстары бар мектепке дейінгі жастағы балалардың кеңістікте бағдарлауының ерекшеліктерін анықтап, дамытуға арналған кейбір тәсілдерді дайындау.

Зерттеу болжамы: егер, зерттеу жұмысында сөйлеу тілінде бұзылыстары бар мектепке дейінгі жастағы балалардың кеңістікте бағдарлауының ерекшеліктері анықталатын болса және дамытудың кейбір тәсілдері көрсетілсе, мектепке дайындығы артар еді және мұғалім-логопедтердің осы балалармен логопедиялық жұмысты бағытты ұйымдастыруы өте нәтижелі болар еді.

Міндеттері:        

  1. Мәселе бойынша арнайы, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау;
  2. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар мектепке дейінгі жастағы балалардың кеңістікте бағдарлау деңгейін анықтауға арналған әдістемелерді іріктеп, бейімдеу;
  3. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар мектепке дейінгі жастағы балалардың кеңістікте бағдарлау ерекшеліктерінің сипатын анықтау және дамытудың кейбір жолдарын ұсыну.

Міндеттердің шешіміне қол жеткізу үшін зерттеудің төмендегідей әдістері қолданылады:

  • сөйлеу  тілінде бұзылыстары бар мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікте бағдарлауы, мектепке дайындығы жөніндегі психологиялық-педагогикалық, арнайы әдебиеттерді, ғылыми зерттеулерді жүйелі және салыстырмалы түрде талдау;
  • педагогикалық тәжірибені зерттеу және талдау;
  • тексеру эксперименті;
  • балабақша мұғалім-логопедтерімен, тәрбиешілермен әңгімелесу.

Ғылыми жаңалығы: сөйлеу тілінде бұзылыстары бар мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікте бағдарлауы жөніндегі ақпараттың толықтырылуында.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері

 Қазақстан Республикасының 2011-2020ж, білім беруді дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы, жалпы және арнайы психологияның, педагогиканың, лингвистиканың концепциялары болып табылады: жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарының түрлері (А.Н.Корнев, И.Н.Садовникова, Р.Е.Левина, С.Б.Яковлева), тілмен ойлаудың бірлігі туралы, ойлау әрекеттерінің кезеңділік бойынша қалыптасу теориясы (П.Я. Гальперин), танымдық әрекеттің дамуындағы сөйлеудің маңызы (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, В.И. Лубовский.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы: сөйлеу  тілінде бұзылыстары бар мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікте бағдарлауы жөніндегі мағлұматтармен негізделеді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы – сөйлеу тілінде бұзылыстары бар мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікте бағдарлауының ерекшеліктерін анықтау және түзету жұмысының кейбір тәсілдері белгіленеді.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы:

  1. Зерттеу нәтижесінде алынған сөйлеу тілінде ақаулығы бар мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікте бағдарлауының ерекшеліктері жөніндегі мағлұматтар мен ақпараттар, іріктеліп бейімделген және  қолданылған әдістемелерді логопедтер арнайы балабақшаларда түзете оқыту үдерісінде қолдануларына болады. Сондықтан түзете-дамыта оқыту үдерісінің қорытындысы нәтижелі болады.

Зерттеу кезеңдері:

1-ші кезең – сөйлеу тілінде бұзылыстары бар мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікте бағдарлауы жөніндегі психологиялық-педагогикалық, арнайы әдебиеттерді, ғылыми зерттеулерді жүйелі және салыстырмалы түрде талдау барысында зерттеу мақсатын, мәселесін анықтап, гипотезасын және зерттеу міндетін нақтылау.

...

Скачать:   txt (270.4 Kb)   pdf (861.7 Kb)   docx (737.3 Kb)  
Продолжить читать еще 91 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club